Электрондық коммерция саудагерлерге өз өнімдерін әлем бойынша сатуға зор мүмкіндік бере отырып, қылмыскерлерге де заңсыз транзакциялар жасауға мүмкіндік туғызады. Visa ақша жымқырудан бастап, алдамшы ұсыныстарға немесе заңсыз ойындарға дейінгі зияткерлік меншік («IP») құқықтарына нұқсан келтiретiн заңсыз транзакциялар үшін өзінің төлем брендін және жүйесін пайдаланудың алдын алу мақсатында ерен еңбек етуде. Бұл оңай іс емес және бұл Visa IP иелері мен құқық қорғау органдарынсыз өзі әрқашан шеше салатын мәселе емес, бірақ осы төлем жүйесінің барлық қатысушыларының сенімін сақтап қалу аса маңызды болып табылады. Осы орайда Visa интернеттегі IP құқығын бұзуға қарсы күресу үшін IP иелерімен тығыз байланыста жүргізген жұмыстары мен құқық қорғау органдарымен болған серіктестікті жазып отырады. Егер IP иесі болсаңыз, IP құқығын бұзатын мәмілелер туралы Visa ұйымына хабарлау әдісі туралы қосымша мәліметті оқыңыз.
Зияткерлік меншік құқығы
-
-
Visa IP құқығын бұзатын өнімдер пайдаланылатын электрондық коммерция транзакциялары бойынша мәселелерді шешу үшін IP иелеріне өз еркімен көмек береді. IP иелерінен саудагер («Саудагер») Visa брендінің төлем карталары арқылы интернетте құқық бұзылуына себеп болатын тауарларды сатып алу транзакцияларын орындағаны туралы ақпарат пен сенімді айғақ қабылданған соң Visa ұйымы Саудагерге қызмет көрсетуші банкті («Эквайерді») анықтайды және оған ескерту жасайды. Эквайерге құқық бұзу растамаларын тексеру және кез келген тиісті шараны қолдану ұсынылады, мұндай шараларға Саудагерге контрафактілік тауарды сатуды тоқтатуды сұрау немесе саудагердің тіркелгісін жою жатады және бұлармен ғана шектеліп қоймайды.
-
Егер Сіз осыған дейін Саудагерден құқықты бұзбауды талап етіп, одан еш нәтиже ала алмаған IP иесі болсаңыз және веб-сайттың Visa жүйесін IP құқығыңызды бұзатын өнімдердің ақысын төлеу әдісі ретінде пайдаланатынына шын сенімді болсаңыз, бір айда бес (5) шағымға дейін (бір саудагердің веб-сайтына бір шағым) жібере аласыз. Барлық қажетті мәліметтер мен құжаттама берілмейінше, Visa шағымыңызды қарастыра алмайтынын ескертеміз.
-
Контрафактілік тауарларды Visa төлем картасы арқылы сатып алуға болады деген болжамға айғақ келтіруді өтінеміз. Қабылдауға болатын айғаққа саудагердің веб сайтында пайдаланылатын Visa логотипінің скриншоты жатады. Visa картасымен сынақ операция орындап, оның сәтті орындалатынына көз жеткізу өте жөн болар еді, бірақ олай жасау міндетті емес. Сынақ операция ретіндегі айғақ IP иесінің өтінішін қарастыруға үлкен көмек болар еді. Сенімді сынақ операциясының айғағына 16 сандық Visa картасының нөмірі, мәміле күні және мәміле сомасы жатады. Төлем карталары индустриясының деректер қауіпсіздігінің стандарттарына (PCI DSS) сәйкес болу үшін құқық иелеріне карта мәліметтерін интернет арқылы жібермеуге нұсқау беріледі. Егер IP иесінің өтінішінде сынақтық транзакцияның нәтиже бергені туралы мәлімделсе, Visa ұйымы IP иесімен телефон арқылы хабарласып, карта нөмірін сұрайды.
