Қаржылық қызметтермен қамту — қарапайым идея: адамдар мен компаниялар қауіпсіз, жайлы және сенімді төлемге және басқа қаржылық қызметтерге қол жеткізіп, оларды күнделікті қажеттіліктері мен ұзақ мерзімді мақсаттарына сәйкес пайдалана алады.
Қарапайым, бірақ оңай емес. Қазіргі таңда ересек әлемнің шамамен жартысы бейресми экономикада өмір сүріп, әсіресе қолма-қол ақшамен әрекет етеді. Осы шамамен екі миллиард адамның бірі болу дегеніміз өмірімізді қауіпті, қымбат және тиімсіз ететін қаржылық кедергілерге тап болуды білдіреді. Қаржылық қызметтермен қамту адамдарды дұрыс жолға қойып, еңбегі өнімді қауқарлы азаматтарға айналдырады, бизнес мүмкіндіктерін дамытуға септігін тигізеді және экономикалық өсімге алып келеді.
Сандық төлемдер — қаржылық қызметтермен қамтуға апаратын «тура жол» — көбінесе адамның бірінші пайдаланатын ресми қаржылық өнімі болып табылады. Visa соңғы 60 жылын жылдам, қауіпсіз және сенімді қаржылық транзакцияларға жол беретін жаһандық жүйеге жүздеген миллион адам мен ұйымды қосуға жұмсады. Visa-ның өз тәжірибесі, зеректігі мен техникалық мүмкіндіктері арқасында қаржылық қызметтермен қамтуды жетілдіруге жақсы мүмкіндіктері бар.
Visa 2015 жылы Дүниежүзілік банктің Әмбебап қаржылық қатынас 2020 бағдарламасына үндеуінің аясында басқа 500 миллион банк шоты жоқ адамға төлемдер тіркелгілерін беретіндігін ресми мәлімдеді. Осы керемет мақсатқа жетуге асықпыз және оған жететінімізді білеміз!