•  

Visa, ҰТК және Қазақстанның жетекші банктері Цифрлық Теңгенің төлем карталарын іске қосты

  • Visa Ұлттық төлем корпорациясымен, Halyk Bank, ЦентрКредит банкімен және Altyn Bank-пен бірлесіп Орталық банктің цифрлық валютасына (CBDC) байланған Цифрлық Теңгенің бірінші төлем картасын іске қосуға қатысатынын жариялады.

  • Алматыда (Қазақстан) қаржыгерлердің XI Конгресінде ұсынылған цифрлық теңгеге байланған Visa картасы Цифрлық теңге мен Visa төлем есептік деректері арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз етеді және Visa картасын қабылдайтын кез келген сауда нүктелерінде қабылданады.

Алматы, Қазақстан, 15 қараша, 2023: Бүгін Visa жаңа цифрлық теңгені енгізуді және ыңғайлы пайдалануды қамтамасыз ету үшін Қазақстандағы Ұлттық Банктің цифрлық валютасына байланған Цифрлық Теңге төлем картасын іске қосуды қолдайтынын жариялады. CBDC-Visa карталары ҚР Ұлттық Банкінің жаңа цифрлық валютасы мен Visa төлем технологияларының үйлесімділігін қамтамасыз етуге арналған және әзірге Қазақстанның жетекші үш Банкі - Halyk Bank, ЦентрКредит банкі және Altyn Bank-та қолжетімді болады.

Visa негізіндегі Цифрлық Теңге жаңа төлем карталары Visa карталарын қабылдайтын кез келген төлем терминалдарында қабылданады. Цифрлық теңгені енгізудің бірінші кезеңінде CBDC-карталар ұлттық төлем корпорациясының қызметкерлеріне қолжетімді болады. Цифрлық теңгеге байланған Visa карталарын іске қосу туралы хабарландыру Алматыдағы Қазақстан қаржыгерлерінің XI Конгресінде жарияланды.

Цифрлық теңге әлеуметтік төлемдерді неғұрлым тиімді және жылдам бөлуге, мемлекеттік қаражаттың қозғалысын оңтайландыруға бағытталған.

Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Африка аймағындағы Visa компаниясының президенті Эндрю Торре: "Цифрлық теңгеге байланған бірінші картаны шығару ақша эволюциясындағы қызықты кезең және инновациялар мен цифрлық төлемдердің қолжетімділігін ілгерілетуде мемлекеттік және жеке секторлар серіктестігінің маңыздылығын көрсетеді", - деді. — "Visa төлемдердің жаңа нысандарын пайдалану кезінде пайдаланушының үздік тәжірибесін қамтамасыз ету үшін клиенттермен және серіктестермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді және біз алғашқы CBDC төлем картасын іске қосуға қатысқанымызға қуаныштымыз. Біз Ұлттық төлем корпорациясына, Halyk Bank, Центркредит Банкіне және Altyn Bank-қа ынтымақтастық үшін шексіз алғысымызды білдіреміз және цифрлық төлемдердің болашағын ілгерілету бойынша жұмысты жалғастыруға тырысамыз", - деп қосты Эндрю Торре.

"Цифрлық теңге – қолмақол ақша мен ақшасыз төлемдерге қосымша ұлттық валютаның үшінші формасы. Ол инновациялық қаржылай сервиске арналған блокчейн технологияларының потенциалын ашады, мемлекеттік шығындардың атаулы сипаты мен тиімділігін қамтамасыз етеді және дәстүрлі қаржы мен цифрлық активтердің әлемінің ортасына "көпір" салады. Бүгінгі бастау – цифрлық теңгенің экожүйесінің дамуына бірінші қадам және жуырда қазақстандықтар оның негізінде бірінші продуктты қолдана алады", – деді Қазақстанның Ұлттық төлем корпорациясының Басқарма Төрағасы Бинур Жаленов;

Visa қолма-қол ақшасыз экономиканы, елдегі цифрлық экожүйені қолдау және дамыту бойынша жұмысты көптеген серіктестермен бірлесе отырып жалғастырады, цифрлық валюталарға қолжетімділікті кеңейтеді, оларды қауіпсіз, адамдар үшін пайдалы және күнделікті төлемдер үшін тиімді етеді.


Visa туралы ақпарат

Visa (NYSE: V) – электрондық төлемдер индустриясының әлемдік көшбасшысы. Visa тұтынушылар, бизнес, қаржылық және үкіметтік мекемелер арасындағы төлем транзакцияларын 200-ден астам елдерде және аумақтарда өңдейді. Біздің миссиямыз – инновациялық, ыңғайлы, сенімді әрі қауіпсіз төлем желісі арқылы әлемді біріктіру, сол арқылы тұтынушылардың амандығына және бизнес пен экономиканың өркендеуіне жәрдемдесу. Біз экономикадағы барлығына қолжетімділікті кеңейту бүкіл әлемдегі адамдардың әл-ауқатының өркендеуіне көмектесіп, болашақта жаһандық ақша қозғалысы үшін негіз болатындығына сенімдіміз. Толық ақпарат https://www.visa.com.kz/kk_KZ сайтында.

БАҚ үшін байланыс деректері:
Павленко Данил
Visa корпоративтік коммуникациялар жөніндегі аға менеджері,
және Әзірбайжан
[email protected]
Утеева Дания
Орталық Азия елдеріндегі Visa баспасөз қызметі
PBN Hill+Knowlton Strategies
Тел.: +7 778 555 4124
[email protected]