Ұсынған Алан Кенигсберг, Жаңа төлем ағындары бөлімінің жетекшісі, Visa Business Solutions
Шілде 2020
Бұл — теңдесі жоқ уақыт және әлемдік экономика қандай бағытта дамитынын алдын ала болжау мүмкін емес. Дегенмен бір нәрсе анық; бизнестің тиімділігін арттыруға деген сұраныс және өтімділікті құрудың жаңа және тиімді жолдарын іздеу қажеттілігі бұрынғыдан да маңызды.
Қаржы институттарының басым көпшілігі бүгінде банк-корреспонденттерді пайдалана отырып, компанияаралық (B2B) халықаралық төлемдер жібереді, бұл — қиындықтарға толы процесс. Өтімділікті тиімді басқаруды қиындатады, сонымен бірге төлемдерді жеткізу құнын арттырады. 2019 жылдың ақпанында Forbes журналына жазған Фрэнсис Копполаның айтуынша,1: «Бұл корреспонденттік банктердегі процестер — уақыт пен ақшаның жұты. Бұл Клиент туралы хабардар болу/Актив және жауапкершілікті бсқару тексерістері мен уақыт айырмашылығы сияқты нормативтік талаптарға байланысты орын алады. Сондай-ақ кейде корреспонденттік банктердің өздері ебедейсіз және тиімділігі төмен.» Провокациялық мәлімдеме болса да айтайын, мәселелер тікелей банкке қатысты емес, парадигма мен процестерге қатысты болуы мүмкін. Үш банктен бес банкке дейін бір-бірімен ақпарат және құнды мәліметтер алмасатын тізбекті процесті тек уақытша жақсартуға болады.
Бұл корреспонденттік банктердегі процестер — уақыт пен ақшаның жұты.1.
- Forbes журналы
Корреспонденттік банк процесінің бір бөлігі ретінде ностро шоттарында байланыстырылған қаражат халықаралық төлем шығындарының маңызды компонент бөлігі болуы мүмкін. Жақында жүргізілген зерттеу нәтижесінде зерттеуге қатысқан банктердің ностро шоттарын жүргізу құны жыл сайын $1,5 миллионды (648 миллион теңге) құраған2. Бұл ностро шоттарындағы қаражат тығырыққа тірелген өтімділік сомасын құрайды, оны банктер жақсырақ қолдана алар еді.
Әрине, B2B халықаралық төлемдер жүйесіне банктерге тығырыққа тірелген өтімділікті босататын және өздерінің корпоративтік клиенттеріне жақсырақ қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін жаңа әдіс керек.
Корреспонденттік желілер арқылы жіберілетін төлемдерде бірқатар кемшілік бар. Дәстүрлі екі жақты коррестонданттік процестің көмегімен халықаралық төлемдер жасау кезінде ақпарат ашықтығы жетіспейді, себебі жіберуші банк те, алушы банк те транзакциядағы қаражаттың қай жерде екенін біле алмайды. Транзакция бірнеше корреспонденттік банктен өтетіндіктен, төлемнің қашан келетінін немесе одан қанша комиссиялық алым алынатынын анықтау мүмкін емес.
Осы кемшілікті жою үшін SWIFT өзінің Global Toyments Initiative (GPI) бастамасын енгізді, ол корреспонденттік банк процесінде төлемдердің қай жерде екенін ашық көрсетеді. Дегенмен әлі де төлемді болжау мүмкіндігінің жетіспеушілігі байқалады. Алдын ала болжау болмаса, валюта бағамы (FX) қандай болатынын білу қиын. Одан бөлек бұл схемада клиенттерінің операция жасайтын елдеріндегі көптеген валютаға қызмет көрсету үшін, қаражат жіберуші банктер көптеген корреспонденттік банкпен қарым-қатынас орнатуы керек болады, ал ол тиімділікті төмендетеді.
Алдын ала болжау болмаса, валюта бағамы қандай болатынын білу қиын.
Жаңа цифрлық технология инновациялары нарыққа кіріп келеді, соның арқасында банктердегі өтімділікті жақсартады. Жаңадан шығып жатқан желілер үлестірілген бухгалтерлік кітап инфрақұрылымдары сияқты келесі буын технолонияларын қолданып жатыр. Олар жеке, рұқсат етілген және қауіпсіздігі күшті желідегі қаржылық транзакцияларды жеңілдете алады. Мұндай түпкілікті төлем желілері халықаралық төлемдер процесін жеңілдетеді, сонымен бірге тығырыққа тірелген өтімділікті ашуға көмектеседі. Екі жақты есеп айырысу әдісімен салыстырғанда көп жақты әдісті пайдалану арқылы, түрлі валюталарда және елдерде төлемдерді жүргізу үшін қаражат жіберуші банкке көптеген корреспонденттермен қарым-қатынас орнатудың қажеті жоқ. Бір қарым-қатынас арқылы қаражат жіберуші банк төлем желісіндегі бенефициар банкіне тікелей төлем жібере алады. Visa’s B2B Connect — таза есеп айырысу, көп жақты есептесу процесі және қарапайым ережелері бар жаңа әдістің бір мысалы бола алады. Онда процестің тоқтап қалу, кедергілерге тап болу және ақаулар шығу ықтималдығы төмен болғандықтан, жылдам әрі тікелей жүргізіледі. Осылайша төлемдердің толық құнын жеткізуге кепілдік беріледі.
Желілік өтімділікке кіру рұқсатының артықшылықтары тек қаражат жіберуші банкке ғана берілмейді. Банк төлем нұсқаулығын жіберіп, желі арқылы өз міндеттемелерін орындаған кезде, ол қаражат алушы банкке бірден түседі.
Бұл жаңа халықаралық төлем әдісі барлық транзакциялық тізбекке өтімділік артықшылығын береді. Желідегі банктер өтімділіктің жоғарылауынан пайда ала отырып, барлық валюталық төлемдерін ыңғайлы басқара алады. Қаражат жіберуші банктер корреспондент банктердегі ностро шоттарында тығырыққа тірелген өтімділікті оңай босатады. Бірнеше ностро шоттарына деген қажеттілікті жою арқылы транзакция ақыларына байланысты шығындарды азайтады.
Дәстүрлі екі жақты корреспонденттік желілік әдістің шектеулерін айналып өтетін көпжақты қарым-қатынас құрылымы арқылы тиімді халықаралық төлемдерді қамтамасыз ету арқылы айтарлықтай артықшылықтарға ие боласыз. Ірі сомадағы халықаралық төлемдерге желілік ұсынысты пайдалану банктерге өтімділік позицияларын басқару әдісін өзгертуге жол ашады.
B2B халықаралық төлемдер жіберудің бұл жылдам дамып келе жатқан және керемет әдісі банктерді қызықтыратыны және мұқият зерттеуге тұрарлық екені анық.