• Amazon Web Services by AppSquadz

    AWS пен Visa-ның арқасында бизенсіңізге арналған икемділік пен қуатты ресурстар

AWS шоттарына Visa бизнес-карталарымен төлеп, 10% жеңілдік алыңыз

Amazon Web Services (AWS) – пайдаланушыларға виртуалды есептеу ресурстарын, қоймаларды, инфрақұрылым мен дайын функционалы бар сервистерді ұсынатын онлайн-платформа. Қарапайым тілмен айтқанда, физикалық сервер сатып алып, оны жергілікті орнатудың орнына, виртуалды онлайн ресурстарды жалға алуға болады

AppSquadz – мобильді және веб-қосымшаларды, сондай-ақ бұлтты сервистерді әзірлеу саласындаығ жетекші компания. 200-ден астам кәсіби маманнан тұратын команда 30-дан астам елде білім беру, денсаулық сақтау, банк ісі, қонақ күту, ойын-сауық, электронды коммерция және саяхат салаларында 850-ден астам жобаны іске асырды. Компания Ұлыбританияда, АҚШ-та, Латын Америкасында, Азия-Тынық мұхиты аймағында және Таяу Шығыста дербес жұмыс істейді.

Amazon Web Services-тің бизнесіңізге қандай пайдасы бар?

  • Бюджетті үнемдеу: тек қажет уақытта пайдаланылатын ресурстар мен қуатты жалға алуға болады және олар үшін сағаттық төлем немесе тек орындалған өтінімдер санына қарай төленеді.
  • Бұлтты провайдерлер арасындағы ең үлкен инфрақұрылым: бүкіл әлемнен қосылуға болатын 77 аймақ. Деректерді өңдейтін барлық орталы, қосылу аймақтары мен AWS аймақтары қолжетімділігі жоғары және кідіріс деңгейі төмен жаһандық желілердің мамандандырылған жеке инфрақұрылымы арқылы өзара байланысты.
  • Қызметтерді пайдалану икемділігі: AWS сіздің бизнес-жобаңыздың талаптары мен ұйымдық міндеттеріне сәйкес келетін комбинацияларда қолдануға болатын көптеген бұлтты сервисті ұсынады.

Visa бизнес-карталарының иелеріне AppSquadz-тан арнаулы ұсыныс

Visa Business, Visa Platinum Business, Visa Signature Business, Visa Infinite Business, Visa Corporate немесе Visa Purchasing картасымен төлегенде, AWS-тың ай сайынғы шоттарына 10%-ға дейін жеңілдік алыңыз.

Ұсынысты пайдалану жолы:

  • Сілтемемен ұсыныс парағына өтіңіз.
  • Құжатқа қол жеткізу үшін, «Get Discounts on AWS Billing» батырмасын басыңыз.
  • Тиісті деректерді толтырып, өтінімді жіберіңіз.
  • AppSquadz өкілдері Сізге хабарласып, ары қарайғы қадамдарды айтады.

Қосымша маңызды ақпарат:

  • AWS-ке жұмсайтын шығындары 50 000 USD аспайтын пайдаланушылар ай сайынғы шоттарға 7% жеңілдік алады.
  • 50 000 USD артық жұмсайтын және AWS-ті 2 жыл пайдалануға міндетті пайдаланушылар 10%-дан астам жеңілдік ала алады.

Жеңілдік ұсынысын барлық Visa бизнес-картасының иесі 2023 жылдың 1 мамырынан 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін пайдалана алады. Шарттар мен шектеулер туралы толық ақпаратты сайттан біліңіз

Серіктестің шарттары мен ережелері:

AWS-тың бұл ұсынысын жаңа және бұрыннан бар клиенттер пайдалана алады. Осы ұсынысты пайдалану үшін AppSquadz-тың клиенттері жаңа клиент болуы тиіс. Шоттар әр айдың 5-ші күні шығарылып, дереу төленуі қажет. Бұлтты серіктес шоттар бойынша тегін қолдау көрсетеді, ал басқа қолдау қызметтері ақылы. Шот сомасы айына 50 000 АҚШ долларына дейінгі пайдаланушылар AWS шоттары бойынша 7% жеңілдік алады. Шот сомасы айына 50 000 АҚШ долларынан асатын және AppSquadz-пен AWS қызметтерін кемінде 2 жыл пайдалануға міндетті пайдаланушылар AWS шоттарына 10% жеңілдік алады. Ұсынысты өзіне өзі қызмет көрсететін клиенттер пайдалана алады. Басқарылатын қызметтер үшін клиент қосымша қызметтерге ақы төлеуі қажет. Орнату және ақауларды шешу қызметтері қосымша ақылы болады. Тіркелу кезінде төлем кепілі үшін компанияның деректері ұсынылуы тиіс. Бұлтты серіктес клиент жобасының қауіпсіздігін бұзған жағдайда қаржылық немесе басқа жауапкершілік көтермейді. Шот бұлтты серіктес тарапынан клиентке ұсынылады. Техникалық және коммерциялық ұсыныстағы деректерді жариялауға, көшірмелеуге немесе коммерциялық ұсынысты бағалаудан басқа мақсаттарына толық немесе ішінара пайдалануға тыйым салынады. Егер кез келген қызмет бойынша брондау/міндеттеме болса, клиент брондау/міндеттеменің бүкіл мерзіміне төлеуі керек. Егер оны мерзімінен бұрын тоқтату қажет болса, айыппұл алынады. Көрсетілген жеңілдіктер серіктес жеңілдіктерінің мөлшерлемесін қамтиды.

Visa шарттары мен талаптары:

Ұсынысты тек Visa бизнес-карталарының иелері пайдалана алады және шектеулерге бағынады. Ұсынысқа серіктес толық жауапты. Visa Inc © 2024

Ұсыныс бойынша сұрақтарыңыз бар ма? Сізге VisaConcierge чат-ботымыз көмектеседі!

VisaConcierge чат-ботына өтіп, басты мәзірде VisaConcierge түймедағын таңдаңыз да, толық ақпаратқа қол жеткізіңіз.