Visa және Halyk Қазақстан әйел кәсіпкерлері үшін She's Next бастамасының үшінші толқыны басталғаны туралы хабарлайды
Бастама еліміздің өңірлерінде әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға және дамытуға бағытталған
Төрт жеңімпаз өз ісін дамытуға жалпы сомасы 20 миллион теңге грант ұтып алады
Алматы, Қазақстан, 2024 жылғы 29 ақпан: Visa және Halyk Bank Қазақстандағы She’s Next, Empowered by Visa жаһандық бастамасының үшінші толқынын бастайды. Жоба әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға және дамытуға бағытталған.
She’s Next бастамасы «ASMAR» Қазақстан кәсіпкер әйелдерінің Ұлттық қауымдастығы мен ҚР Ұлттық экономика министрлігі тарапынан қолдау тапты. Биылғы жылы бағдарлама аясында Қазақстанның өңірлеріндегі кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі.
«Мұндай бастамалар әйел кәсіпкерлерді қолдаудың мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар ел экономикасын дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Жыл сайын Қазақстанда шағын және орта бизнес кәсіпорындарының саны артып келеді: бұл ретте әйелдер ШОБ субъектілерінің 43,5%-ын басқарады. Visa және Halyk Bank-пен серіктестік ШОБ–тің табысты дамуы мен әйелдер кәсіпкерлігі экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күшіне айналатын болашақты қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға деген ұмтылысты көрсетеді», - деп түсіндірді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Рамазанова.
Бұл бастамаға өз ісін бастаған, сондай-ақ іс бастауды жоспарлап жүрген әйелдер қатыса алады. Қатысуға өтінімді She’s Next ресми сайтында беруге болады. Қатысудың нақты шарттары мен бастама үшінші толқынының кезеңдері төменде сипатталған.
«Әйелдер бизнесте өзін-өзі көрсетуде батыл және сенімді бола бастады. Мысалы, банктің несие портфеліндегі әйелдер мен ерлердің үлесі сәйкесінше 51% және 49% құрайды. Біздің байқауымызша, әйел кәсіпкерлер мегаполистерде, яғни Астана, Алматы және Шымкентте өте белсенді. Алдыңғы She’s Next бағдарламаларының қатысушылары да негізінен ірі қалалардың тұрғындары болды. Үшінші толқын аясында біз еліміздің өңірлеріндегі кәсіпкерлерге өз бизнесін дамыту және кеңейту мүмкіндігін ұсынғымыз келеді. Менің ойымша, бұл әйелдер кәсіпкерлігін бастау үшін өзінің тиімділігін дәлелдеп үлгерген жобамыздың бірінші кезектегі міндеті», - деп атап өтті Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.
Естеріңізге сала кетейік, бастаманың бірінші толқыны 2021 жылы өтіп, Орталық Азияның бес мемлекетінен 2500-дан астам кәсіпкерді біріктірді. Бастаманың екінші толқынында 2022 жылы 7000-ға жуық кәсіпкер тіркелді, олардың үшеуі өз бизнесін дамытуға грант ұтып алды. Бастаманың екінші толқыны аясында «Бизнес көшбасшылығы» марафонын тәмамдаған барлық қатысушылар Halyk Bank-тан бизнесті дамыту үшін жылдық 5%-дан жеңілдетілген несие алу мүмкіндігіне ие болды.
«She’s Next-тің алдыңғы екі толқынында біз 9,5 мың кәсіпкерге бизнесін дамытуға, жаңа білім алуға және өзіне деген сенімді арттыруға көмектестік. Биыл Halyk Bank-пен бірлесе отырып, үлкен қалаларда ғана емес, облыс орталықтары мен ауылдарда тұратын әйелдерге ерекше көңіл бөлгіміз келеді. Білім беру бағдарламасы әрбір әйелге өз ісін ашу және дамыту үшін білім мен дағдылардың жиынтығын береді. Бастаманың жаңа толқыны аясында біз дарынды көшбасшыларды таба алатынымызға сенімдімін», - дейді Visa-ның Орталық Азия мен Әзірбайжан елдеріндегі вице-президенті және өңірлік менеджері Кристина Дорош.
Visa және Emerging Europe 2022 жылдың соңында жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстандағы әйелдер онлайн-кеңістікте өз бизнесін дамытуға, сондай-ақ жаңа дағдыларды игеруге ұмтылады, олардың ішінде цифрлық маркетинг және әлеуметтік желілерді басқару (37%), краудфандинг (47%), электрондық коммерция (24%) және бизнесті халықаралық деңгейде кеңейту (21%).
She’s Next үшінші толқынына қалай қатысуға болады?
Қазақстанның кез келген қаласынан немесе ауылынан келген кәсіпкерлер She’s Next платформасында тіркелуі керек. Өтінімдерді қабылдау 29 ақпанда басталады.
