Visa және Halyk Қазақстанда She’s Next бастамасының бесінші мерейтойлық толқынын бастады

  • Visa тарапынан қазақстандық кәсіпкер әйелдерге 30 млн теңге;
  • Бизнес-жобаларға арналған жаңа санат: «Инклюзивті бизнес»;
  • She’s Next платформасында қатысуға өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 8 қарашаға дейін жалғасады.

Алматы, 2026 жылғы 14 қыркүйек: Visa және Halyk әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға және дамытуға бағытталған жаһандық She’s Next бастамасының Қазақстандағы бесінші мерейтойлық толқынының басталғанын жариялайды.

2021 жылдан бері She’s Next бастамасына Қазақстан мен Орталық Азия елдерінен 40 000-нан астам әйел қатысты. Қазақстандағы алдыңғы төрт толқынның қорытындысы бойынша 14 жеңімпаз бизнесін бастауға және дамытуға жалпы сомасы 46,5 млн теңге болатын гранттарға ие болды. Мерейтойлық толқында Visa және Halyk бастаманы одан әрі дамытып, кәсібін енді бастап жатқан және қолданыстағы бизнесі бар кәсіпкер әйелдерге жаңа мүмкіндіктер ұсынады.

She’s Next бастамасының бесінші толқыны бірнеше форматты қамтиды: білім беру бағдарламасы және бизнес-жоспарларды конкурстық іріктеу, Қазақстанның бес қаласында паблик-токтар сериясы, сондай-ақ бастаманың алдыңғы толқындарына қатысушыларға арналған Шымкенттегі She’s Next Pop-Up Space.

Бастамаға қолданыстағы жұмыс істеп тұрған бизнесі бар кәсіпкерлер де, өз бизнесін енді бастауды жоспарлап жүрген әйелдер де қатыса алады. Ол үшін 8 қарашаға дейін She’s Next платформасында тіркелу қажет. Қатысушылар білім беру дәрістеріне қол жеткізіп, бизнес-жоспарларын сарапшылар комиссиясының бағалауына ұсына алады.

Паблик-токтар Ақтөбе, Павлодар, Өскемен, Қарағанды және Шымкент қалаларында өтеді. Жергілікті кәсіпкер әйелдер бизнесті бастау және дамыту тәжірибесімен бөлісіп, өңірлерде бизнес жүргізудің практикалық мәселелерін талқылайды. Visa өкілдері She’s Next-ке қатысу шарттары туралы, ал Halyk командасы кәсіпкер әйелдерге арналған өнімдер мен шешімдер туралы айтатын болады.

Бесінші толқынның тағы бір бөлігі Шымкентте өтетін She’s Next Pop-Up Space. Ол жерде бастаманың алдыңғы толқындарына қатысушылар өз тауарлары мен брендтерін таныстыра алатын болады. Бұл оларға өздерін танытуға, жаңа клиенттер табуға және іскерлік байланыстар орнатуға қосымша мүмкіндік береді.

«Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау – қоғам алдындағы жауапкершілігіміздің бір бөлігі және біз сенетін бағыттардың бірі. Visa компаниясымен бірге Қазақстанда She’s Next бастамасының бесінші, мерейтойлық толқынын іске қосып жатқанымызды мақтан тұтамыз. Осы жылдар ішінде бастама жай ғана байқау емес, ел экономикасын өзгертіп, өзгелерге шабыт беріп жүрген мықты әрі талантты әйелдердің қауымдастығына айналды. Бұл жобаның бір бөлігі болу біз үшін үлкен мәртебе. Әйелдерге алғашқы идеядан бастап, білім алуға және оны сәтті жүзеге асыруға дейінгі әр кезеңде қолдау көрсете алатынымызға қуаныштымыз!», – деді Ольга Вурос, Halyk басқарма төрағасының орынбасары.

«Halyk-пен бірге Қазақстанда She’s Next бастамасының бесінші, мерейтойлық толқынын бастап жатқанымызға қуаныштымыз. Алдыңғы төрт толқын барысында бастама мыңдаған кәсіпкер әйелді біріктіріп, оларға қаржылық қана емес, білім беру және сараптамалық қолдау алуға мүмкіндік беретін алаңға айналды. Биыл She’s Next мүмкіндіктерін кеңейтеміз: гранттық қорды 30 млн теңгеге дейін ұлғайтамыз, «Инклюзивті бизнес» атты жаңа санатты қосамыз және елдің бес қаласында іс-шаралар өткіземіз. Мұндай кешенді тәсіл кәсіпкер әйелдердің көбірек санына бизнес-идеяларын жүзеге асыруға, өз ісін дамытуға және Қазақстан экономикасына үлес қосуға көмектеседі деп сенеміз», – деп атап өтті Сергей Мартынчук, Visa компаниясының Украина, Молдова, Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Кавказ бойынша аға вице-президенті әрі өңірлік менеджері.

