Visa үміткерінің құпиялық ескертпесі
Осы Үміткердің құпиялылық туралы хабарламасы (бұдан әрі - «Хабарлама») Visa және оның бүкіл әлемдегі еншілес компаниялары сіз жұмысқа ықтимал үміткер ретінде анықталған кезде және/немесе Visa-да жұмысқа өтініш берген кезде Дербес деректерді (төменде анықталғандай) қалай жинайтынын, пайдаланатынын және бөлісетінін түсіндіреді.
Visa компаниясы халықаралық төлемдер технологиясымен айналысатын компания ретінде көптеген рөлдерді атқарады. Visa қолданыстағы заңдарға сәйкес бақылаушы қызметін атқарып, ақпаратты үміткерлерден тікелей жинайтындықтан, бақылаушы әдетте Visa еншілес компаниясы болады. Visa еншілес тұлғалары – Visa U.S.A. Inc. немесе оның бас компаниясы Visa Inc. иелік арқылы тікелей немесе жанама бақылайтын компаниялар, мысалы, Visa International Service Association, Visa Worldwide Pte. Limited, Visa Canada Corporation, Visa International Servicios de Pago España, S.R.L., Visa Europe Limited, Visa do Brasil Empreendimentos Ltda, CardinalCommerce Corporation, CyberSource Corporation және Verifi, Inc. Сіздің Жеке басыңызға қатысты ақпараттың бақылаушысы сіз жұмысқа тұруға өтініш берген Visa компаниясы. Сіз өтініш берген Visa еншілес тұлғасы және оның байланысу деректері біздің Visa заңды тұлғалар тізімімізде берілген.
Бұрыннан бар Visa қызметкерлері: Бұл Хабарлама сіздің Visa компаниясындағы лауазымға үміткер ретіндегі Жеке басыңызға қатысты ақпаратты өңдеуге қатысты. Сіз бұрыннан Visa қызметкері болсаңыз, біз Visa-да жұмыс істеген кезіңізде Жеке басыңызға қатысты ақпаратты қалай өңдейтініміз туралы толығырақ білу үшін Visa интранетіндегі Visa қызметкерлеріне арналған Халықаралық құпиялық туралы хабарламасын қараңыз.
-
-
Жеке басқа қатысты ақпарат жеке тұлғаға қатысы бар немесе жеке тұлғаға қатысы бар болуы мүмкін ақпарат (жалғыз өзі немесе басқа ақпаратпен бірге қолданылғанда). Жеке басқа қатысты ақпарат кейде "дербес деректер" деп те аталады.
Біздің қарым-қатынасымызға және өзара әрекеттестігімізге байланысты біз жинайтын жеке басқа қатысты ақпараттың санаттары мынадай болуы мүмкін:
- Байланысу ақпараты – Ол сіздің аты-жөніңізді, пайдаланушы атыңызды, пошта мекенжайыңызды, электрондық пошта мекенжайыңызды, телефон нөміріңізді және кәсіби әлеуметтік желідегі парағыңыздың атауын және сіз бізге байланысу үшін берген басқа да ақпаратты қамтиды.
- Қарым-қатынас туралы ақпарат – Бұл сіз біздің персонал қауымдастықтарымызға қосылуды таңдаған жағдайда, сізге жеке бейімделген контент ұсыну үшін өз еркіңізбен берген мәліметтерді қамтиды. Оған кәсіби әлеуметтік желілердегі профильдерден алынған деректер және сіздің қызығушылықтарыңыз туралы ақпарат жатады.
- Өзара әрекеттестік туралы ақпарат - оған Visa компаниясымен өзара әрекеттестігіңіз туралы ақпарат кіреді, мысалы:
- Visa персонал қауымдастығы сияқты Visa бағдарламаларына сіз қатысқан кезде жинайтын ақпарат;
- Visa құпиялық бөліміне, мысалы біздің персоналды іріктеу тобына хабарласқан кезде жиналатын ақпарат;
- Сіз біздің Visa нысандарымыздың біріне немесе бірнешеуіне кірген кездегі кіруші мәліметтері;
- Сіз беретін басқа да ақпарат, мысалы аккаунт профиліңізді растау үшін жиналатын деректер (мыс. құпиясөздер немесе аккаунттың қауіпсіздік сұрақтары);
- Аудио және визуалды ақпарат - Оның ішіне бізбен әрекеттесуге қатысты аудио, электрондық, визуалдық немесе соған ұқса ақпарат, сонң ішінде фотосуерттер (мыс. сіздің түйіндемеңіздегі немесе кәсіби әлеуметтік желі бетінде жариялаған), бейне кескіндеріңіз, бақылау камерасына жазылған, қоңырау барысында жазылған жазбалар немесе дауыстық хабарламалар кіреді.
