Visa мен Wooppay Қазақстанда алғашқы Visa Payment Passkey қызметін іске қосып, Орталық Азиядағы цифрлық төлемдер дамуының жаңа кезеңіне жол ашты

Алматы, 1 шілде 2026 ж – Цифрлық төлемдер саласындағы әлемдік көшбасшы Visa (NYSE: V) және Қазақстанның жетекші финтех-компанияларының бірі Wooppay Қазақстан мен Орталық Азияда Visa Payment Passkey (VPP) қызметінің іске қосылғанын жариялады. Осылайша, өңірдегі цифрлық коммерция үшін жаңа буындағы биометриялық аутентификация қолжетімді болды.

Шешім Token Management Service (TMS) платформасы негізінде сәтті интеграцияланды. Бұл токенделген төлем деректерін қауіпсіз, ауқымды әрі үздіксіз басқаруды қамтамасыз етіп, озық аутентификация мүмкіндіктерімен үйлесімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Бұл — әлемдегі цифрлық төлемдер ең қарқынды дамып келе жатқан нарықтардың бірі саналатын Орталық Азияда тұтынушылар мен сауда кәсіпорындары үшін қауіпсіз, үздіксіз және инновациялық төлем шешімдерін дамытудағы маңызды қадам.

Қазақстандағы тұтынушылар үшін төлем жасаудың қарапайым, жылдам әрі қауіпсіз тәсілі

Visa Payment Passkey тұтынушыларға төлемді саусақ ізі, бет-әлпетті тану немесе құрылғыдағы басқа да аутентификация әдістері арқылы растауға мүмкіндік береді. Бұл парольдер мен бір реттік кодтарды енгізу қажеттілігін жойып, онлайн төлемдерді жылдам, ыңғайлы әрі қауіпсіз жасауға мүмкіндік береді.

Бұл инновациялық шешім FIDO (Fast Identity Online) халықаралық салалық стандартына негізделген және электрондық коммерциядағы пайдаланушының жеке басын растау мен транзакцияларды мақұлдау үшін құрылғылардың биометриялық мүмкіндіктерін пайдаланады.

Тіркелгеннен кейін тұтынушыларға келесі мүмкіндіктер қолжетімді болады:

  • қосымша әрекеттерсіз тапсырысты жылдам рәсімдеу;
  • фишингке төзімді сенімді аутентификация;
  • барлық сатушыларда біріздендірілген аутентификация процесі.

Visa Payment Passkey қауіпсіздік пен ыңғайлылықты қатар қамтамасыз етеді: алаяқтық тәуекелін азайтуға көмектеседі, сонымен бірге мақұлданған транзакциялар үлесін және тапсырысты рәсімдеу кезеңіндегі конверсия деңгейін арттырады.

Wooppay Орталық Азиядағы төлем инновацияларын дамытуда

Қазақстанның жетекші финтех-компанияларының бірі ретінде Wooppay өңір бойынша банк карталарымен төлемдерді, электрондық әмияндарды және трансшекаралық ақша аударымдарын қолдай отырып, тұтынушылар мен бизнеске цифрлық төлемдердің заманауи шешімдерін ұсынады.

Бұл серіктестік Wooppay компаниясының Орталық Азиядағы инновациялардың негізгі қозғаушы күштерінің бірі ретіндегі рөлін нығайтып, жергілікті серіктестер мен сауда кәсіпорындарына Visa-ның озық төлем шешімдерін пайдалануға мүмкіндік береді.

Орталық Азиядағы цифрлық төлемдердің дамуының жаңа кезеңі

Қазақстан Орталық Азиядағы цифрландыру деңгейі ең жоғары нарықтардың бірі ретінде танылған. Елде мобильді құрылғыларға негізделген қаржылық сервистер қарқынды дамып, онлайн төлемдердің көлемі тұрақты өсіп келеді.

Visa Payment Passkey қызметінің іске қосылуы Қазақстан нарығы үшін маңызды кезеңге тұспа-тұс келіп отыр:

  • цифрлық төлемдер қарқынды өсуді жалғастыруда;
  • тұтынушылардың үздіксіз әрі ыңғайлы пайдаланушы тәжірибесіне деген сұранысы артып келеді;
  • қауіпсіздік пен алаяқтықтың алдын алу негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді.

Биометриялық аутентификацияны ауқымды төлем инфрақұрылымымен біріктіре отырып, Visa мен Wooppay өңірде құпиясөзсіз қауіпсіз цифрлық коммерцияның дамуын жеделдетуді мақсат етеді.

Visa-ның Қазақстан және Орталық Азия бойынша вице-президенті әрі өңірлік менеджері Санжар Сүлейманов:

«Visa Payment Passkey тапсырысты рәсімдеу процесін жылдам әрі үздіксіз етіп, пайдаланушы тәжірибесін жақсартып қана қоймай, алаяқтық деңгейін төмендетуге де ықпал етеді. Біз бұл технологияны Wooppay компаниясымен серіктестікте Қазақстан нарығына ұсынуға қуаныштымыз және инновациялық төлем шешімдерін дамыту жолындағы ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз», – деді.

Константин Новиков, Wooppay компаниясының төлем инфрақұрылымы жөніндегі директоры:

«Wooppay компаниясында біз серіктестеріміз бен клиенттерімізге ең үздік мүмкіндіктерді ұсыну үшін озық төлем технологияларына тұрақты түрде инвестиция саламыз. Visa Payment Passkey қызметінің іске қосылуы қауіпсіздік пен қолайлылықтың жаңа деңгейін ұсынып, Қазақстанда және одан тысқары жерлерде цифрлық төлемдердің жаңа кезеңге көтерілуіне ықпал етеді», – деді.


Wooppay туралы ақпарат

Wooppay — бизнес пен тұтынушыларға цифрлық төлемдерге арналған шешімдерді ұсынатын қазақстандық финтех-компания. Компания төлемдерді процессингтеу, электрондық әмиян қызметтері және трансшекаралық ақша аударымдары бойынша қызмет көрсетеді. Wooppay өңірдегі мобильді коммерция мен цифрлық төлемдердің негізін қалаушылардың бірі болып табылады және бүгінде миллиондаған пайдаланушылар мен кәсіпорындарға қызмет көрсетеді

Visa туралы ақпарат

Visa (NYSE: V) – цифрлық төлемдер индустриясының әлемдік көшбасшысы. Visa тұтынушылар, бизнес, қаржылық және үкіметтік мекемелер арасындағы төлем транзакцияларын 200-ден астам елдерде және аумақтарда өңдейді. Біздің миссиямыз – инновациялық, ыңғайлы, сенімді әрі қауіпсіз төлем желісі арқылы әлемді біріктіру, сол арқылы тұтынушылардың және бизнес пен экономиканың өркендеуіне жәрдемдесу. Біз экономикада барлығына қолжетімділікті кеңейту бүкіл әлемдегі адамдардың әл-ауқатының өсуіне көмектесетініне, болашақта жаһандық ақша қозғалысы үшін негіз болатындығына сенімдіміз. Толық ақпарат https://www.visa.com.kz/kk_KZ сайтында.

 

БАҚ сауалдары үшін байланыс:

Елеусизова Алтынай
Visa компаниясының Орталық Азия
елдеріндегі баспасөз қызметі
PBN Central Asia
Тел.: +7 707 713 82 72
[email protected]
Данил Павленко
Visa компаниясының Орталық Азия және Әзербайжан бойынша корпоративтік коммуникациялар директоры
[email protected]