Қатысу шарттары мен бастаманың бесінші толқынының кезеңдері төменде толық сипатталған.

Бастаманың бесінші толқынына қатысу санаттары

  1. Қолданыстағы бизнес
  2. Инклюзивті бизнес
  3. Жаңа бизнес
  4. IT бизнес

Жоба кезеңдері

  • Тіркелу және паблик-токтар. 14 қыркүйектен 8 қарашаға дейін кәсіпкер әйелдер She’s Next платформасында тіркеліп, Қазақстанның бес қаласында өтетін паблик-токтарға қатыса алады.
  • Вебинарлар. 9 қарашадан 22 қарашаға дейін барлық тіркелген қатысушылар бастаманың білім беру бағдарламасына қол жеткізеді. Бағдарлама бизнес-жоспарларды дайындап, кейін оларды сарапшылар комиссиясының бағалауына ұсынуға көмектеседі.
  • Бизнес-жоспарларды ұсыну. 23 қарашадан 13 желтоқсанға дейін білім беру бағдарламасынан өткен қатысушылар бизнес-жоспарларын сарапшылар комиссиясының бағалауына ұсына алады. Ол үшін төрт санаттың бірін таңдау қажет: «Қолданыстағы бизнес», «Инклюзивті бизнес», «Жаңа бизнес» немесе «IT-бизнес».
  • Сарапшылар комиссиясы. 14 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін сарапшылар комиссиясы ұсынылған бизнес-жоспарларды бағалап, онлайн-питчингке қатысатын 40 жобаны іріктейді. Оның қорытындысы бойынша төрт санаттың әрқайсысынан үштен, барлығы 12 финалист анықталады.
  • She’s Next Grand Final. 22 қаңтарда 12 финалист өз жобаларын Алматыда өтетін She’s Next Grand Final шарасында қазылар алқасына таныстырады. Питчинг қорытындысы бойынша әр санаттан бір жеңімпаздан, төрт жеңімпаз анықталатын болады.

Бастама жаңалықтары мен әр кезең туралы хабарландырулар She’s Next платформасында, сондай-ақ бастаманың ресми Telegram-арнасында жарияланады.


Visa туралы ақпарат

Visa (NYSE: V) – цифрлық төлемдер индустриясының әлемдік көшбасшысы. Visa тұтынушылар, бизнес, қаржылық және үкіметтік мекемелер арасындағы төлем транзакцияларын 200-ден астам елдерде және аумақтарда өңдейді. Біздің миссиямыз – инновациялық, ыңғайлы, сенімді әрі қауіпсіз төлем желісі арқылы әлемді біріктіру, сол арқылы тұтынушылардың және бизнес пен экономиканың өркендеуіне жәрдемдесу. Біз экономикада барлығына қолжетімділікті кеңейту бүкіл әлемдегі адамдардың әл-ауқатының өсуіне көмектесетініне, болашақта жаһандық ақша қозғалысы үшін негіз болатындығына сенімдіміз. Толық ақпарат https://www.visa.com.kz/kk_KZ сайтында.

Halyk туралы ақпарат

Halyk – Қазақстандағы жиынтық активтері 20 трлн теңгеден асатын ең ірі банк. Қазақстан Республикасының нақты секторын несиелеудің 50%-дан астамы банктің үлесіне тиесілі. Halyk Bank цифрлық арналар мен бүкіл ел бойынша 540-тан астам бөлімшеден тұратын филиалдық желі арқылы қызмет көрсететін ең ірі клиенттік базалардың біріне ие. Сонымен қатар Halyk Bank Грузия мен Өзбекстанда да жұмыс істейді. Halyk Bank шетелдік қатысуы жоқ коммерциялық банктер арасында ең жоғары кредиттік рейтингтерге ие (инвестициялық деңгейде: Moody’s – Baa1 / Fitch – BBB- / S&P – BBB-). Halyk Bank әйелдер кәсіпкерлігін белсенді қолдайды: 2018 жылдан бері Қазақстанның түрлі өңірлерінен 600-ден астам әйел 6–8% мөлшерлемемен жалпы сомасы 7 млрд теңгеден асатын жеңілдетілген несие алды. Банк туралы толығырақ ақпаратты halykbank.kz. Halyk қайырымдылық қызметімен де кеңінен танымал. Соңғы 5 жылда банк пен Тимур Құлибаевтың «Halyk» қайырымдылық қоры бүкіл ел бойынша әлеуметтік жобаларға шамамен 62 млрд теңге бағыттады.

 

БАҚ сауалдары үшін байланыс:

Елеусизова Алтынай
Visa компаниясының Орталық Азия
елдеріндегі баспасөз қызметі
PBN Central Asia
Тел.: +7 707 713 82 72
[email protected]
Данил Павленко
Visa компаниясының Орталық Азия және Әзербайжан бойынша корпоративтік коммуникациялар директоры
[email protected]
Мира Халина
Halyk Bank
PR басқармасының басшысы
[email protected]