- Онлайн және техникалық ақпарат: оған біздің веб-сайттармен, қолданбалармен немесе жарнамалармен жасаған өзара әрекеттестігіңіз туралы ақпарат, оның ішінде IP мекенжайы, құрылғы идентификаторлары, параметрлер, сипаттамалар, жарнама идентификаторы, браузерді пайдалану тарихы, веб-сервер журналдары, сервер журналының жазбалары, әрекеттер журналының жазбалары, пернелерді басу уақыты және cookie файлдары мен соған ұқсас технологияларды пайдалану арқылы жиналған басқа ақпарат кіреді.
- Үкімет шығарған сәйкестендіру нөмірлері - Оның ішіне әлеуметтік жеке код, жүргізуші куәлігінің нөмірі, төлқұжат нөмірі, ұлттық жеке куәлік және басқа да, қолданыстағы заңға сәйкес үкімет шығарған сәйкестендіру құжаттары кіреді.
- Геолокация ақпараты - Оның ішіне бізге қалауларды басқару құралы арқылы жинауға рұқсат берген болсаңыз, Visa компаниясына жұмысқа тұруға өтінішті біздің веб-сайтымыз немесе мобильді қолданбасыз арқылы жіберген кездегі дәл геолокациялық ақпарат кіруі мүмкін.
- Кәсіби және жұмысқа орналасу туралы ақпарат – Бұл білім және жұмыс тарихы сияқты өтініш беруші мен түйіндеме деректерін қоса алғанда, өтініш берушілер мен үміткерлер үшін кәсіби немесе жұмысқа қатысты ақпаратты қамтиды; дағдылар мен сенім деректері сияқты лауазым үшін біліктіліктер туралы ақпарат; кәсіби қызығушылық және мақсаттар; қызметкердің кәсібіне қатысты ақпарат, мысалы жұмысқа рұқсат құжаты; сертификаттары, лауазымға қатысты дағдылары және ол дағдыларын бағалау, ұсыныс хаттар. Жалға алу туралы ескертпеде бұл қылмыстық іске тартылу немесе құқық бұзушылық туралы ақпаратты қамтуы мүмкін – бұған қолданыстағы заңнамамен рұқсат етілгендей, бұрын сотталу жағдайлары немесе құқық бұзушылықтар туралы ақпарат және сіздің осындай сотталғаныңыз немесе құқық бұзғаныңыз туралы мәлімдемелеріңіз кіреді.
- Талаптарға сәйкестік туралы ақпарат – бұған белгілі бір юрисдикциялардағы қолданыстағы заңдардың сақталуын көрсету үшін жүргізілетін жазбалар кіреді; оларға деректер субъектілерінің құқықтарына қатысты сұрауларға қатысты жазбалар кіруі мүмкін.
Осы санаттардағы кейбір жеке басқа қатысты ақпарат кейбір юрисдикцияларда "арнайы санаттағы деректер" ретінде есептелуі мүмкін. Мұндай жеке басқа қатысты ақпарат тек заң шеңберінде өңделеді ("Біз Жеке басқа қатысты ақпаратты не үшін жинаймыз және оны қалай пайдаланамыз" бөлімінен толығырақ қараңыз).
