Visa Urban Mobility
Visa компаниясы бұған дейін дүниежүзі бойынша миллиондаған адамдар үшін жолаушыларға қызмет көрсету сапасын өзгертетін қалалық мобильділік саласында цифрлық төлемдерді қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жеке компанияларды, әлеуметтік көлік операторларын және технология жеткізушілерін сәтті қолдап келді. Біз дебеттік, кредиттік және алдын ала төленген шешімдер арқылы контактісіз тарифтерді енгізу үшін, дүниежүзі бойынша 150-ден астам үлкен және шағын қалалармен жұмыс істедік. Оған қоса, электромобильді зарядтауға және тұраққа арналған мобильді негіздегі шешімдерді іске қосу үшін компаниялармен серіктестік мәмілеге келдік, сондай-ақ жол алымын төлеу және ортақ мобильділік қызметтері үшін жаңа шешімдерді жасауды жалғастырудамыз.
Жолаушыларға жүрістің басынан бастап, соңына дейін қызмет көрсету сапасын түбегейлі өзгерту үшін, біз өз ісіне берілген глобалдық стратегтер мен еңгізу бойынша аймақтық мамандардан тұратын Visa Global Urban Mobility тобын құрдық. Топ жобаларды мүмкіндігінше жылдам және барынша қайтарыммен жүзеге асыруға көмектесіп, ұсыныстарды, алдыңғы қатарлы әдістерді және тәжірибелік көмекті ұсыну арқылы дүниежүзі бойынша контактісіз іске қосу шешімдерін қолдайды.
Visa Global Urban Mobility бастамалары туралы қосымша ақпарат алу
Вакувердің Translink жүйесінде төлеу үшін түртіңіз
Ванкувердің қоғамдық көдік жүйесі 2000 шаршы километрді қамтып, жылына 450 миллионнан астам жүрісті қамбылдайды. Енді жолаушылар тарифтік картаны толтыру үшін, билетті алдын ала сатып алуға, автономдық көліктік картаны басқару немесе кезекте тұруға әуреленбей, өздерінің контактісіз картасымен немесе электрондық әмиянымен жай ғана «түрте» алады. Ванкувердің Translink жүйесінде контактісіз төлемдерді енгізген топ туралы қосымша ақпарат алыңыз.
Контактісіз төлемдер мен Ванкувердің Translink жүйесі туралы бейнені қараңыз
Visa компаниясы Transform Urban Mobility жүйесіне қалай көмектеседі
Visa компаниясы жалғанған, қауіпсіз цифрлық төлем шешімдері арқылы қалаларға, көлік басқармалары мен операторларына, жеке туристтік ұйымдарға және шешім жеткізушілеріне тиімді және тұрақты, есіктен есікке саяхаттау сапасын жасауға көмектеседі. Дүниежүзі бойынша қалалық мобильділік концепциясын қалай жүзеге асырып жатқанымыз туралы қосымша ақпаратты алу үшін жалпы шолуды оқыңыз.
Visa компаниясы қалалық мобильділікті қалай өзгертіп жатқаны туралы жалпы шолудан оқыңыз
Қалалық көлік: Жарқынырақ болашақпен байланыс
Қазіргі таңдағы тұрақсыздық кезінде қалаларға, үкіметке және жеке агенттіктерге бұрынғыдан да икемді, дұрыс және орнықты көлік жүйелерін икемдеуді және жасауды жалғастыра беру керек. Visa компаниясының тәжірибесі қалаларға және көлік агенттіктеріне олардың интеллектуалды саяхаттау шешімдерін жасауды үдетуге қалай көмектесетіні жайлы ақпараттық құжаттан оқыңыз.
Қалалық мобильділік қаншалықты жақсы болашақты сала алатыны туралы ақпараттық құжаттан оқыңыз
Глобалдық қалалық мобильділік және қаржылық қызметтермен қамту: Ізгілік шеңбері
Visa компаниясы үкіметтік және көлік агенттіктерімен қауіпсіз, сенімді болатын әрі көпшілік адамдарға осы өмірге маңызды ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігін көбірек беретін алдыңғы қатарлы көлік жүйелерін жасаумен жұмыс істеуде. Visa компаниясы барлығына арналған цифрлық көліктің қамтитын шешімдерін жасауға қалай көмектесіп жатқаны туралы қосымша ақпаратты ақпараттық құжаттан оқыңыз.
