Visa және Halyk Қазақстандағы She’s Next, Empowered by Visa бастамасының төртінші толқынының жеңімпаздарын анықтады

  • Қазақстанның әртүрлі қалаларынан келген 30 финалист She’s Next Camp екікүндік бизнес-интенсивіне қатысты
  • She’s Next төртінші толқынының 7 жеңімпазы өз бизнесін дамытуға жалпы сомасы 17 500 000 теңге грант алды
  • Жаңа санат – «IT-бизнес» жеңімпазы ақшалай грантқа және Visa-ның Дубайдағы инновациялық орталығына баруға жолдама алды

Алматы – 16 және 17 қазанда Алматыда She’s Next, Empowered by Visa төртінші толқынының финалдық іс-шарасы – She’s Next Camp өтті. Жаһандық бастама әйелдер көшбасшылығын дамытуға және өз идеялары мен бизнестерін кеңейтуге дайын әйелдерді қолдауға бағытталған. Қазақстанда She’s Next бастамасын Visa компаниясы Halyk-пен серіктестікте жүзеге асырады.

Бизнес-жоспарлары бастаманың сараптама комиссиясы тарапынан үздік деп танылған төртінші толқынның 30 финалисті Алматыға жиналып, жетекші қазақстандық сарапшылардың білім беру дәрістеріне, топтық сессияларға және менторлық кеңестерге толы екікүндік She’s Next Camp-ке қатысты.

She’s Next Camp-тің екінші күні финалисттер Visa, Halyk Bank, бизнес-қоғамдастық және креативті индустрия өкілдерінен құралған сарапшылар қазылар алқасының алдында өз идеялары мен даму стратегияларын таныстырды. Питчтердің қорытындысы бойынша үш санатта жеті үздік жоба анықталды:

Қолданыстағы бизнес

Бірінші орынды Мадина Өскенбаева иеленіп, 5 000 000 теңге көлемінде грант алды. Оның жобасы – «Miya» отбасылық фермасы, онда ешкі өсіріліп, экологиялық таза шикізаттан итальяндық технология бойынша крафттық ірімшіктер өндіріледі. Ферма агротуризм бағытын дамытып, органикалық егіншілік бойынша балаларға арналған бағдарламалар өткізеді. Соңғы үш айда оның «Miya» отбасылық фермасы» жобасына 1 000-нан астам қонақ келді.

Екінші орындаҰлжан Қошманова, ол 3 000 000 теңге грант алды. Оның жобасы – жаңа буындағы автономды жел-күн генераторы. Ол күн мен жел энергиясын біріктіріп, фермаларды, құрылыс алаңдарын, туризмді және шұғыл қызметтерді электрмен қамтамасыз етеді. Қазақстан үшін мобильді, экологиялық таза және климатқа бейімделген шешім.

Үшінші орынды Гүлназ Қадыр иеленіп, 2 000 000 теңге грант алды. Оның Qazoner Group жобасы ЮНЕСКО мұрасы – ОРТЕКЕ ұлттық ойынын жаңғыртуды ұсынады. Оның командасы инновациялық өнім жасайды: QR-код арқылы лақ-қуыршақты «жандандырып», домбырада ойнауды үйренуге болады.

Ісін жаңа бастаған бизнес

Бірінші орынды Кәмшат Жолдасбек иеленіп, 3 000 000 теңге грант алды. Ол Smart Biohumus – жасанды интеллектіні пайдалана отырып, органикалық тыңайтқыш өндіру бойынша инновациялық жобасын таныстырды. AI жүйесі мен IoT-сезбектер ылғалдылықты, температураны және pH деңгейін автоматты түрде бақылап, биогумустың тұрақты сапасын қамтамасыз етеді. Жоба органикалық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесін шешеді және Қазақстанның ауыл шаруашылығының өнімділігін арттырады.

Екінші орынды Диана Мурзағалиева иеленіп, 2 000 000 теңге грант алды. Ол сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған жасанды интеллект негізіндегі SpeakUp мобильді қосымшасын әзірледі. Ол баланың анық емес сөзін түсініктірек түрге айналдырып, дикцияны жақсартуға және сөзді түсінуге көмектеседі. Оқыту ойын және бала кезінде сөйлеу қабілеті кешеуілдеген автордың жеке тәжірибесіне негізделген практика арқылы өтеді.