-
-
Біздің қарым-қатынасымызға және сізбен өзара әрекеттестігімізге байланысты сіз туралы жеке ақпаратты түрлі дереккөздерден жинауымыз мүмкін. Ондай дереккөздер:
- Сіз, мысалы, Visa-да жұмысқа орналасуға өтініш берген кезде, Visa таланттарды басқару бағдарламаларына тіркелгенде, таланттар қауымдастығына тіркелгенде, желілік немесе кампустағы жұмысқа орналастыру іс-шарасына қатысқанда немесе бізге сауалнамаға жауап бергенде;
- Біздің платформалармен, веб-сайттармен және қолданбалармен немесе басқа автоматты технологиялар арқылы өзара әрекеттескен кездегі компьютеріңіз немесе құрылғыларыңыз, мысалы, сұхбаттарды жазып алған кезде (жасанды интеллект көмегімен сұхбат транскрипциясын қолданған кезде) және нысандарымызда бейнебақылау камераларын пайдаланған кезде;
- Рекрутинг агенттіктері;
- Біз үшін тексеру және тексеріп-сараптау қызметтерін көрсететін қызмет жеткізушілер мен үшінші тараптар (мысалы, сіз ұсынған ұсыныс берушілер, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажет болған жағдайда фондық тексерулерді, скринингтерді және ішкі тергеулерді жүргізуге көмектесетін үшінші тараптар); және
- Ашық дереккөздер, соның ішінде кәсіби әлеуметтік желі платформалары.
-
-
Visa үміткерлердің Жеке басқа қатысты ақпаратын заңға сәйкес және төмендегі кестеде көрстеілген мақсатқа қажетті шамада жинайды:
Кейбір юрисдикцияларда Visa деректер құпиялылығы туралы қолданылатын заңнамада айқындалған арнайы санаттағы деректерді (кейде сезімтал жеке ақпарат деп те аталады), мысалы, нәсілдік немесе этникалық шығу тегі, діни немесе философиялық сенімдері, денсаулық туралы ақпарат сияқты деректерді тек белгілі бір мақсаттар үшін (мысалы, әртүрлілік және әлеуметтік басқару бағдарламамызға байланысты) және сіздің өзге де рұқсатыңыз болған жағдайда (мысалы, біздің таланттар қауымдастығы топтарына қатыссаңыз) өңдейді. Мұндай өңдеу жоғарыдағы кестеде көрсетілген тиісті құқықтық негізге сүйене отырып және төменде көрсетілген қосымша шарттардың бірінің негізінде жүзеге асырылады:
- Сіз Жеке басқа қатысты ақпараттың және құпия жеке ақпараттың осындай арнайы санаттарын өңдеуге айрықша келісім бердіңіз;
- Өңдеу еңбек құқығы, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау салаларындағы Visa компаниясының міндеттемелерін орындау және сіздің құқықтарыңызды қорғау мақсатында қажет болған жағдайда жүзеге асырылады.
- Өңдеу Visa компаниясына жұмыс беруші ретінде сіздің өмірлік маңызды мүдделеріңізді қорғау, профилактикалық немесе еңбек медицинасы мақсаттары үшін, жұмысқа қабілеттілігіңізді бағалау, медициналық диагноз қою, денсаулық сақтау немесе әлеуметтік күтім не емдеу қызметтерін көрсету, сондай-ақ денсаулық сақтау немесе әлеуметтік күтім жүйелері мен қызметтерін басқару мақсатында қажет болған жағдайда жүзеге асырылады; немесе
- Өңдеу құқықтық талаптарды белгілеу, жүзеге асыру немесе олардан қорғану үшін қажет болған жағдайда жүзеге асырылады.
Visa белгілі бір лауазымдарға қатысты немесе қолданыстағы заңнама рұқсат еткен жағдайларда фондық тексерулер жүргізу аясында бұрынғы қылмыстық іске тартылу және құқық бұзушылықтар туралы деректерді де өңдеуі мүмкін.
-
-
Жұмысқа алу шешімі тек автоматты шешім қабылдау негізінде болмайды. Visa автоматтандырылған құралдарды, оның ішінде жасанды интеллектіні (ЖИ құралдарын) қолдануы мүмкін болғанымен, белгілі бір лауазымға үміткердің өтінімін қарау, сұхбатқа шақыру, жұмысқа қабылдау туралы ұсыныс жасау немесе бас тарту жөніндегі әрбір шешім, сондай-ақ осыған байланысты барлық еңбекке қатысты шешімдер адамның қатысуымен және оның бағалауымен қабылданады. Visa автоматтандырылған құралдарды, оның ішінде жасанды интеллектіні қалай пайдаланатыны туралы қосымша мәліметтер осы бөлімде және «Жеке басқа қатысты ақпаратты неге жинаймыз және оны қалай пайдаланамыз» атты бөлімде сипатталған.