Қалалық мобильділік пен қаржылық қызметтермен қамту туралы ақпараттық құжаттан оқыңыз
Қалалық мобильділікке арналған Visa цифрлық төлемдері: Қалаларға экологиялылық және байланыста болуға көмектесу
Адамдар оңай әрі жылдамырақ қозғалуы үшін, Visa компаниясы қалалардағы тиімділікті арттыру мақсатында технологияларды арттыру бағытында дүниежүзі бойынша серіктестермен жұмыс істеуде. Қоршаған ортаның тұрақтылығы мен экономикалық жетістікке жету жолында осы маңызды жұмыс пен оның атқаратын рөлі туралы қосымша ақпаратты ақпараттық құжаттан қараңыз.
Цифрлық төлемдер мен қалалық мобильділік туралы ақпаратты ақпараттық құжаттан қараңыз
Visa Contactless + Mobility as a Service (MaaS) шешімдері: Саяхаттарды жақсырақ ету
Күнделікті контактісіз төлеудің керемет тіркесімі және MaaS қолданбасы адамдарға жанданған қалаларда жылдамырақ және ыңғайлырақ қозғалыс әдісін береді. Сондай-ақ, ол экологиялық саяхаттауды ендіруді арттыруға және ортақ әлеуметтік және жеке көлікті пайдалануды арттыруға ықпал етіп, операторлар үшін пайдалы етеді. Қосымша ақпарат алу үшін бейнені көріңіз.
Тасымалдаудың болашағы: Мегаполис дәуіріндегі мобильділік
Visa компаниясы әлеуметтік және жеке көлік үшін артып жатқан сұранысқа, сондай-ақ тұрақты өсуді қамтамасыз етуде цифрлық сауданың өзгермелі рөліне арналған ең үлкен глобалдық зерттеулердің біріне тапсырыс берді. Зерттеуде 19 елдегі 19 000 тұтынушының пікірі беріліп, өсіп жатқан қалалық орталықтары кезігетін күрделі проблемаларды анықталады.
Visa цифрлық билет сату: Керемет саяхаттау тәжірибесін қамтамасыз ету
Visa Digital Ticket (VDT) қызметі әлеуметтік және жеке көліктің әртүрлі түрлерінде ешбір қиындықсыз жұмыс істейтін жолаушыларға билетті қауіпсіз әрі ыңғайлы сатып алу және оларды басқару мүмкіндігін ұсынады. VDT қызметі арқылы транзиттік қызметтердің жеткізушілері бүгінгі таңда бар түрту арқылы төлеу технологиясына сүйеніп, жолаушылар санын арттырып, шығындарды азайта алады.
Visa Global Urban Mobility тобы қалай көмектесе алады?
Егер Visa компаниясы қаланың мобильділік төлемдерін түрлендіруге қалай көмектесетіні туралы қандай да бір сұрақтарыңыз болса, Visa Global Urban Mobility тобы сізге көмектесе алады. Байланыс ақпараты үшін төмендегі аймақты таңдаңыз.
-
Сұрақтар болса немесе қосымша ақпарат қажет болса, келесі мекенжайға электрондық хабар жіберіңіз: [email protected].
-
Сұрақтар болса немесе қосымша ақпарат қажет болса, келесі мекенжайға электрондық хабар жіберіңіз: [email protected].
-
Сұрақтар болса немесе қосымша ақпарат қажет болса, келесі мекенжайға электрондық хабар жіберіңіз: [email protected].
-
Сұрақтар болса немесе қосымша ақпарат қажет болса, келесі мекенжайға электрондық хабар жіберіңіз: [email protected].
-
Сұрақтар болса немесе қосымша ақпарат қажет болса, келесі мекенжайға электрондық хабар жіберіңіз: [email protected].