Visa Орталық Азиядағы жаңа өңірлік менеджерін тағайындады
Алматы, 2026 жылғы 22 қыркүйек – Visa (NYSE: V) компаниясы Салима Гутиеваның Орталық Азиядағы вице-президент және өңірлік менеджер қызметіне тағайындалғанын хабарлады. Ол жаңа қызметіне 2026 жылғы 1 желтоқсанда кіріседі.
Жаңа қызметінде Салима Гутиева өңірдегі цифрлық төлемдерді дамытуға жетекшілік етеді. Ол жаңа технологиялық шешімдерді ілгерілетуге де көңіл бөледі. Сонымен қатар банктермен және сауда кәсіпорындарымен серіктестікті нығайтады. Карта ұстаушылар үшін жаңа мүмкіндіктерді дамытуға атсалысады. Бұл қызметте Салима Гутиева Санжар Сүлеймановты алмастырады.
Салима Гутиева Visa компаниясында 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Осы кезеңде ол бизнесті дамыту және сату бағыттарында басшылық қызметтер атқарды. Ол Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Африка (CEMEA) нарықтарында жұмыс істеді. 2022 жылдан бері Салима Гутиева Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Visa бизнесін вице-президент және өңірлік менеджер ретінде басқарды. Бұл қызметінде ол нарықты дамытуға жетекшілік етті. Сонымен қатар клиенттер мен мемлекеттік серіктестердің ыңғайлы әрі қауіпсіз цифрлық төлемдерге өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыруға қолдау көрсетті.
«Салиманы жаңа қызметімен құттықтаймыз. Оның көп жылғы тәжірибесі мен өңір нарықтарын терең білуі Visa компаниясына серіктестері мен клиенттері үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Санжар Сүлеймановқа Орталық Азия елдерінің цифрлық экономикасын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз. Ол өңірде қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуға бағытталған маңызды жобаларды жүзеге асырды. Бұл бастамалар цифрлық төлемдердің дамуына және олардың кеңінен қолданылуына ықпал етті. Орталық Азия Visa үшін стратегиялық маңызы жоғары өңірлердің бірі болып қала береді. Сонымен қатар бұл қарқынды дамып келе жатқан нарықтардың бірі. Біздің басымдықтарымыз, инвестицияларымыз және клиенттер алдындағы міндеттемелеріміз өзгеріссіз қалады», – деді Сергей Мартынчук, Visa компаниясының Украина, Молдова, Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Кавказ елдері бойынша аға вице-президенті әрі өңірлік менеджері.
«Visa компаниясының Орталық Азиядағы командасына жетекшілік ету мен үшін үлкен мәртебе. Бұл өңір цифрлық төлемдер мен қаржы секторының қарқынды дамуымен ерекшеленеді. Бүгінде Орталық Азия төлем технологияларын дамыту үшін үлкен мүмкіндіктерге ие. Біз командамызбен және серіктестерімізбен бірге инновацияларды енгізуді жалғастырамыз. Төлем инфрақұрылымын одан әрі дамытып, төлемдерді жылдам, ыңғайлы әрі қауіпсіз ететін жаңа шешімдерді ұсынамыз», – деді Visa компаниясының Орталық Азиядағы вице-президенті әрі өңірлік менеджері Салима Гутиева.
Visa туралы ақпарат
Visa (NYSE: V) – цифрлық төлемдер индустриясының әлемдік көшбасшысы. Visa тұтынушылар, бизнес, қаржылық және үкіметтік мекемелер арасындағы төлем транзакцияларын 200-ден астам елдерде және аумақтарда өңдейді. Біздің миссиямыз – инновациялық, ыңғайлы, сенімді әрі қауіпсіз төлем желісі арқылы әлемді біріктіру, сол арқылы тұтынушылардың және бизнес пен экономиканың өркендеуіне жәрдемдесу. Біз экономикада барлығына қолжетімділікті кеңейту бүкіл әлемдегі адамдардың әл-ауқатының өсуіне көмектесетініне, болашақта жаһандық ақша қозғалысы үшін негіз болатындығына сенімдіміз. Толық ақпарат https://www.visa.com.kz/kk_KZ сайтында.
БАҚ сауалдары үшін байланыс:
Visa компаниясының Орталық Азия
елдеріндегі баспасөз қызметі
PBN Central Asia
Тел.: +7 707 713 82 72
[email protected]
Visa компаниясының Орталық Азия және Әзербайжан бойынша корпоративтік коммуникациялар директоры
[email protected]