Сіз өзіңіздің жұмысқа өтініміңіз бойынша рекрутерлердің шешімдерді қалай қабылдайтыны туралы қосымша ақпарат алу үшін «Visa Privacy қызметімен қалай байланысуға болады» бөлімінде көрсетілген деректер арқылы Visa Privacy қызметіне хабарласа аласыз. Сондай-ақ, төменде берілген «Сіздің құпиялықты сақтау құқықтарыңыз» бөлімінде көрсетілгендей, кез келген уақытта жеке ақпаратыңызға қатысты өзіңіздің құпиялық құқықтарыңызды жүзеге асыра аласыз.
Рекрутинг саласында ЖИ құралдарын пайдалануға қатысты хабарлама
Біздің рекрутерлерге қолдау көрсету және тиімділікті арттыру үшін біз персоналды іріктеу барысында әкімшілік және өнімділікке қатысты тапсырмалар бойынша көмектесетін белгілі бір ЖИ құралдарын пайдалануымыз мүмкін. Бұл құралдар процестерді оңтайландыруға және кандидаттардың тәжірибесін жақсартуға көмектесу үшін әзірленген. Жоғарыда айтылғандай, барлық жұмысқа алу туралы шешімдерді адам өзі қарастырып, жеке шешімінің негізінде қабылдайды.
ЖИ құралдарын қалай пайдалануға болады:
- Рекрутерлерге тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі лауазымның талаптарына сәйкес келетін үміткерлерді табуға көмектесу үшін;
- Үміткер берген ақпараттың негізінде (дағдылары, тәжірибесі және қызығушылықтары) лауазымға сәйкес тұлғаны ұсыну;
- Үміткер берген ақпараттың негізінде үміткерге қолданылуы мүмкін дағдыларды ұсыну; және/немесе
- Рекрутерлердің өнімділігін және үміткердің тәжірибесін әкімшілік тапсырмаларға сәйкестендіріп жақсарту.
Ақпарат беретін ЖИ құралдары мынаны пайдалануы мүмкін:
- Өтініш беру процесі барысында кандидаттар ұсынған мәліметтер (мысалы, түйіндеме/CV мазмұны, өтінімдегі сұрақтарға жауаптар, дағдылар, тәжірибе және біліктілік туралы ақпарат), оның ішінде білім мен кәсіби тәжірибе, жұмыс туралы хабарландыруда көрсетілген сертификаттар немесе куәліктер, сондай-ақ бос лауазым сипаттамасында көрсетілген рөлге тән талаптар.
- ЖИ құралдары құпия Жеке басқа қатысты ақпаратты немесе қорғалған сипаттамасын қолданбайды.
-
-
Visa қызметінің жаһандық сипатына байланысты Visa төменде көрсетілгендей, Жеке ақпаратты басқа елдердегі алушыларға беруі мүмкін:
- Осы хабарламада көрсетілген мақсатта сіздің Жеке басыңызға қатысты ақпаратты өңдейтін Басқа Visa еншілес тұлғаларына;
- Біздің үшінші тарап қызмет көрсетушілерімізге (соның ішінде өзге қолда бар деректер бойынша тексеру жүргізетін тапсырыс берушілерімізге), деректерді өңдеушілерге және мердігерлерге. Visa Жеке басқа қатысты ақпаратты дұрыс қорғау үшін үшінші тараптармен келісімшартқа отырады.
- Заңмен талап етілген кезде құқық қолдану агенттіктеріне, біз жұмыс істейтін елдердегіҢ үкімет органдарына, реттеуші органдарға және сот органдарына;
- Заңмен рұқсат етілсп, мысалы, біз бизнес активтерін сатқанда немесе бергенде, келісімшарттарымызды орындауды қамтамасыз еткенде, өз мүлкімізді немесе басқа тұлғалардың құқықтарын, мүлкін не қауіпсіздігін қорғаған кезде;
- Қажеттілік қағидаты негізінде аудит, комплаенс және корпоративтік басқару мақсаттары үшін Visa қызметкерлеріне және сыртқы заң кеңесшілеріне; және
- Рекрутинг агенттіктеріне және сіз берген тұлғаларға.
