Шет елдерде банкоматтарды қолдану

Шет елде банкоматтармен қалай қолдануға болады

ТОЛЫҒЫРАҚ

Шет елде қолма-қол ақшаны алуда Visa картасын қолдану өте жеңіл >>

Шет елде менің дебеттік, несиелік немесе банкоматтық картамның қолданылуы туралы қалай білсем болады?
Сіздің банктік картаңызда Visa немесе PLUS логотипипінің болуын тексеріңіз. Егер бар болса, Сіз көрсетілген логотипі* бар кез-келген банкоматта картамен пайдалана аласыз. Банкте Сіздің картаңызды шет елде пайдалану бойынша шектеулердің болуы жөнінде білуге кеңес береміз және сапарға шықпас бұрын банкті хабар ету қажеттілігі туралы білгеніңіз дұрыс.

*Канададағы кейбір банктер барлық карталарды қабылдамайды.

Менде дебеттік карта жоқ. Мен қолма- қол ақшаны банкоматтық немесе несиелік карта арқылы ала аламын ба?
Иә. Егер Сіздің банкоматтық немесе несиелік картаңызда Visa немесе PLUS логотипі болса, Сіз Visa немесе PLUS жүйелеріне жататын банкоматтарда қолма- қол ақша ала аласыз.

Саяхаттауға бара жатқан елімде банкоматты қалай тапсам болады?
Visa карталары бүкіл әлем бойынша 200-ден астам елдер мен аймақтарда қабылданады. Сіз банкоматтарды іздеу.қызметі арқылы орналасқан аймағыңызда банкоматтарды таба аласыз. Немесе орналасқан жеріңізде Visa немесе PLUS логотипі бар банкоматтарды іздеңіз.

Менің PIN-кодым басқа елде әрекет етеді ме?
Иә.* Сіз күнделікті қолданатын PIN-код, шет елде де әрекет етеді. Дегенмен кейбір банкоматтар 4-мәнді PIN-кодтарды ғана қабылдайды. Егер Сіздің PIN-кодыңыз 4 мәннен ұзын болса немесе әріптен тұратын болса, өзіңіздің банкіңізбен хабарласыңыз.

*Кейбір эмитенттер PIN-кодты ауыстыруды сұрауы мүмкін.. Өтінеміз, сапар шекпестен бұрын өзіңіздің банкіңізбен хабарласыңыз.

Банкоматта өзімнің ана тілімді таңдай аламын ба?
Көптеген банкоматтар тілді таңдау мүмкіндігін ұсынады. Сіз өзіңіздің түсінетін тіліңізді таңдай алуыңыз әбден мүмкін.

Қолма-қол ақшаны алудан басқа банкомат басқа қандай мүмкіндік береді?
Көптеген банкоматтарда Сіз өзіңіздің шотыңыздың теңгерімін тексере аласыз. Кейбір банкоматтар, сондай ақ тексеруді қажет ететін шотты таңдауды ұсынады.

Шет елде қолма-қол ақшаны алу кезінде қосымша комиссия алынады ма?
Иә. Әдетте банктер осы қызмет үшін шартты комиссия ұстап қалады. Толығырақ ақпарат алу үшін өзіңіздің банкіңізбен байланысыңыз. Кейде банкомат тиесілі банкпен комиссия ұсталып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайларда банкоматтың экранында ескерту хабарламасы пайда болады.

Шот теңгерімі менің елімнің валютасында көрінеді ме?
Кейбір банкоматтар шоттың күйін Сіздің еліңіздің валютасында көрсетеді, ал кейбіреулері жергілікті валютада көрсетеді. Бұл туралы экранда теңгерімді тексерген кезде есіңізде ұстаңыз.

Егер маған шет елде қолма-қол ақшаны алу кезінде көмек қажет болатын болса, қоңырау шалуға болатын нөмір бар ма?
Сіз Visa клиенттерді қолдаудың халықаралық қызметіне тәулігіне 24 сағат, жылына 365 күн бойы хабарласа аласыз. Сіздің орналасқан жеріңізде, нөмірдің дұрыстығына көз жеткізу үшін осында басыңыз.

Егер банкомат менің картамды «жұтып» қойса, не істеуіме болады?
Банкоматтар алаяқтықты болдыртпау үшін есептелген және қате PIN-кодпен бірнеше рет қолма-қол ақшаны алу әрекеті кезінде Сіздің картаңызды алып қоюы мүмкін. Мұндай жағдай туралы міндетті түрде хабарлаңыз. Банкоматта жергілікті қолдау қызметінің телефоны болу керек. Егер банкомат, банк бөлімшесінің қасында орналасқан болса, банк қызметкеріне жүгініңіз. Сізден сәйкес құжатты көрсету арқылы, тұлғаны растауды өтінуі мүмкін. Егер Сіз картаңызды қайтарып ала алмасаңыз, жедел түрде бұл туралы Өзіңіздің банкіңізді хабардар етіңіз.

Егер банкомат қате сома берсе, не істеуге болады?
Егер Сіз қате сома алсаңыз, жедел түрде бұл туралы Өзіңіздің банкіңізді хабардар етіңіз. Әдетте, банкомат тиесілі банк, қателікті байқап, Сіздің банкіңіздің эмитентімен хабарласу арқылы транзакция сомасына түзету енгізуі керек. Дегенмен, Сіздің шотыңыздан дұрыс сома шегерілгендігіне көз жеткізіңіз.

Шет елде банкоматттарды қолдану туралы толығырақ ақпаратты қай жерде ала аламын?
Өтініш, нақты толығырақ ақпарат алу үшін өзіңіздің банкіңізбен хабарласыңыз.

Шет елде банкоматтармен қалай қолдануға болады

ТОЛЫҒЫРАҚ