Samsung Pay-ді смартфонға қалай қосуға болады
Samsung Pay арқылы смартфонмен төлем жасау
- Смартфон экранында төменнен жоғары қарай сырғытып, Samsung Wallet қолданбасын іске қосыңыз.
- Төлем үшін Visa картасын таңдаңыз.
- Саусақ ізі, көздің қарашығын сканерлеу немесе Samsung Pay қолданбасының PIN-коды арқылы төлемді растаңыз.
- Смартфонның артқы жағын төлем терминалына жақындатып, төлем дабылын күтіңіз.
Samsung Pay-ді смарт-сағатқа қалай қосуға болады
Samsung Pay арқылы смарт-сағатпен төлем жасау
- Сағаттағы «Артқа» батырмасын басып, ұстап тұрып, Samsung Pay (wallet) қолданбасын ашыңыз.
- Сағатты төлем терминалына жақындатыңыз.