-
-
Visa өтініш берушілермен және үміткерлермен әрекеттесу үшін әртүрлі онлайн құралдарын пайдаланады. Біздің онлайн құпиялық тәжірибеміз туралы толығырақ көру үшін біздің Visa Халықаралық құпиялық туралы хабарламасын және Visa cookie-файлдары туралы хабарламамызды қараңыз.
-
-
Біз қолданыстағы деректердің құпиялығы туралы заңға сәйкес сіздің құпиялық құқығыңызды сақтаймыз. Сіздің юрисдикцияңызға байланысты сізде төмендегідей құқықтар бар болуы мүмкін:
- Қол жеткізу құқығы: Сіз өзіңіздің Жеке ақпаратыңыздың өңделіп жатқанын немесе өңделмейтінін растауды алуға және осындай Жеке ақпараттың көшірмелерін алуға құқылы болуыңыз мүмкін.
- Түзету құқығы: Сіз өзіңіздің Жеке ақпаратыңыздағы дәлсіздіктерді түзетуді немесе оны толықтыруды сұрауға құқылы болуыңыз мүмкін.
- Жою құқығы: Сіз төмендегі жағдайларда бізден өзіңіздің Жеке ақпаратыңызды жоюды сұрауға құқылы болуыңыз мүмкін:
- олар жиналған мақсаты үшін енді қажет емес болғанда;
- сіз келісіміңізді қайтарып алғанда;
- нысанға қатысты құқығыңызды пайдаланғаннан кейін;
- сіздің Жеке басыңызға қатысты ақпарат заңсыз өңделгенде; немесе
- заң талаптарын орындау үшін.
Visa сіздің Жеке ақпаратыңызды жою туралы сұрауыңызды орындауға міндетті емес, әсіресе өңдеу заңдық міндеттемелерді орындау немесе құқықтық талаптарды белгілеу, жүзеге асыру не олардан қорғану үшін қажет болған жағдайда.- Өңдеуді шектеу құқығы: Сіз келесі жағдайларда Жеке ақпаратыңызды өңдеуді шектеуді (яғни оны пайдаланбай сақтауды) сұрауға құқылы болуыңыз мүмкін:
- дұрыстығы дау туғызғанда;
- өңдеу заңсыз, бірақ оны жойғыңыз келмегенде;
- құқықтық талаптарды белгілеу, жүзеге асыру немесе олардан қорғану үшін қажет болған жағдайда;
- нысанға қатысты құқықтарыңызды пайдалануға байланысты нақты себептердің бар болуын растау қажет болғанда.
Біз Жеке ақпаратыңызды өңдеуді шектеу туралы сұрауыңыздан салғаннан кейін де (i) сіздің келісіміңіз болған жағдайда; немесе (ii) құқықтық талаптарды белгілеу, жүзеге асыру немесе олардан қорғану мақсатында; немесе (iii) басқа кез келген жеке немесе заңды тұлғаның құқықтарын қорғау үшін оны пайдалануды жалғастыра аламыз.
- Деректерді тасымалдау құқығы: Сіз бізден өзіңіздің Жеке ақпаратыңызды құрылымдалған, кеңінен қолданылатын және машинамен оқылатын форматта беруді сұрауға құқылы болуыңыз мүмкін немесе оны басқа деректерді бақылаушыға тікелей жіберуді талап ете аласыз, бірақ бұл өңдеу сіздің келісіміңізге немесе сізбен жасалған шартты орындауға негізделген және өңдеу автоматтандырылған жағдайда ғана қолданылады.
- Келісімді қайтарып алу құқығы: Егер Жеке ақпаратыңызды өңдеу сіздің келісіміңізге негізделсе, сіз кез келген уақытта өз келісіміңізді қайтарып ала аласыз және бұл келісімді қайтарып алғанға дейін жүргізілген өңдеудің заңдылығына әсер етпейді. Егер сіз Visa Talent Network желісіне қатысты хабарламаларды алуға тіркелген болсаңыз, мұндай хабарламалардың кез келгеніндегі сілтемелер арқылы жазылымнан бас тарта аласыз.