Үшінші орындаАйым Мыңбай, ол 1 000 000 теңге грант алды. Оның SecureBala жобасы – бұл қазақстандық қыздар жасаған 4–17 жас аралығындағы балаларға арналған мобильді қосымша. Ол нақты және цифрлық әлемдегі қауіпсіздік ережелеріне: көшеде, ғаламторда, төтенше жағдайларда және құрылыс алаңдарының жанында үйретеді. Оқыту ойын түрінде және педагогтар мен психологтардың қатысуымен видео-подкасттар арқылы өтеді. Балалар белсенділігі үшін ішкі UNITs валютасын алып, оны сыйлықтарға айырбастайды, ал ата-аналар баланың үлгерімі мен геолокациясын көріп отырады.

IT-бизнес

Жеңімпаз Эльмира Бақтиярова Jetqor жобасымен атанды. Ол 1 500 000 теңге грантты және төлемдердің болашағын өзгертетін инновациялық шешімдер жасалатын Visa-ның Дубайдағы инновациялық орталығына саяхатты жеңіп алды. Оның Jetqor жобасы – фулфилментті автоматтандыруға және маркетплейстердегі тапсырыстарды басқаруға арналған IT-платформа. Оның командасы тапсырыстарды есепке алу және өңдеу, Kaspi, Wildberries, OZON және т.б. бірыңғай терезеде интеграциялау үшін WMS-жүйесін құрды. Сервис сатушылардың шығындарын азайтады және SaaS-моделі мен франшизалар арқылы масштабталады.

Easy Tap компаниясының арнайы жүлдесі – 1 000 000 теңге грантты Айсұлу Қалшабекова және оның IceCore.ai жобасы алды. Жоба клиенттерді қолдауға арналған AI-экожүйені білдіреді. Платформа әртүрлі арналардан келіп түскен өтініштерді біріктіреді, оларды талдайды және тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін (KPI) есептейді. Біздің «AI-army» компанияларға шығындарды азайтуға көмектесе отырып, күнделікті сұраныстардың 80%-на дейін автоматтандырады. Airi AI-жаттықтырушысы менеджерлердің клиенттермен қарым-қатынас тиімділігін арттырады және компанияның клиенттер кетуінің алдын алу арқылы қанша қаражат үнемдейтінін көрсетеді.


Visa туралы ақпарат

Visa (NYSE: V) – цифрлық төлемдер индустриясының әлемдік көшбасшысы. Visa тұтынушылар, бизнес, қаржылық және үкіметтік мекемелер арасындағы төлем транзакцияларын 200-ден астам елдерде және аумақтарда өңдейді. Біздің миссиямыз – инновациялық, ыңғайлы, сенімді әрі қауіпсіз төлем желісі арқылы әлемді біріктіру, сол арқылы тұтынушылардың және бизнес пен экономиканың өркендеуіне жәрдемдесу. Біз экономикада барлығына қолжетімділікті кеңейту бүкіл әлемдегі адамдардың әл-ауқатының өсуіне көмектесетініне, болашақта жаһандық ақша қозғалысы үшін негіз болатындығына сенімдіміз. Толық ақпарат https://www.visa.com.kz/kk_KZ сайтында.

Halyk туралы ақпарат

Halyk – Қазақстандағы ең ірі жүйе құраушы банк. 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 18,6 трлн теңгеден астам активке ие Halyk – Қазақстандағы ең ірі клиенттік база мен 563 филиал мен бөлімшеден тұратын кең филиалдық желісі бар, еліміздің жетекші кредиттік ұйымы болып табылады. Сондай-ақ банк Грузия мен Өзбекстанда да қызмет көрсетеді. Halyk Bank әйелдер кәсіпкерлігін белсенді қолдайды: 2018 жылдан бері Қазақстанның әртүрлі өңірінен 600-ден астам әйел жалпы сомасы 7 млрд теңге болатын 6–8% жеңілдік мөлшерлемесімен жеңілдетілген несие алды. Толық ақпарат halykbank.kz сайтында.

 

БАҚ сауалдары үшін байланыс:

Анастасия Щербакова
Visa компаниясының Орталық Азия
елдеріндегі баспасөз қызметі
PBN Central Asia
Тел.: +7 705 170 2972
[email protected]
Мира Халина
Halyk Bank
баспасөз қызметінің
басшысы
[email protected]
Данил Павленко
Visa компаниясының Орталық Азия және Әзербайжан бойынша корпоративтік коммуникациялар директоры
[email protected]