Қазпошта мен Visa Visa Tap to Phone смартфондарында жанасусыз төлемдерді қабылдауға шешім қабылдау негізінде аймақта бірінші коммерциялық жобаны іске қосты
Visa Tap to Phone технологиясы шағын және орта сауда-сервистік кәсіпорындарына арналған және оларға қосымша жабдықсыз смартфонның көмегімен жанасусыз төлемдерді қабылдауға мүмкіндік береді;
Қазпошта Қазақстандағы кез келген сауда-сервистік кәсіпорынға қолжетімді Visa Tap to Phone толық функционалдық шешімін ұсынған аймақтағы бірінші оператор болып табылады.
Алматы, 15 маусым, 2020 ж. - «Қазпошта» АҚ мен Visa ТМД және Оңтүстік Шығыс Еуропа аймақтарында Visa Tap to Phone [бірінші] коммерциялық жобасын іске қосу туралы жариялады.
Visa Tap to Phone технологиясы қосымша жабдықсыз жанасусыз төлемдерді қабылдау үшін смартфонды NFC -модулі бар Android базасында POS-терминалға айналдыруға мүмкіндік береді. Visa ТМД және Оңтүстік Шығыс Еуропа аймағындағы бірқатар ірі банктермен сынақ жобаларын іске қоса отырып, 2019 жылы технологияны алғаш рет таныстырды.
Visa Tap to Phone технологиясы негізіндегі алғашқы коммерциялық жоба «Қазпошта» АҚ-мен серіктестікте POS Mobile брендімен іске асырылды. Енді Қазақстанда шағын және орта бизнес кәсіпорындарының мыңдаған иелері POS Mobile-ды өз смартфондарына жүктеп, «Қазпошта» АҚ-да тіркелу процедурасынан өтіп, жанасусыз төлемдерді қабылдауды оңай бастай алады. Технологияны пайдалану сауда-сервистік кәсіпорындардың қолма-қол ақшаны өңдеуге жүктемесін төмендетеді, клиенттік базаны ұлғайтуға және эквайринг қызметтеріне қосылу құнын барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, тұтынушылар жақсы тәжірибе алады, өйткені қазір олар өздерінің сатып алған заттарына қауіпсіз, тез және ыңғайлы, тіпті бұрын бұл мүмкін болмаған жерлерде де жанасусыз карталар, смартфондар, сондай-ақ басқа да алып жүретін NFC-құрылғылар, мысалы – smart-сағат, сақиналар мен білезіктер арқылы төлем жасай алады.
Нәтижесінде Visa Tap to Phone базасында шешімдерді енгізуден жалпы бүкіл индустрия ұтады, өйткені бұл технология сауда-сервистік желіде электрондық төлемдерді қабылдау мүмкіндігін едәуір кеңейтуге және тұтынушылардың, сауда-сервистік кәсіпорындары мен банктердің мүддесі үшін олардың ауқымын жеделдетуге мүмкіндік береді.
Орталық Азия елдеріндегі Visa аймақтық менеджері, Алия Чыныбаева: «Біз Қазақстанда Visa Tap to Phone базасында шешімдерді енгізу үшін үлкен әлеует көріп отырмыз. Бір жағынан, елде жанасусыз төлемдердің ену деңгейі өсуде: транзакциялардың 72% астамы жанасусыз төлем құралдарын пайдалана отырып жасалады . Екінші жағынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау желісі әлі де дамуды талап етеді, әсіресе өңірлерде, ірі қалалардан тыс жерлерде. Бүгінгі таңда еліміздің әрбір 1000 тұрғынына төлемдерді қабылдау үшін небәрі 10 терминал келеді, бұл сандық рельстерге толыққанды көшу үшін жеткіліксіз. Visa Tap to Phone сауда-сервистік кәсіпорындардың жанасусыз төлемдерді қабылдау мүмкіндіктерін кеңейтуге, ал тұтынушыларға – тез және қауіпсіз төлем жасауға көмектеседі».
«Visa tap to Phone технологиясы базасындағы Қазпошта POS Mobile сервисі – ұялы эквайринг саласындағы жаңа сөз, ол NFC технологиясы бар әдеттегі смартфонды төлем жасайтын POS–терминалға айналдыруға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлердің барлық жанасусыз банк карталарын, NFC бар смарт-девайстарды төлемге қабылдай алатынын қоспағанда, сервис оларға қашықтағы режимде кез келген өз дүкендерінде жүргізілген операциялардың мониторингін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оларға қажеттінің бәрі – Visa Tap to Phone технологиясы бар смартфон», - деді «Қазпошта» АҚ-ның Басқарма төрағасы Сакен Сарсенов .
Оған қоса, POS Mobile-ды «Әлеуметтік карта» жобасында да оқушылардың тамақтануына ақы төлеу, Қазпошта серіктестері-сауда нүктелерінде қызметтерді төлеу үшін пайдалану жоспарланып отыр.
Visa туралы
Visa Inc. (NYSE: V) сандық төлемдер саласында әлемдік көшбасшы болып табылады. Біздің міндетіміз – әлемді аса инновациялық, сенімді әрі қауіпсіз төлем желісі арқылы біріктіру, бұл тұтынушыларға, бизнеске және экономикаға жалпы алғанда жоспарлы дамуға мүмкіндік береді. Біздің VisaNet ең жаңа ғаламдық технологиялық желіміз әлем бойынша сенімді әрі қауіпсіз төлемдерді қамтамасыз етеді және секундына 65 000 астам транзакцияны өңдей алады. Visa компаниясы инновацияларға аса басты назар аударады, бұл кез келген қосылған құрылғы төлемдерді жүзеге асыруға қабілетті шарттарда “connected commerce” жылдам өсуінің катализаторы болып табылады, осылайша барлығына және барлық жерде қолма-қол ақшасыз болашаққа өтуге бір қадам жақындатады. Аналогтық технологиядан сандыққа өтуге қарай Visa коммерцияны трансформациялау үшін өз брендін, өнімдерін, сарапшыларын, желісі мен масштабын қолданады. Қосымша ақпарат алу үшін келесі сайттарға кіріңіз usa.visa.com/about-visa, www.visa.com.kz, https://cis.visa.com/ru_TJ
Қазпошта туралы
«Қазпошта» АҚ – ҚР пошта байланысының ұлттық операторы Дүниежүзілік пошта Одағында Қазақстанның Пошта әкімшілігін ұсынады. Пошталық, қаржылық, брокерлік, агенттік, электрондық қызметтердің кең спектрін ұсынады. «Қазпошта» АҚ иелігінде елдегі барлық елді мекендерді қамтитын ең ауқымды филиалдық желі бар. Қазпошта бөлімшелерінің желісі электрондық сауданы, көліктік-логистикалық сервисті, бизнес пен халық үшін қаржылық қызметтерді жылжытудың тиімді құралы болып табылады. Толығырақ осы жерде: post.kz
Контакты для СМИ
Анна Сердюк Visa корпоративтік коммуникациялар жөніндегі директоры, ТМД және Оңтүстік Шығыс Еуропа Тел.: +38044 22 00 300 [email protected] |
Алия Темиргалиева Орталық Азия елдеріндегі Visa пресс-қызметі PBN Hill+Knowlton Strategies Тел.: +7 701 842 4222 [email protected] |
Сауле Мукашева Жарнама және PR департаменті «Қазпошта» АҚ Тел: +7701 772 6802 [email protected] |