- Қарсылық білдіру құқығы: Егер біз Жеке ақпаратыңызды өңдеу үшін өзіміздің заңды мүдделерімізге сүйенетін болсақ, сіз мұндай өңдеуге қарсылық білдіруге құқылысыз. Мұндай жағдайда, егер біз өңдеуді жалғастыруға сіздің мүдделеріңізден, құқықтарыңыздан және бостандықтарыңыздан басым түсетін заңды негіздерді дәлелдей алмасақ немесе құқықтық талаптарды белгілеу, жүзеге асыру немесе олардан қорғану үшін Жеке ақпаратыңызды өңдеу қажет болмаса, біз мұндай өңдеуді тоқтатуға міндеттіміз.
Сонымен қатар сіз "Visa Privacy бөліміне қалай хабарласу керек" атты бөліміндегі байланыс ақпаратымен тиісті деректері қорғау қызметкерлеріне хабарласа аласыз. Visa сіздің Жеке басыңызға қатысты ақпаратты қалай өңдейтініне қатысты мәселе туындаса, жергілікті деректерді қорғау органына шағым түсіре аласыз. Біз алдымен Visa Privacy бөліміне [email protected]m поштасы арқылы хабарласып көріңіз, біз мәселеңізді тікелей шешуге тырысамыз. ЕЭА, Ұлыбритания және Швецация елдеріндегі Деректерді қорғау органдарының байланыс мәліметтері осы жерде берілген.
-
-
Visa Калифорния заңына (соның ішінде Калифорния құпиялықты қорғау құқығы туралы заңмен өзгертілегн Калифорния тұтынушылардың құпиялығын қорғау туралы заңы) сәйкес үміткерлерінің жеке басына қатысты ақпаратты "сатпайды" немесе "бөліспеді". "Бөлісу" - кросс-контекстік мінез-құлықтық жарнама мақсатында деректерді ашуды қамтиды. Visa үміткерінің Жеке басына қатысты ақпаратты кросс-контекстік мінез-құлықтық жарнама мақсатында пайдаланбайды.
Өйткені Visa үміткерінің Жеке басына қатысты ақпаратты сатпайды және сату немесе бөлісу құқығын қайтарып алу құқығы үміткерінің Жеке басына қатысты ақпаратқа қатысты емес.
Сіз қолданылатын заңнамаға сәйкес өзіңіздің құпиялық құқықтарыңыз туралы көбірек біле аласыз және оларды біздің кандидаттарды басқару жүйесіндегі аккаунт профиліңіз арқылы немесе Құпиялық құқығы порталы арқылы жүзеге асыра аласыз.
Құпиялық туралы қосымша ескертпе: кейбір аймақтар мен елдердің тұрғындарында қосымша құпиялық құқықтары болуы мүмкін. Бұл құқықтар туралы ақпарат Халықаралық құпиялық туралы хабарламаның төменгі жағында жарияланған қосалқы құпиялық ескертпелерінде келтірілген.Бұл құқықтар туралы ақпарат Халықаралық құпиялық туралы ескерпенің төменгі жағында жарияланған қосалқы құпиялық ескертпелерінде келтірілген.
-
-
Visa компаниясы Америка Құрама Штаттарда орналасқан және әлемнің түкпір-түкпірінде еншілес компаниялары мен қызмет көрсету провайдерлері бар. Visa жеке басыңызға қатысты ақпаратты бір елден екінші бір елге тасымалдауы мүмкін және ол елдердегі құпиялық немесе деректерді қорғау туралы заңдар еліңіздікімен бірдей болмауы мүмкін. Сіздің жеке басыңызға қатысты ақпаратты Америка Құрама Штаттарында орналасқан негізгі дерек орталықтарымызға, сонымен қатар Еуропадағы немесе сіздің елде орналасқан жергілікті дерек орталығына жіберуіміз мүмкін. Дегенмен біз сіздің Жеке басыңызға қатысты ақпаратты сақтаған кезде де, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес шет елге жіберген кезде де осы Хабарламада сиппатталғандай үнемі қорғаймыз.
