Visa-мен қала ішінде «Алем ТАТ» тегін курьердің жеткізуін пайдаланыңыз

«Алем ТАТ» компаниясы Қазақстан Республикасының 23 қаласында курьерлік қызметтердің толық шоғырын ұсынады. Біз халықаралық сертификатпен (ISO), барлық кезеңде қатаң қадағалау және «қолдан қолға» кепілді мерзімдермен жоғары сапалы жеткізуді қамтамасыз етеміз

«Алем ТАТ» компаниясы бизнесіңізге несімен пайдалы?

  • Жоғары сапалы қызмет – әр кезеңде қадағаланатын сенімді жеткізу.
  • Халықаралық стандарт – ISO сапа сертификаты бар.
  • Кепілді мерзім – тапсырыстарды белгіленген мерзімде жеткізу.
  • Дербес сервис – әр жіберілген затты қолдау және сүйемелдеу.

Visa бизнес-карталарының иелеріне «Алем ТАТ» компаниясынан арнаулы ұсыныс

Visa бизнес-карталарын пайдаланғанда, қалаңыздың ішнде курьердің 1 рет тегін жеткізу қызметін алыңыз. Ұсынысты жылына 1 рет пайдалануға болады.

Ұсынысты қалай пайдалануға болады?

  1. Өзіңізге ыңғайлы мессенджерде (Viber/Telegram) Visa Concierge чат-боты арқылы промокод алыңыз.
  2. Чат-ботқа сілтемемен өтіп, Visa for Business батырмасын басып, консьерж-сервис менеджеріне курьердің тегін жеткізу қызметін пайдаланғыңыз келетінін айтыңыз.
  3. «Алем ТАТ» арқылы жеткізуге тапсырысты ресімдегенде, промокодты жазыңыз.
  4. Қызмет ақысын Visa Business, Visa Platinum Business немесе Visa Signature Business картаңызбен төлеңіз.

Жеткізу шарттары

  • Жеткізу мерзімі: 1-3 жұмыс күніне дейін (қалалар арасындағы қашықтыққа байланысты).
    • Тапсырыс жіберілген күн есепке алынбайды; уақыт тапсырысты қабылдаған күннің ертеңіне таңғы сағат 9:00-ден бастап саналады.
    • Мереке және демалыс күндері ескерілмейді.
  • Тегін жеткізу тек қала аумағында қолданылады.
  • Ұсынысты жылына бір рет қана пайдалануға болады.

Пошталық жөнелтілімдерді Қазақстан Республикасының келесі қалаларында ғана алуға болады:

Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Астана, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент, Екібастұз.

Ресімдеуге қандай дерек қажет?

  • Жіберетін және жеткізілетін толық мекенжай
  • Жіберуші мен алушының тегі және аты
  • Жіберуші мен алушының байланыс нөмірлері
  • Жіберу сипаттамасы
  • Жіберілімнің салмағы

Алып кетуге және жеткізуге тапсырысты ресімдеу

Тапсырыстар alemtat.kz сайтының «Электронды жүкқұжат» бөлімінде рәсімделеді.

  • Қол жетімді тарифтер: «Экспресс», «Эконом» және «Қала ішінде жеткізу» (басқа нұсқалар қолжетімсіз).
  • Жүкқұжат жасаған кезде түскі үзіліс уақытын (курьердің келмеуі тиіс уақытты) және жөнелтімді алу уақыт аралығын көрсетуге болады.
  • Тапсырыс ресімдегеннен кейін жасалған электронды жүкқұжатты курьерге беру үшін клиентке жіберу керек.
  • Егер клиент жүкқұжатты басып шығара алмаса, курьер қағаз құжатты ұсынады.

Ұсыныс 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Шарттар мен ережелер

Ұсыныс басқа ұсыныстармен біріктірілмейді және акцияларға қатысы жоқ. «Шағын бизнесті қолдау платформасы» бағдарламасын пайдалану үшін, Visa бизнес-картасының (Visa Business, Visa Platinum Business, Visa Signature Business) иесі екеніңізді көрсетіп, төлем жасауға осы картаны пайдаланыңыз. Арнаулы ұсыныс қолданыстағы заңнамаға сәйкес тыйым салынған немесе шектеулер енгізілген жағдайларда жарамсыз болады. Барлық салық пен төлемді Visa бизнес-карталарының (Visa Business, Visa Platinum Business, Visa Signature Business) иелері өз бетімен есептеп, төлейді. Көрсетілген арнаулы ұсыныс серіктес тарапынан өз қалауы бойынша және белгіленген тәртіпте беріледі. Қызметтердің нақты тізімі, ұсынылатын мерзімдері және басқа да шарттары бизнес-карта иесі (Visa Business, Visa Platinum Business, Visa Signature Business) мен серіктес арасында өзара келісіледі. Қызметтің соңғы бағасын серіктестен білуге ​​болады. Бағдарлама ұйымдастырушысы кез келген уақытта алдын ала хабарламай, осы арнаулы ұсыныстардың бірін немесе барлығын өзгертуге немесе жоюға құқылы.

Ұсыныс бойынша сұрақтарыңыз бар ма? Сізге VisaConcierge чат-ботымыз көмектеседі!

VisaConcierge чат-ботына өтіп, басты мәзірде VisaConcierge түймедағын таңдаңыз да, толық ақпаратқа қол жеткізіңіз.