6 қаңтар 2019 г. - Visa, ғаламдық технологиялық төлем компаниясы, Telegram және Viber мессенджерлерінде Visa премиум карталарының (Visa Gold, Visa Platinum, Visa Signature, Visa Infinite) ұстаушыларына қолжетімді чат-ботты іске қосқаны туралы жариялады. Сондай-ақ жақында сервис Facebook Messenger-ге қосылатын болады.
Чат-боттың көмегімен қолайлы мессенджерде Visa карталары бойынша барлық қолжетімді артықшылықтарды жылдам білуге, саяхаттаған кезде акциялар, шегерімдер, артықшылықтар мен Visa серіктестерінен өзекті арнайы ұсыныстар жөнінде ақпаратты алуға болады.
Telegram немесе Viber чат-ботына тіркелу үшін төмендегі QR-кодты сканерден өткізіп, старт батырмасын басып, қарапайым қадамдық нұсқаулықтарды қолдану қажет. Тіркелу барысында Visa картаңыздың деңгейін таңдау қажет. Кейін барлық деректерді, қажет болса, жеке кабинетте өзгертуге болады.
«Инновациялық даму – Visa компаниясының жұмысындағы негізгі аспектілердің бірі. Осы процесте көшбасшы болып қалу үшін біз бірегей өнімдерді ұдайы енгізе отырып, қолда бар сервистерді жаңарта отырып, қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Бүгінгі таңда біз қазақстан нарығында әйгілі мессенджерлерде Visa премиум карталарының ұстаушыларына арналған ең заманауи чат-ботты ұсындық», - деп Орталық Азия елдеріндегі Visa компаниясының бас менеджері Алия Чыныбаева атап айтты. «Біз чат-ботты дамытуды жалғастырамыз және болашақта пайдаланушылар оған карталарын қосып, артықшылықтарды қолданудың қолжетімділігі мен мәртебесін қарап шығып, сондай-ақ Visa промо-науқандарына қатыса алатын болады».
Одан басқа, Visa қазақстандық банктермен бірге Visa Signature және Visa Infinite премиум карталарының ұстаушыларына арналған консьерж-сервисті жаңарту және іске асыру мақсатында жұмыс істейді, ол телефонмен немесе электрондық поштамен ғана емес, сонымен қатар чат-ботта да ұйымдастыру сұратымдары бойынша тәулік бойы қолжетімді болады. Жаңартылған консьерж-сервисте сапаны бақылау жүйесін енгізу арқылы қызмет көрсету деңгейі көтерілетін болады, сондай-ақ Қазақстан аумағында қиын әрі кездейсоқ жағдайларда жергілікті сараптама жақсартылатын болады. Өз карталарыңыз бойынша сервис қолжетімділігі жөнінде қосымша ақпаратты банкте білуге болады.