-
a. IP иесі компаниясының атауы
ә. IP иесімен байланысу мәліметі (аты-жөні, лауазымы, қызметтік мекенжайы, электрондық пошта және телефон нөмірі)
-
IP иесі Саудагер веб сайтындағы құқық бұзуға себеп болды деп пайымдалған тауарлардың авторлық құқықтарына және сауда белгілеріне ие екенін дәлелдейтін және мұндай құқықтар осындай тауарларды Саудагер орналасқан елде немесе Саудагер контрафактілік тауарларды сатқан немесе сатуға ұсынған ел(дер)де сатуға тыйым салатыны көрсетілген айғақ. IP иесінің құқықтарын дәлелдейтін мәліметтерге мемлекеттік мекемеде тіркелу нөмірлері немесе тіркелу куәліктерінің көшірмелері жатады және тек онымен шектелмейді.
-
Келесі шарттар бойынша тиісті юрисдикция заңдарына сай бекітілген, IP иесі қол қойған аттестация (ал егер IP иесі мекеме болса, онда IP иесінің өкілі қол қойған аттестация): (a) IP иесінің көңілге қонымды сұрауынан кейін IP иесі Visa-ға берген барлық мәліметтер мен айғақтар рас және IP иесінің білуінше барынша дәл күйде; (ә) IP иесі Саудагерге тауарларды шығаруға рұқсат бермеген және мұндай тауарларды сатуға тиісті юрисдикцияда тыйым салынған; және (б) Саудагердің тауарларды сатуы тиісті юрисдикциядағы білікті юрисдикциялық соттың үкіміне сай IP иесінің зияткерлік меншік құқығын бұзады деп есептеледі. Visa өтініштерді IP иесінің қол қойған аттестациясынсыз қабылдамайды. Visa ұйымы өтініштерді тек IP иесінен тікелей немесе IP иесінің атынан әрекет ететін қорғаушы заңгерден ғана қабылдайды; бірақ, заңгер болған жағдайда Visa ұйымында IP иесінің атынан әрекет ететін қорғаушы заңгерден тиісті түрдегі, IP иесі берген жазбаша сенім хатты талап ету құқығы болады.
-
Жоғарыда талап етілген мәліметтер алынған кезде Visa Саудагерге қызмет көрсететін банкті анықтау, IP иесінің өтінішін тиісті эквайерге бағыттау және эквайерге Саудагерді тексеруге нұсқау беру шараларын қолданады. Егер Саудагер тауарды сатуды тоқтатуға келіспесе немесе Саудагер өзінің тауарларды заңдарға сай сататыны туралы дәлел бермесе, эквайер Саудагер төлемдерін әрі қарай өңдеуді тоқтатуы тиіс болады.
-
Егер Саудагер тауарларды талаптар мен заңдарға сай жүзеге асыратыны туралы айғақ берсе, мұндай айғақ жазбаша түрде IP иесіне бағытталады. Егер Visa Саудагердің тауарларды сатуының заңдылығына қатысты Саудагер мен IP иесі арасында шынымен дау бар екенін анықтаса, онда Visa IP иесіне өз мәселелерін эквайермен және/немесе Саудагермен тікелей шешуге нұсқау береді. Visa ұйымы өз шешімі бойынша IP иесінен Visa ұйымын қорғауды, оның шығындарын өтеуді немесе оған Саудагердің немесе қозғалған іске қатысты басқа тараптардың шағымданбауын қамтамасыз етуді және Саудагерге қатысты салдарды өтеу шараларына (Visa-ның немесе эквайер банктің дауды шешуге кеткен кез келген қорғаушы заңгер ақысын, құнын және шығындарын төлеуі және мұнымен шектелмейді) қатыстырмауды талап етуі мүмкін. Зияткерлік құқықты теріс пайдалану бола тұра, электрондық төлемдерге деген сенімді сақтап қалу Visa, IP иелері, құқық қорғау органдары және электрондық коммерция саласында қызмет ететін басқа да мекемелер қорғайтын жауапкершілік болып табылады. Visa ұйымы IP құқығын бұзу ісіне шындап қарайды және Visa желісінде болып тұратын заңсыз транзакциялардың алдын алуға көмектесу үшін мүдделі тұлғалармен бірге жұмысын жалғастырады.