«Қауіпсіз төлем жаса» атты Visa зерттеуі: 10 қазақстандықтың 7-уі жақын адамдары желідегі алаяқтарға құрбан болуы мүмкін деп алаңдайды
- 10 қазақстандықтың 7-уі достары немесе жақындары өздерінің шоттарының деректерін растау туралы алаяқтық хабарламаға жауап беруі мүмкін деп алаңдайды, ал қазақстандықтардың 63% -ы желідегі алаяқтықты тани алатынына сенімді емес;
- Әрбір екінші қазақстандық «Тегін сыйлық, «Сізді таңдады», «Сіз —жеңімпазсыз» сияқты тіркестері бар хабарламалар пайдаланушыларды әрекетке көбірек итермелейтінін атап өтті;
- Қазақстандықтар деректердің жылыстауына байланысты құпиясөзді қайта орнату туралы өтінішке аса сақтықпен қарайды: респонденттердің 79%–ы үшін осындай мазмұндағы хабарламалар — ең күдікті үштіктің бірі.
Алматы, Қазақстан – 13 қыркүйек, 2023 – Wakefield Research өткізген Visa компаниясының Stay Secure 2023¹ соңғы зерттеуіне сәйкес, 10 қазақстандықтың 7-уі достары немесе жақындары өздерінің шоттарының деректерін растау туралы алаяқтық хабарламаға жауап беруі мүмкін деп алаңдайды, ал қазақстандықтардың 63% -ы желідегі алаяқтықты тани алатынына сенімді емес.
Әлеуметтік инженерияның алаяқтық жоспарлары туралы хабардар болу деңгейін келесі көрсеткіштер куәландырады: Қазақстандықтардың 85%-ы желіде қылмыскермен кездескенін көрсететін «дабыл қоңырауларын» танымауы ықтимал. Сондай–ақ, зерттеуге сәйкес, әрбір екінші қазақстандық кем дегенде бір рет алаяқтардың қармағына түсіп, олардың 23%-ы бірнеше рет алданған.
«Қазіргі цифрлық әлемде алаяқтық тәсілдері күрделене түсуде — қылмыскерлер адамдарды алдау үшін жаңа тәсілдерді қолданады. Кеденде ұсталған сәлемдеме, мерзімі өткен ағындық қызметтерге жазылу немесе сүйікті брендке сыйлық картасы болсын — алаяқтар құрбандарын алдау үшін өте сенімді тактиканы қолданады. Цифрлық төлемдер үлесінің қарқынды өсуін ескере отырып, тұтынушылардың алаяқтардың тілін түсінуі мен жоғары сақтықпен әрекет етуі бұрынғыдан да маңызды», − деп түсіндіреді Чарльз Лобо, Орталық және Шығыс Еуропадағы, Таяу Шығыстағы және Африкадағы Visa компаниясының тәуекелдерді басқару жөніндегі аймақтық директоры.
Visa-ның Stay Secure 2023 зерттеуі жыл сайынғы Stay Secure ақпараттық кампаниясының бөлігі болып табылады және тұтынушылардың желідегі ықтимал алаяқтық сценарийлері туралы хабардарлығын арттыруға, сатып алу кезінде қажетті білім мен қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын алуға, халықтың қаржылық сауаттылығының жалпы деңгейін арттыруға және тұтынушылардың электрондық коммерцияға деген сенімін арттыруға бағытталған.
«Сенімділік бағасы»: неліктен тұтынушылар қауіпті түсінсе де, алаяқтардың қармағына ілінеді?
Visa Stay Secure 2023 зерттеуінің негізгі қорытындылары:
- Тәжірибе немесе аңқаулық. Қазақстандықтардың алаяқтықты тану қабілетіне деген сенімінің төмен деңгейіне қарамастан, желідегі алаяқтардың айлаларына қатысты өздерін хабардар деп санайтын респонденттер жалған сілтемені басуы немесе алаяқтық ұсынысқа жауап беруі ықтимал. Мәселен, «хабары бар» қазақстандықтардың 51%-ы жақсы жаңалықтары бар хабарламаға жауап береді, ал 40%-ы шұғыл әрекеттерді орындау туралы өтінішке жауап береді, ал өз қырағылығына күмәнданатындардың арасында сәйкесінше 49% және 41%-ы солай жасайды.
