• Visa қолдауымен сән әлемінде өзіңізді көрсетіңіз

    Next Designer Award. Empowered by Visa Next Designer Award. Empowered by Visa

Visa жас дизайнерлерге қолдау көрсетеді – бойыңыздағы дарынды көрсетіңіз

Сән әлеміндегі студент немесе енді бастаған жас мамансыз ба?

Бүкіл fashion саласын шулатқан дизайнер болғыңыз келе ме? Бұл – сіздің мүмкіндігіңіз.

Next Designer Award empowered by Visa қайта оралды: $10 000 грант, Visa Fashion Week SS/27 байқауына қатысу және өзіңді бүкіл Орталық Азияға көрсету мүмкіндігі!

Next Designer Award empowered by Visa деген – жас дизайнерлерге қолдау көрсететін жыл сайынғы платформа және биыл шекарамызды кеңейттік – дарынды жастарды бүкіл Орталық Азиядан шақырамыз!

Бұл жоба жаңа аттардың танымал болуына нақты мүмкіндіктер беру үшін ашылған – халықаралық fashion іс-шараларына қатысудан бастап, жеке топтамаңызды шығаруға дейін.

Не болады? Бас жүлде:

Топтамаңызды шығаруға $10 000 грант Visa Fashion Week SS/27 байқауына қатысу.

Байқау кезеңдері:

Науқан өтетін кезең: 15.06.2026 – 21.08.2026 аралығында.

  • Өтінімдерді қабылдау: 15.06.2026 – 22.07.2026 аралығында;
  • Модерация және жеңімпадарды таңдау: 22.07.2026 – 24.07.2026 күндері;
  • 15 жеңімпазды жариялау: 25.07.2026 ж;
  • Топтама дайындау: 07.2026 – 21.08.2026 аралығында;
  • Қатысушылардың топтамаларын жабық ортада таныстыратын және жеңімпазды Әділқазы алқаларының дауыс беруі арқылы таңдайтын күн: 21.08.2026.

Қалай қатысады:

2026 жылғы 22 шілдеге дейін [email protected] email-ына өтінім жіберіңіз.

Өтінімде:

  • Өзіңізді таныстыру (жасыңыз, қалаңыз, байланыс ақпараты, сән әлеміндегі тәжірибеңіз) PDF-те;
  • Болашақ топтамаңыздың тұжырымдамасы – кемінде 3 слайд – PDF-пен;
  • Кез келген стильдегі 10 бейненің сызбасы – PDF форматында болуы керек.

2026 жылғы байқаудың әділқазылары:

(ожидаем информацию)

Бағалау критерийлері:

Финалистерді төмендегідей параметрлер бойынша анықтайды:

  • Ерекше идея
  • Үлгілерінің өзектілігі мен жаңашылдық
  • Формасының, құрылымы мен түстерінің сәйкестігі
  • Топтамалардың стилі толық болуы керек.

Қатысуға жіберген өтініміңізде мынадай құжаттар болуы керек:

  • Жасыңыз, тұратын қалаңыз, байланыс деректеріңіз, дизайн мен сән әлеміндегі тәжірибеңіз жазылған өзіңіз туралы PDF форматындағы презентация;
  • Топтаманың тұжырымдамасы 3 және одан көп слайдта – идеяңыз, шабыт көзі, мудбордтар PDF форматында;
  • 10 кейіпке арналған топтама сызбасы (сызба форматын қатысушы өзі таңдайды) PDF форматында.

Финал және жеңімпаз.

2026 жылғы 21 тамызда Ташкентте жабық көрсетілім болады да, әділқазылар жеңімпазды таңдайды.

Жеңімпаз топтамасын шығаруға $10 000 грантты алып, оны Visa Fashion Week SS/27 аясында таныстырады.

Назар аударыңыз:

Науқанға 18 (он сегіз) жасқа толған және науқан өткізіліп отырған елде азаматтығы бар кез келген жеке тұлға қатыса алады.

Қатысу тегін. Ташкентте тұрмайтын финалистерге финалға келетін жолы төленеді.