Visa-мен телефон нөмірі арқылы аударымдар
Бұл не және қалай жұмыс істейді?

Достарыңызға, балаларыңызға, ата-анаңызға, әріптестеріңізге, таныстарыңызға қажетті соманы аудару керек пе?
Енді бұл Visa-мен өте оңай.

Аударым жасау үшін енді карта нөмірін жазып алып, сақтаудың, тіпті білудің де қажеті жоқ. Телефоныңыздағы байланыстар тізіміне қажетті адамды қалай жазып алғаныңызды есте сақтап алсаңыз жеткілікті.

Аударым жасау үшін:

  • Банк қолданбасына кіріңіз.
  • "Телефон нөмірі арқылы аударымдар" бөлімін тауып алыңыз.
  • Қажетті байланыс нөмірін таңдаңыз.
  • Қажетті соманы енгізіңіз.
  • Аударымды растаңыз.
  • Дайын: аударым бірнеше секундта жасалды.

Аударымды алу үшін:

  • Банк қолданбасына кіріңіз.
  • "Телефон нөмірі арқылы аударымдар" бөлімін тауып алыңыз.
  • Телефон нөмірі арқылы аударымдар алу мүмкіндігін қосыңыз.
  • Аударым алғыңыз келетін Visa картасын таңдаңыз.
  • Теңшелімдерді сақтаңыз.

Артықшылықтары қандай?

 

 

Қолайлы

Аударым жасау үшін қажетті адамның байланыстар тізімінде қалай жазылғанын есте сақтап алсаңыз жеткілікті. Оның картасының нөмірі қажет емес.

Өте тез

Бар болғаны бірнеше рет басасыз. Растаған кезде аударым лезде жасалады.

Қауіпсіз

Visa карталарымен жасалатын кез келген басқа операциялар сияқты аударымдар да қауіпсіз әрі оңай жасалады.

Құпиялылық

Visa әр ақша аударымының құпиялылығына кепілдік береді.

 

 

Сіз телефон нөмірімен аударым жасай алатын банктер:

Сұрақтар

Банк қолданбасына кіріп, "Телефон нөмірі арқылы аударымдар" бөлімін таңдап, қажетті байланыс нөмірін таңдайсыз, сосын соманы енгізіп, аударым жасайсыз.

Аударымды қабылдау үшін — банк қолданбасына кіріңіз, "Телефон нөмірі арқылы аударымдар" бөлімін таңдаңыз, аударым алу мүмкіндігін қосыңыз. Тізімнен қажетті картасын таңдаңыз.

Егер карта иесі телефон нөмірі бойынша аударымдар қабылдау мүмкіндігін іске қосқан болса, оның картасының нөмірін білудің қажеті жоқ. Тек оның телефон нөмірін немесе байланыстар тізімінде қалай жазылып, сақталғанын білсеңіз болғаны.

Аударымдарды Visa карталары мен түрлі банктердің басқа төлем жүйелері арасында жасауға болады. Шектеусіз.

Тек бір картаны.

Аударымдар ел ішінде және шетелде (Беларусь, Өзбекстан, Армения, Молдова) жасалады.