Visa сайты — © Copyright 1996-2015 Visa. Барлық құқықтар сақталған. 2014 жылғы наурызда жаңартылған.
Visa осы хабарды жаңарту арқылы бұл ережелерді кез келген уақытта өзгертуі мүмкін. Осындағы өзгерістер Сізбен де тығыз байланысты, сондықтан осы бетке анда-санда кіріп, ағымдағы ережелерді тексеріп отырыңыз.
Visa халықаралық қызмет қауымдастығы www.Visa.com сайтына және жеке мәліметтеріңізге, көңіл көтеруіңізге және рахаттанып пайдалануыңызға қатысты басқа да сайттарға қолдау көрсетеді. Visa сайтын еркін шолыңыз, файлдар жүктеп алыңыз және басқаша пайдаланыңыз. Сонымен қатар, Visa сайтын қолдануыңыз төмендегі ережелермен және барлық қолданыстағы заңдармен бақыланатынын есте сақтаңыз. Visa сайтына кіру және оны пайдалану арқылы Сіз ешбір шектеусіз немесе ескертусіз осы ережелерді қабылдайсыз және дау туындаған жағдайда, Visa ұйымымен араларыңызда болуы мүмкін кез келген келісімнің осы ережелермен бақыланатынына келісім бересіз. Егер осы ережелермен келіспесеңіз, онда Visa сайтын пайдаланбағаныңыз жөн.
Сондай-ақ, Visa АҚШ веб-сайтында осы сайт үшін арнайы қолданылатын құпиялылық саясаты барын ескеріңіз. Басқа елдердің немесе аймақтардың веб-сайттарына немесе Visa АҚШ ұйымы иеленетін немесе пайдаланатын басқа веб сайттарға кірген кезде әрбір сайттың құпиялылық саясатын қарап шығыңыз, себебі олардың әрқайсысында әр түрлі шарттар болуы ықтимал.