- Адамдар басқалардың осалдығына алаңдайды. 10 қазақстандықтың 4-уі өздерінің достары немесе жақындары шоттарының деректерін растау туралы алаяқтық хабарламаға жауап беруі мүмкін деп алаңдайды. Респонденттердің жартысынан көбі (59%) достары немесе туыстары тегін сыйлық картасын немесе сайттағы тауарды ұсынатын алаяқтардың қулықтарына тап болады деп алаңдайды. Респонденттер желідегі алаяқтардың құрбаны зейнеткерлер (69%) және балалар немесе кәмелетке толмағандар (16%) болады деп алаңдайды.
- Адамдарда күдік тудыратын жайт. Қазақстандықтар құпиясөзді өзгерту туралы сұраныстарға күдікпен қарайды: респонденттердің 79%–ы үшін осындай мазмұндағы хабарламалар — ең күдікті үштіктің бірі. Жеткізу туралы хабарламалар (тек 30% күдіктердің негізгі үштігінде көрсетті), сатылымдар немесе жаңа өнімдер туралы хабарламасы бар электрондық хаттар (46%) немесе соңғы тәжірибе туралы пікір қалдыруға өтініш (20%) — мұның бәрін алаяқтар пайдалана алады.
- Бақылау сигналдарын елемеу. Респонденттердің тек 48%-ы хабарлама жіберілген ресми электрондық пошта мекен-жайын тексереді, ал 41%-ы хабарламадағы компанияның аты немесе логотипін тексереді. Респонденттердің жартысынан азы тапсырыс нөмірін (49%) немесе шот нөмірін (25%) іздейді. Бір қызығы, тек 36% хабарлама мәтінінің дұрыстығын тексереді.
Алаяқтар тілін түсіну
Алаяқтар хабарламаларды жасаудың әртүрлі тәсілдерін қолданып, оларды шынайы етіп көрсетеді, қолданушыларды дереу әрекет етуге итермелейді. Visa Stay Secure 2023 зерттеуі алаяқтардың тіліндегі кең таралған заңдылықтарды және Қазақстандағы респонденттердің қаншалықты осал екенін анықтады².
- Шұғылдық: киберқылмыскерлер әдетте адамдарды сілтемені басу немесе жіберушіге жауап беру сияқты әрекеттерге шақыру үшін шұғылдыққа баса назар аударады. Респонденттердің 42%-ы қауіпсіздікке қауіп төндіретін хабарламаларға сенеді, оның ішінде құпия сөзді ұрлау немесе деректердің жылыстауы, не болмаса мемлекеттік мекемеден немесе құқық қорғау органдарынан хабарлама болу мүмкін.
- Жағымды жаңалықтар: респонденттердің 50%-ы «Тегін сыйлық, «Сізді таңдады», «Сіз —жеңімпазсыз» сияқты жағымды жаңалықтары бар хабарламалар пайдаланушыларды әрекетке көбірек итермелейтінін атап өтті. Қазақстандықтардың 27%-ы сілтеме бойынша өтеді немесе егер ол қаржылық мүмкіндік ұсынса, хабарламаға жауап береді, бұл ретте Z буынының жастары мен миллениалдар (29%) осы қармаққа түсуі ықтимал, ал зейнеткерлер (13%) мұндай ұсыныстарға аса сенімсіз. Алайда, сауалнамаға қатысқан зейнеткерлердің жартысы мемлекеттік мекеменің жалған хабарламасына сенеді (50%), ал Z буынындағы жастар үшін бұл көрсеткіш 31% құрайды.
- Әрекет қажет: тұтынушылардың 41%-ы әрекетті қажет ететін сөз тіркестеріне жауап береді, дегенмен респонденттер құпиясөзді жаңарту туралы өтініштерге үлкен күдікпен қарайды.
«Дабыл қоңырауларына» назар аударыңыз: алаяқтарды қылмыспен қалай ұстауға болады?
Сілтемені баспас бұрын бірнеше минут жұмсау арқылы өзіңізді қорғай аласыз, мысалы алаяқтар қолданатын тілді талдаңыз.