Жеке басыңызға қатысты ақпаратты Еуропа, Еуразия және Азия, Швейцария немесе Ұлыбритания елдерінен сыртқа жіберген кезде біз осындай жіберу қолданыстағы заңдар мен нормативтік талаптарға сай жүзеге асырылуын қамтамасыз етеміз. Сіздің Жеке басыңызға қатысты ақпаратты қорғаудың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етеді деп Еуропалық комиссия мойындаған елге (яғни Еуропалық комиссия Жеке ақпаратты қорғаудың тиісті деңгейі бар деп таныған елдерге) берілуі мүмкін. Сіздің Жеке басыңызға қатысты ақпаратты қорғаудың тиісті деңгейі бар деп танылмаған елдерге (мысалы: (мысалы, Америка Құрама Штаттарына) және ЕЭА, Швейцария немесе Ұлыбританиядағыдай қорғау деңгейін қамтамасыз етпейтін елге берілсе, Visa мұндай берілімдердің деректер құпиялылығы туралы қолданылатын заңнама талаптарына сәйкес тиісті кепілдіктер негізінде жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, Еуропалық комиссия бекіткен Стандартты шарттық ережелер қолданылады және қажет болған жағдайда бұл кепілдіктер қосымша шарттық, техникалық және ұйымдастырушылық шаралармен толықтырылады.
Шет елге жіберу туралы толығырақ ақпарат алу үшін немесе Стандартты келісімшарттық тармақтардың көшірмесін алу үшін Visa Privacy бөліміне соңғы бөлімде берілген байланыс деректері арқылы хабарласыңыз.
-
-
Жеке деректеріңіз рұқсатсыз қолданылмауы не жоғалып кетпеуі үшін біз физикалық, техникалық, ұйымдастырушылық және әкімшілік шаралардың барлығын қолданамыз. Мысалы, құпия ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біз шифрлау және басқа құралдарды пайдаланамыз.
Біз сіздің Дербес ақпаратыңызды ұзағырақ сақтау мерзімі қажет болмаса немесе заңмен рұқсат етілмесе, осы Хабарламада берілген маұсаттарды орындау үшін қажетті көлемде сақтаймыз. Сақтау мерзімін анықтаған кезде Visa Жеке басыңызға қатысты ақпаратты өңдеу мақсаты, заңды және нормативтік талаптарды, бизнес қажеттілігін немесе қажетіне қарай заңды шағымдар мен істі қарау үшін қажет болған кездер сияқты критерийлерді қарастырады. Мұндай сақтау мерзімдері сіздің юрисдикцияңызға байланысты әртүрлі болуы мүмкін және жергілікті заң талаптары көрсетілген Visa сақтау саясаттарында көрсетіледі. Тиісті сақтау мерзімі туралы толығырақ ақпарат алу үшін [email protected] сайтына сұрау жіберіңіз.
-
-
Бұл Хабарламада Visa және оның еншілес компаниялары Дербес ақпаратыңызды қалай өңдейтіні түсіндірілген. Visa веб-сайттары арқылы сіз кірген немесе Visa бос жұмыс орындары туралы жариялаған әлеуметтік желі платформалары мен веб-сайттардың өз құпиялық саясаттары бар. Бұл сайттарға өзіңіз туралы ақпарат бермес бұрын, олардың құпиялық туралы ескертпелерін оқып шыққаныңыз абзал.
-
-
Осы хабарламаны біз жаңартып отырамыз. Сондықтан осы Хабарламаны үнемі бақылап, барлық өзгеріс пен жаңартулардан хабардар болып отыруға шақырамыз. Өзгерістер орын алған жағдайда, желіде ескерту жариялаймыз. Егер бұл өзгерістер жеке басты анықтайтын ақпаратқа айтарлықтай әсер ететін болса, ол туралы да сізге хабарлаймыз.
-
-
Осы Хабарламаға қатысты немесе ол сізге қалай қолданылатыны туралы сұрақтарыңыз болса, Visa компаниясы ішіндегі тиісті Деректерді қорғау жөніндегі қызметкерлерге [email protected] поштасына сұрау жібере отырып, хабаралсуға болады.