Биыл әйел кәсіпкерлер екі санат бойынша өтініш бере алады:
Қолданыстағы бизнес
Бастаушы бизнес
Жоба кезеңдері
She’s Next Day 8 қалада. 5 наурыз бен 13 маусым аралығында «She’s Next Day» атты іс-шаралар Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Қызылорда және Шымкент қалаларында өтеді. Олардың аясында қатысушылар бір-бірімен танысып, шақырылған лекторлардан жаңа білім алып, бастаманың үшінші толқынының мүмкіндіктері туралы көбірек біле алады. Іс-шаралар кестесін She’s Next бастамасының ресми парақшасынан табуға болады.
Білім беру бағдарламасы. 14 маусым мен 28 маусым аралығында барлық іс-шаралар өткізілгеннен кейін She’s Next ресми парақшасында барлық қатысушылар үшін танымдық дәрістерге қолжетімділік ашылады. Әр дәрістен кейін қатысушылар білімдерін тексеру үшін сынақ тапсырады.
Бизнес-жоспарлар. 29 маусым мен 10 шілде аралығында білім беретін бейнероликтер мен сынақтардан сәтті өткеннен кейін кәсіпкерлер іріктеу кезеңіне қатысу үшін бизнес-жоспарларын жібере алады. Оның аясында 17 шілдеге дейін бизнес сарапшылары финалға жолдама алу үшін әр санат бойынша алты жобаны таңдайды.
Дауыс беру. 22-26 шілде аралығында іріктелген жобалар She’s Next, Empowered by Visa платформасында Қазақстанның барлық тұрғындары үшін ашық дауыс беруге ұсынылады.
Ең көп дауыс жинаған екі қатысушы («Қолданыстағы бизнес» санатынан бір қатысушы және «Бастаушы бизнес» санатынан бір қатысушы) «Халық таңдауы» номинациясында 3 миллион теңге көлемінде грант алады.
Финал. Финалға және ашық дауыс беруге іріктелген барлық финалистер Алматыда өтетін республикалық финалға шақырылады. She's Next Pitch Day барысында қазылар алқасының алдында екі номинация бойынша 12 жоба ұсынылады, сонымен қатар жеңімпаздар анықталып марапатталады. Әр номинация бойынша жеңімпаз 7 миллион теңге ұтып алады.
Қатысушылар үшін Halyk ұсынатын жеңілдіктер туралы ақпарат
Білім беру бағдарламасы мен тестілеуден сәтті өткен, және оқуды аяқтағаны туралы сертификаттары бар барлық қатысушылар үшін Halyk 8 пайыздық мөлшерлемемен 20 миллион теңгеге дейін жеңілдікпен қаржыландыру беруге дайын.
«Халық таңдауы» номинациясының екі жеңімпазына Halyk 8 пайыздық мөлшерлемемен 30 миллион теңгеге дейін жеңілдікпен қаржыландыру береді.
Halyk Финал жеңімпаздарына жеңілдікпен қаржыландыру береді:
- «Бастаушы бизнес» номинациясы бойынша жеңімпазға – 8% мөлшерлемемен 40 млн теңгеге дейін.
- «Қолданыстағы бизнес» номинациясы бойынша жеңімпазға – 8% мөлшерлемемен 50 млн теңгеге дейін.
Visa туралы ақпарат
Visa (NYSE: V) – цифрлық төлемдер индустриясының әлемдік көшбасшысы. Visa тұтынушылар, бизнес, қаржылық және үкіметтік мекемелер арасындағы төлем транзакцияларын 200-ден астам елдерде және аумақтарда өңдейді. Біздің миссиямыз – инновациялық, ыңғайлы, сенімді әрі қауіпсіз төлем желісі арқылы әлемді біріктіру, сол арқылы тұтынушылардың және бизнес пен экономиканың өркендеуіне жәрдемдесу. Біз экономикада барлығына қолжетімділікті кеңейту бүкіл әлемдегі адамдардың әл-ауқатының өсуіне көмектесетініне, болашақта жаһандық ақша қозғалысы үшін негіз болатындығына сенімдіміз. Толық ақпарат https://www.visa.com.kz/kk_KZ сайтында.
Halyk Bank туралы ақпарат
Halyk Bank – Қазақстанның ірі жүйе құраушы банкі. 2023 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 14 249,6 млрд теңге активтерімен банк республикадағы жетекші несие мекемесі болып табылады және оның үлкен клиенттік базасы мен филиалдық желісі бар: бүкіл ел бойынша 571 филиалы мен бөлімшелері, сонымен қатар Грузияда, Қырғызстан мен Өзбекстанда да жұмыс істейді.
Halyk Bank әйелдер кәсіпкерлігін белсенді қолдайды: алты жыл ішінде банк өзінің жеке бағдарламасын іске асырудың арқасында 550-ге жуық әйел кәсіпкерлерге жалпы көлемі 6 млрд теңгені құрайтын жеңілдік несиелер ұсынды.
Visa корпоративтік коммуникациялар жөніндегі аға менеджері,
және Әзірбайжан
[email protected]
Орталық Азия елдеріндегі Visa баспасөз қызметі
PBN Hill+Knowlton Strategies
Тел.: +7 778 555 4124
[email protected]