Қарапайым, бірақ тиімді ұсыныстар:
- Банктік шотыңыздың деректерін ешкіммен бөліспеңіз. Құпиясөздер мен кодтарды ешқашан, ешкімге, тіпті банк қызметкері болып көрінетіндерге де бермеңіз. Сенімсіз сілтеме бойынша өтпеңіз, ол сізді хабарламада уәде етілген жерге апаратынына көз жеткізіңіз.
- Мәтіндік хабарламалар немесе электрондық пошта арқылы нақты уақыт режимінде сізге хабарлап отыратын сатып алулар туралы хабарламаларды үнемі тексеріп отырыңыз.
- Егер сіз хабарламаның дұрыстығына сенімді болмасаңыз, корпоративті веб-сайттарда немесе несиелік және/немесе дебеттік карталардың артында көрсетілген нөмірге қоңырау шалып тексеріңіз.
Зерттеу туралы толық ақпарат алу үшін Visa Stay Secure сайтына өтіңіз, және алаяқтардың тілі, кең таралған алаяқтық әрекеттердің құрбаны болмау үшін ақпарат алу мақсатында Facebook және Instagram парақшаларына жазылыңыз.
Желідегі алаяқтықтың өсуін болдырмау және зерттеу нәтижелерін көрсететін қиындықтарға қарсы тұру үшін Visa компаниясы ең көп таралған алаяқтық айла мен тәсілдер, желідегі алаяқтар тілі мен алаяқтардың қармағына түспеу жолдары туралы «Қауіпсіз төлем жаса» төлем қауіпсіздігі бойынша білім беру науқанын бастайды.
Visa компаниясының төлем және коммерциялық экожүйені қорғау жөніндегі міндеттемесі туралы
Цифрландыруы дамыған әлемде киберқылмыс жоғары деңгейде сақталуда. Өз кезегінде, Visa компаниясы киберқауіпсіздік саласында бір қадам алда болу үшін үнемі әрекет етуде. Соңғы бес жылда біз бүкіл әлем бойынша әртүрлі технологияларға, соның ішінде алаяқтықпен күресу және желілік қауіпсіздікті жақсарту үшін 10 миллиард доллардан астам инвестиция жұмсадық. Бұл жасанды интеллектті (ЖИ) дамытуға және деректер инфрақұрылымына 500 миллион доллар инвестициялауды қамтиды, осындай инвестициялар тұтынушыларымызды қорғау үшін ЖИ пайдаланатын түрлі мүмкіндікті пайдалануға мүмкіндік береді. Мыңнан астам арнайы мамандар Visa желісін 24/7/365 режимінде зиянды бағдарламалардан, компьютерлік және инсайдерлік қауіптерден қорғайды. Өткен жылда Visa компаниясы 27,1 миллиард долларлық алаяқтық істің алдын алды.
Visa компаниясы туралы ақпарат
Visa (NYSE: V) – цифрлық төлем индустриясының әлемдік көшбасшысы. Visa 200-ден астам елдер мен аумақтардағы тұтынушылар, бизнес, қаржы және мемлекеттік ұйымдар арасындағы төлем операцияларын өңдейді. Біздің миссиямыз – тұтынушылардың әл-ауқатына және бизнес пен экономиканың өркендеуіне ықпал ету үшін инновациялық, ыңғайлы, сенімді және қауіпсіз төлем желісі арқылы әлемді біріктіру. Біз экономикадағы барлық адамдар үшін қолжетімділікті кеңейту бүкіл әлемдегі адамдардың әл-ауқатының өсуіне көмектесетініне және болашақта жаһандық ақша қозғалысының негізі болатынына сенімдіміз. Толық ақпарат келесі сілтеме бойынша: visa.com.kz.
¹ Visa Stay secure әдістемесі — Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы корольдігі, Катар, Кувейт, Оман, Бахрейн, Египет, Пәкістан, Тунис, Марокко, Нигерия, Кения, Оңтүстік Африка, Кот-д'Ивуар, Украина, Қазақстан және Сербия қоса алғанда, 17 елдегі 5 800 ересек адамнан (18 жастан асқан) сұхбат алған онлайн зерттеу, Зерттеу 2023 жылдың наурыз-сәуір айларында жүргізілді.
² Visa Stay Secure зерттеуінің сауалнамасына 5 800 ересек адам (18 жастан асқан), оның ішінде Қазақстаннан 300 респондент қатысты.