Акциясының ережелері
Бәріне шабыт беріңіз, Visa-дан сыйлық ұтыңыз!
1. «Бәріне шабыт беріңіз, Visa-дан сыйлық ұтыңыз!» Акциясының (әрі қарай – «Акция») сыйлығы мен өткізілу шарттары осы Ережелермен анықталады.
2. Акция жеңімпаздары осы Ережелерде айтылған критерийлерге сәйкес анықталатын болады.
3. Акция Ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Достық д-лы, 132, 5-кеңсе мекенжайы бойынша орналасқан «ROI GROUP» (РОИ Групп) (БСН 151240005397) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай – «Ұйымдастырушы») болып табылады.
4. Акция Серіктесі:
4.1. Visa International Service Association (Виза Интернэшнл Сервис Ассосиэйшн) (әрі қарай – «Visa») болып табылады;
5. Акция мағынасы мен анықтамасы бойынша «Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңына және «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес құмар ойын және/немесе лотерея болып табылмайды.
6. Акцияға қатысу үшін ақы алынбайды.
7. Акцияға 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын, тұруға ықтиярхаты бар, осы Ережелердің барлық талаптарының шарттарын тиісінше орындаған жеке тұлғалар (әрі қарай – «Акция Қатысушысы») қатыса алады.
8. Акцияға келесілер қатыса алмайды және қатыспайды: Акция Ұйымдастырушысымен немесе Серіктеспен кез келген белгілер бойынша және кез келген нысанда үлестес тұлғалар, соның ішінде қызметкерлер, олардың жақын туыстары (күйеуі/әйелі, ата-анасы (ата-ана), қызы, ұлы, асырап алушылары, асырап алған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалары мен апайлары, әжелері, аталары, немерелері), Қазақстан Республикасының бейрезиденттері, осы Ережелердің 7-бабында көрсетілмеген өзге де тұлғалар.
9. Акцияның жүлде қоры:
Жүлденің атауы
Қазақстандық @adili.kz бренді ұсынған аксессуарлар жинағы (косметика салғыш және орамал) (әрі қарай – Жүлде)
Жүлделердің жалпы саны
15 жинақ
Жеңімпаздар саны
Негізгі – 15
Резервтік – 15
10. Акцияның өткізілу кезеңі: 2023 жылғы 04 наурыз күні Астана уақытымен сағат 00:00 – 2023 жылғы 9 наурыз күні сағат 23:59 (әрі қарай – «Акция кезеңі»)
11. Акцияға қатысу шарттары:
11.1. Instagram-дағы https://www.instagram.com/visakz_official/ адресі бойынша орналасқан Visa Kazakhstan (@visakz_official) парақшасының оқырманы болу;
11.2. Instagram желісіндегі @visakz_official профилінің басында орналасқан highlights-те «Motivation» сторисін тауып алып, осы сториске скриншот (экранды түсіру) жасау (әрі қарай – Скриншот);
11.3. Скриншотта көрсетілген фразаларды жалғастыра отырып, Instagram желісіндегі өз парақшаңызда сториске Скриншотты жариялаңыз;
11.4. Instagram желісіндегі өз парақшаңызда сториске Скриншотты жариялаған кезде @visakz_official парақшасын белгілеңіз
11.5. бір Жеңімпаз тек бір Жүлде алуға құқылы. Бір тұлғаның әр түрлі аккаунттан қатысуына рұқсат етілмейді.
11.6. бүкіл Акция мерзімінде Қатысушының Instagram желісіндегі парақшасы ашық, шынайы парақша (яғни, нақты бір жеке тұлғаға тиісті болуы керек) және коммерциялық болмауы тиіс;
11.7. Акцияға боттар, сондай-ақ конкурстар, акциялар, ұтыс ойындары мен Instagram-да және/немесе Интернетте өткізілетін басқа да жарнамалық науқандар үшін арнайы құрылған парақшалар қатыстырылмайды.
12. Акцияға осы Ережелердің 11-бабының талаптарына сәйкес жарияланған Қатысушының бір сторисі ғана қатысады;
13. Акция Жеңімпаздарын (негізгі және резервтік) Ұйымдастырушы 2023 жылғы 10 наурызда осы Ережелердің шарттарын толық орындаған Акция Қатысушылары арасынан random.org сайтында кездейсоқ таңдау әдісімен анықтайды.
14. Ұтыс ойынын трансляциялау Instagram-дағы @visakz_official парақшасында тікелей эфирде өтетін болады.
15. Ұйымдастырушы осы Ережелердің 13-бабына сәйкес Жеңімпаздар анықталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Жеңімпаздарды Instagram-дағы Қатысушының Direct парақшасына хабарлама жіберу арқылы ұтқаны туралы хабардар етеді.
16. Егер Жеңімпаз Ұйымдастырушының хабарламасына 3 (үш) жұмыс күні ішінде жауап бермесе немесе Жүлдеден бас тартса, Ұйымдастырушы бірінші резервтік жеңімпазбен байланысады, ал бірінші резервтік жеңімпазбен байланыса алмаса, екінші резервтік жеңімпазбен және т. с. с. байланысады.
17. Жеңімпаз Ұйымдастырушының сұрауымен келесі ақпаратты беруге міндетті: аты-жөні, пошталық индексі бар нақты тұратын мекенжайы, байланыс телефоны.
17.1. Жеңімпазбен @visakz_official парақшасы және/немесе + 7 701 4102392 ұялы телефон нөмірі/WhatsApp арқылы Ұйымдастырушының уәкілетті өкілі байланысады.
17.2. Ұйымдастырушы осы баптың 17.1-тарм. көрсетілмеген басқа байланыс деректері арқылы Жеңімпазбен байланыспайды.
17.3. Ұйымдастырушы, Серіктес ешқашан банк шоттарыңыздың нөмірлері, банк карталарының нөмірлері/фотосуреттері, интернет-банкингтің пайдаланушы аты/құпиясөзі, SMS арқылы келетін бір реттік кодтар, PIN-кодтар, жеке кабинеттердің құпиясөздері, әлеуметтік желілердегі аккаунттар және осы сияқты т. б. құпия ақпаратты сұрап, электрондық хаттар, SMS жібермейді және қоңырау шалмайды.
18. Жүлдені тапсыруды Ұйымдастырушы осы Ережелердің 17-бабында көрсетілген ақпаратты алған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Жеңімпаздың (Жеңімпаз ұсынған) пошталық мекенжайына жіберу арқылы жүзеге асырады. Жүлдені алған кезде жеңімпаз жеке куәлігінің көшірмесін беруі, тапбыстау-қабылдау актісіне қол қойып, Жүлдемен фотоға түсуі тиіс.
19. Ұйымдастырушы және Серіктес Ұйымдастырушы мен Серіктестің қатысы жоқ кез келген себептермен Жеңімпаздың Жүлдені алу мүмкіндігі болмағаны үшін жауапкершілік тартпайды.
20. Ұйымдастырушы мен Серіктес Жеңімпаз алған Жүлденің әрі қарайғы пайдаланылуы үшін жауапкершілік тартпайды. Акцияны өткізу аясында таратылатын жарнамалық материалдарда көрсетілген (көрсетілуі мүмкін) Жүлделердің сыртқы түрі/пішіні/суреті және оларды пайдалану әсерлері нақты жүлделерден өзгеше болуы мүмкін және Қатысушылардың болжамдарымен толық сәйкес келе бермейді.
21. Егер Жүлде осы Ережелердің 19-бабында аталған себептен алынбаса, Жеңімпаз оны қайта талап ете алмайды. Осындай Жүлделерді алмау бойынша шағымдар қаралмайды.
22. Жеңімпаздардың алған Жүлделері айырбасталмайды және қайтарылмайды. Жүлделердің ақшалай баламасы берілмейді.
23. Акция туралы ақпарат, Акцияның елеулі өзгертулері, Акция Жеңімпаздары және басқа да ақпарат Instagram-дағы @visakz_official парақшасында орналастырылады.
24. Ұйымдастырушы кез келген уақытта өз қалауымен, осы туралы Акция Қатысушыларына және барлық мүдделі тұлғаларға осы Ережелерде анықталған әдіспен, ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес хабарлай отырып, Акцияны өткізу ережелерін, жүлде қорын толықтыруға және/немесе мерзімін өзгертуге, сонымен қатар Акцияның өткізілуін толық немесе ішінара тоқтату, уақытша тоқтату, оны өткізуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
25. Ұйымдастырушы және Серіктес Акция Қатысушысы жіберген қателіктердің қандай да бір салдары үшін, соның ішінде оның шығындары үшін жауапты емес.
26. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы даусыз, сөзсіз және қайтарылмайтын тәртіпте Ұйымдастырушы мен Серіктеске Қатысушының аты-жөнін, жеке деректерін, сұхбатты немесе оның Акцияға қатысуға байланысты басқа материалдарын, соның ішінде Акция қатысушысының суреті мен бейнетүсірілімін қолдану, сонымен қатар Акция туралы жарнамалық ақпаратты тарату кезінде Акция Қатысушысы бар сурет пен бейнежазбаларды шектеусіз мерзімге және аумақ бойынша шектеусіз, және осындай пайдалану үшін қандай да бір сыйақы төлеместен қолдану құқығын береді.
27. Жүлдені алуға келісе отырып, және өз деректерін ұсына отырып, Қатысушы Ұйымдастырушымен және Серіктестермен Қазақстан Республикасының «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы №94-V Заңында (әрі қарай – Заң) көзделген ережелерге сәйкес жеке деректерді өңдеуге, соның ішінде жүйелендіруге, жинауға, сақтауға, нақтылауға (жаңартуға, өзгертуге), шығарып алуға, қолдануға, таратуға, иесіздендіруге, бұғаттауға, жоюға, Акцияны өткізу мақсатында оны бүкіл өткізілу мерзімінде және ол аяқталғаннан кейін 3 (үш) жыл ішінде жоюға берген өз келісімін растайды. Көрсетілген келісімді Қатысушы Ұйымдастырушыға «ROI GROUP» (РОИ Групп) ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Достық д-лы 132, 5-кеңсе мекенжайына табыстау туралы хабарламасы бар тиісті тапсырыс хатты жіберу арқылы кез келген уақытта қайтарып ала алады.
28. Акцияға қатысу фактісі Қатысушының дербес деректерін Ұйымдастырушы мен Серіктестің Акцияны өткізу мақсатында қажетті кез келген тәсілдермен және осы Ережелерде көзделген тәртіппен өңдеуіне еркін, нақты, ақпараттандырылған және саналы түрде келісім білдіруі болып табылады.
29. Осы Ережелердің мақсаттары үшін жеке деректер деп айқындалған немесе айқындалатын жеке тұлғаға (дербес деректер субъектісіне) тікелей немесе жанама қатысты кез келген ақпарат түсініледі.
30. Акция Қатысушысы Акцияға қатысуға байланысты өз құқығын үшінші тұлғалардың пайдасына (оның ішінде Жүлдені алу құқығын) табыстауға құқығы жоқ.
31. Акцияға қатысу фактісі Акция Қатысушысының осы Ережелермен танысқанын және келісетінін растайды. Ережелермен келісу толық және шүбәсіз болып табылады.
32. Акцияның барлық нәтижелері, сонымен қатар Акция Ұйымдастырушысының және Серіктестің шешімдері ақырғы болып табылады және оған шағым жасауға болмайды.
33. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 327, 351-баптарына сәйкес төлем көзінен салық салынатын кірістерге Жүлделер жатады. Кірістің осы түрі (ұтыс) бойынша ЖТС (жеке табыс салығы) есептеуді және ұстап қалуды Жеңімпазға Жүлдені тікелей беруді қамтамасыз ететін Ұйымдастырушы салық агенті жүргізеді.
34. Ұйымдастырушы және Серіктес осы Ережелерде, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа кезде және даулы жағдайлар туындағанда, Акция қатысушыларымен жазбаша келіссөздер жүргізбеу немесе өзге жолмен байланысқа түспеу құқығын өзіне қалдырады.
35. Осы Ережелерде көзделмеген жағдайда ақырғы шешімді Ұйымдастырушы қабылдайды.
36. Акцияға қатысуға, ұтыстарды өткізуге, Жүлделерді таратуға және өзге мәселеге байланысты қандай да бір сұрақтар туындағанда, Акция Қатысушысы [email protected] электрондық адресіне хат жазу арқылы Ұйымдастырушыға хабарласа алады. Ұйымдастырушының жауап хаты Акция Қатысушысынан хат алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде жіберілетін болады.
37. Осы Ережелер Акцияның ресми құжаты болып табылады.