Visa Foundation туралы ақпарат

Visa Foundation жеке адамдар, бизнес пен қоғамдастықтар өркендей алатын инклюзивті экономиканы қолдауға тырысады. Гранттар мен инвестиция салу арқылы Visa Foundation қоры гендерлік әртүрлілік пен инклюзивті шағын және микро кәсіпорындардың дамуына басты мән береді. Сонымен қатар қор дағдарыс кезіндегі қоғамның басты қажеттіліктері мен табиғи апаттан зардап шеккендерге көмектеседі. Visa Foundation қоры АҚШ-та 501(c)3 ұйымы ретінде тіркелген.

Ұжымдық көзқараспен жұмыс істейміз

Байқаймыз, тыңдаймыз, қорытамыз, содан кейін көмектесеміз.

Біздің ұжым мен серіктестер арасындағы риясыз және ашық қарым-қатынастың арқасында түрлі көзқарастарды, дағдыларды және ресурстарды пайдап, жаһандық мәселелерді шеше аламыз деген сенімдеміз.

Жүйелік кедергілерді еңсереміз

Біз қанша белесті бағындыратынымызды елестетіп көріңіз.

Біз шағын кәсіпорындар, әсіресе әйел адамдар немесе жыныстық ориентациясы өзгеше адамдар басқаратын кәсіпорындарға кезігетін кедергілерді алып тастауға тырысамыз, осылайша әлем экономикасының барынша инклюзивті болуына жол ашамыз.

Әлемді өзгерте алатын шешімдер

Түпкі мақсатыңызды бетке алыңыз.

Серіктестеріміздің инновациялық шешімдерді қолдануына жағдай туғызып, теңдікке негізделген шағын бизнес экожүйесін қалыптастыруға бағытталған бастамаларды көтермелейміз.


Әдіс және стратегия

grocery store

Бағдарламалар және серіктестіктер

Гендерлік тұрғыда әртүрлі және инклюзивті шағын және микро кәсіпорындар үшін тең дәрежедегі экономикалық жүйені қалыптастырудағы жұмысымыздың алға басуы үшін әлем бойынша жетекші ұйымдармен серіктестік орнатамыз. Біздің серіктестер әдетте үш санаттың біріне жатады: шағын және орта кәсіпорындарға қолдау көрсететін коммерциялық емес ұйымдар, инвесторлар және шағын және орта кәсіпорындардың экожүйесі кең болуына мүдделі ұйымдар. Біздің серіктестердің бірнеше мысалы: