Visa ұсынған арнайы сервис Visa Platinum, Visa Signature, Visa Infinite, Visa Platinum Business және Visa Signature Business карталарына келесі сақтандыру жағдайларында қолжетімді:
Қай Visa карталарына сақтандыру сервисі қолжетімді?




Сақтандыру қашан әрекет ете бастайды?
Шетелге сапар шеккенде
Егер сапарға шыққанға дейін төмендегіні жасасаңыз, сақтандыруыңыз автоматты түрде іске қосылады:
- Visa премиум картасымен екі бағытқа билеттерді төлесеңіз.
- Сапарға шыққанға дейін Visa премиум картасымен тұратын жерді брондап, төлесеңіз
- Сапарға шыққанға дейін Visa премиум картасымен билеттерді және тұратын жерді төлесеңіз.
Егер сапарға шыққанға дейін төмендегіні жасасаңыз, тұрақты тұратын еліңіз бойынша сақтандыруыңыз автоматты түрде іске қосылады:
Visa премиум картаңызбен үйден кемінде 100 км қашықтықта тұратын үйді кем дегенде 2 түнге алдын ала брондап қойған болсаңыз.
Назар аударыңыз: Сақтандыру әрекет ете бастау үшін көлік және/немесе тұру ақысын Visa премиум картаңызбен (бұл ретте картадағы атау билеттердегі және/немесе тұратын үйді брондау кезіндегі атқа сәйкес келуі тиіс) төлеу қажет.
COVID-19 қалай сақтандырылады?
Ауырған жағдайда сақтандыру компаниясына хабарлау қажет. Бұл ретте барлық медициналық шығындарды өзіңіз төлейсіз, ал тұрақты тұратын елге оралғаннан кейін өтемақы алуға өтініш бересіз. Бұл сақтандыру жағдайы әдеттегі медициналық жағдай ретінде қарастырылады.
Егер сіз сапарды алдын-ала жоспарлап, төлесеңіз немесе шарт бойынша төлеуіңіз керек болса, бірақ кенеттен COVID-19-бен ауырып, сапар тоқтатылып, дәрігер сізді мәжбүрлі карантинге орналастырса, сіз құжаттарды сапардың күші жойылғандықтан сақтандыру өтеліміне тапсыра аласыз. Сақтандыру компаниясына диагнозыңызды растайтын ресми медициналық құжаттарды беру қажет, осыдан кейін өтініш қарастырылатын болады.
Сақтандыру артықшылықтары
- Бүкіл отбасын сақтандыру. Отбасымен сапарға шықсаңыз, онда олар да (жолдасыыңыз бен балаларығңыз) сақтандырылады.
- Сақтандыру тұрғылықты елде және шекарадан тыс жерлерде әрекет етеді.
- Спорттың 50-ден астам түрін сақтандыру.
- Сатып алған заттарды зақымдаудан немесе ұрлаудан сақтандыру.
- Жоғары сақтандыру лимиті. Сақтандыру жағдайы басталған кезде алуға болатын максималды жоғары сома — Visa Infinite картасымен 2,5 млн USD, Visa Signature карталары үшін 750 мың USD, Visa Platinum Business карталары үшін 500 мың USD және Visa Signature Business карталары үшін 500 мың USD.
Cақтандырудың жалпы ережелері мен шарттары
Сапарға шықпас бұрын сақтандыру сертификатын толтыру ұсынылады, өйткені оны кедендік бақылауда сұрауы мүмкін.
Ұзақтығы бір сапарға – 90 күн, бірақ жылына 183 күннен аспауы қажет. Егер сапар 90 күннен асатын болса, ол толығымен сақтандырылмаған болып саналады.
Сақтандыруыңыз тұрақты тұратын елден шығу және кіру фактісінен басталады және аяқталады.
Егер медициналық сақтандыру жағдайы орын алса, не істеу керек?
1. Бірінші кезекте — болған жағдай туралы хабарлаңыз:
А) Коммуникацияның кез келген арнасы арқылы Visa консьерж-сервисіне:
+7 727 349 5062
нөмірі бойынша
Б) Немесе келесі нөмірлер бойынша International SOS-қа: +380444993975 / +74959376453 / +442087628373
В) Имейлге: [email protected]
2. Сақтандыру компаниясы сізді клиент ретінде сәйкестендіре алатын деректерді көрсетіңіз:
- Т. А. Ә.
- картаның алғашқы 9 саны
- байланысатын қаржы және жергілікті нөмірі
3. Сақтандыру компаниясы (өз кезегінде) хабарласқаныңызды белгілеп, оны кезекші дәрігерге береді.
4. Дәрігер сізбен байланысып, не істеу керектігін және қай клиникаға бару керектігін айтады.
5. Сақтандыру компаниясы жағдайды бақылап тұру үшін қатарынан клиникамен байланысқа шығады.
6. Шығындарды өтеу үшін болған оқиғаны растайтын барлық чектерді, билеттерді және басқа құжаттарды сақтаңыз..
Назар аударыңыз:
Бастапқыда карта ұстаушысы барлық шығындарды өз бетінше төлейді, ал сақтандыру компаниясы өтемақы туралы өтінішті қарастырғаннан кейін ғана оларды өтей алады. Карта ұстаушының тұрақты тұратын еліне оралғаннан кейін жұмсайтын медициналық шығындары сақтандыру сервисімен өтелмейді.
Сұрақтар мен жауаптар
-
CHUBB – мүлікті сақтандыру және жауапкершілікті сақтандыру саласындағы әлемдік көшбасшы. Компания нарықта 15 жылдан астам уақыт бар.
CHUBB-тың 54 елде бөлімшесі бар және келесідей қызметпен айналысады:
- мүлікті сақтандыру
- заңды және жеке тұлғалардың жауапкершілігін сақтандыру
- жеке тұлғаларды жазатайым оқиғадан сақтандыру
- медициналық сақтандыру
- қайта сақтандыру
- клиенттердің әртүрлі топтарының өмірін сақтандыру.
Штаб-пәтердің орналасқан орны: Уоррен, Нью-Джерси, АҚШ.
-
Егер келесідей себептерден сапарыңыз тоқтатылса немесе ол басталмай тұрып қысқартылса, өтемақы ала аласыз:
- картхолдердің немесе жақын туысының кенеттен ауырып қалуы, жарақаттануы немесе қайтыс болуы
- инфекция жұқтырғандар үшін мәжбүрлі карантин (елдегі жағдай емес, жеке карантин)
- жүктілік кезінде салдары бар асқынулар (егер ол сапарды брондау алдында пайда болмаса).
Бұл жағдайда сақтандыру компаниясы сапарға өтелмейтін шығындарды ғана өтейді.
Сақтандыру нені ӨТЕМЕЙДІ:
- өтелетін әуежай алымдарын, баж бен салықтарды төлеу шығындары
- бұрыннан болған ауруға байланысты сапардың бұзылуы
- мильдер, бонустар, ұпайлар және т. б. арқылы төленген сапарға кеткен шығындар.
- төлқұжаттың немесе визаның болмауына немесе жарамсыздығына байланысты сапардың бұзылуы
-
Рейстің кешігуі үшін өтемақы алу шарттары:
- рейсіңіз 4 не одан да көп сағат кешіксе
- сіз рейске тіркелдіңіз
- сізде рейстің кешігуі туралы әуекомпанияның ресми құжаты бар
-
Багаждың кешігуі үшін өтемақы алу шарттары:
- багажыңыз 4 не одан да көп сағат кешіксе
- сізде багаждың кешігуі туралы әуекомпанияның ресми құжаты бар
Нені ӨТЕМЕЙДІ:
- кеден қызметі немесе басқа да билік органдары өкілдерінің кідіртуі, тәркілеуі немесе ұстауы нәтижесінде жоғалуы
- жүк ретінде немесе көлік жүкқұжаты бойынша тасымалданған багажға қатысты талаптар
-
Өткізіп алынған рейс үшін өтемақы алу шарттары:
келесі себептермен сапарға шығу орнына кешігіп қалдыңыз:
⇾ сіз мінген автокөлік сынды немесе ЖКО-ға түсті
⇾ сізді жеткізетін қоғамдық көлік кестеге сәйкес келмедікелесіні ұсынуыңыз тиіс:
⇾ карта ұстаушының барлық қосымша шығындарының дәлелі
⇾ қоғамдық көліктің нақты кешігуі туралы ресми хат
⇾ ЖКО болғаны туралы акт- сіз жолға шығатын жерге уақытында келетіндей ақылға қонымды уақытты қарастыруыңыз қажет.
-
Өткізіп алынған транзиттік рейс үшін өтемақы алу шарттары:
- түйіскен орында өзіңіздің расталған келесі рейсіңізді өткізіп алдыңыз
- сіз әуекомпаниясының бірінші рейстің ұшуының немесе келуінің кідіртілгенін растайтын құжаттарын ұсынуыңыз қажет
- келесі рейске жету үшін бар күшіңізді салуыңыз керек; рейстің жоспарланған келетін уақыты арасында (кем дегенде) 2 сағатты қарастыру керек
-
Төмендегі жағдайларда сапарлар сақтандырылмайды:
- дәрігердің ұсыныстарына қарамастан сапарға шықсаңыз
- медициналық көмек/кеңес алу мақсатында сапарға шықсаңыз
- сізде қосымша емдеуді/тексеруді қажет ететін диагнозы қойылмаған симптомдар бар
- сапарды брондау кезінде сіз оны тоқтатуы немесе қысқартуы мүмкін қандай да бір себептер жайында білесіз
- егер сапарыңыздың негізгі мақсаты спорт жарыстары болып, сіз спортшы ретінде сапарға шықсаңыз
- жұбыңыз немесе балаңыз карта ұстаушысынсыз сапарға шықса
-
Егер спорт жарыстарына қатысу сапарыңыздың басты мақсаты болмаса, сіз келесі жағдайда сақтандырыла аласыз:
- қауіпсіздігіңіз үшін барлық ұсынылған / қажетті керек-жарақтарды пайдаланасыз
- ұйымдастырушылар ұсынатын барлық қауіпсіздік талаптары мен ережелерін сақтайсыз
- сізде дәрігердің осы спорт түрімен айналысуға қарсы көрсетімдері жоқ
- жылдамдыққа және уақытқа жарыспайсыз
-
Visa Platinum, Visa Signature, Visa Infinite, Visa Platinum Business және Visa Signature Business премиум картасын ресімдеу үшін автоматты түрде сақтандырылған болу қажет – біздің серіктес банктер тізімімен танысып шығыңыз: https://www.visa.com.kz/ru_KZ/pay-with-visa/partner-banks.html
Сақтандыру сервисі және Visa премиум карталарының басқа артықшылықтары туралы толық ақпаратты Visa чат-ботынан біле аласыз.
Telegram/Viber чат-ботын қосқанда төмендегідей мүмкіндік беретін виртуалды көмекшіге ие боласыз:
- Күнделікті мәселелерді жылдам әрі қиындықсыз шешу үшін консьерж-сервиспен байланысу.
- Премиум карталарға арналған арнайы ұсыныстар жайында ақпарат алу.
Сақтандыру сертификаттарын жүктеңіз де, сілтемедегі сақтандыру шартын қарап шығыңыз: https://cardholderbenefitsonline.com.
Сақтандырушы: CHUBB INSURANCE SOUTH AFRICA LIMITED, ОАР. Қаржы қызметтерінің уәкілетті жеткізушісі (FSP No: 27176). 12.06.2007 жылғы тіркеу №1973/008933/06.