Кез келген төлем картасынан Visa картасына ақша аударудың оңай тәсілі

Қолма-қол ақшаны Visa картасына аударудың оңай тәсілі

«Visa Direct шапшаң аударымдар мен төлемдер» қызметі аяқ жетпейтін жердегі затты сатып алуға мүмкіндік береді. Тіпті су жаңа смартфонды да.

Сіз сапарда жүрген досыңызға ақша аударып, одан көптен қалаған затыңызды сатып алуын өтіне аласыз.
Картаңыздың нөмірін айтсаңыз болғаны.

1 қадам: Картаның 16 цифрын қарап алыңыз

Картаға ақша аудару үшін сізге тек осы ғана қажет. Жақындарыңыз бен достарыңызға нөмірді емін-еркін беруге болады, бұл – қауіпсіз.

! Аударма жасау үшін картаның нөмірін бере отырып, тіпті өзіңіз жақсы білетін адамдарға да қосымша деректерді (PIN-код, картаның жарамдылық мерзімі, CVV2-код) ешқашан айтпаңыз.

PIN-код
Әрекет ету мерзімі
CVV2-код

2 қадам: Аудару тәсілін таңдаңыз

«Visa Direct шапшаң аударымдар мен төлемдер» қызметін пайдаланудың көптеген тәсілдері бар.

  • Банкомат
  • Төлем терминалы
  • Интернет банк
  • Банк кеңсесі
  • Интернет-сайт
  • Ұялы телефон

3 қадам: Бірнеше минут күте тұрыңыз

Ақша картада әп-сәтте пайда болады.

Бүгінде банктердің көпшілігінде Visa төлем жүйесінің ішінде ақшаны лезде аудару мүмкіндігі бар. Егер сізге ақшаның тез жеткендігі маңызды болса, «Visa Direct шапшаң аударымдар мен төлемдер» қызметінің көмегімен аударған кезде оның қаншалықты тез түсетіндігін өз банкіңізден анықтап алыңыз.

Егер..., не болады?

«Visa Direct шапшаң аударымдар мен төлемдер» қызметі менің банкімде қолданылатынына сенімді емеспін, мен ақша аударуға барғанда, одан ештеңе шықпаса ше?

Абыржымаңыз!

Ірі банктердің барлығы дерлік «Visa Direct шапшаң аударымдар мен төлемдер» қызметін ұсынады. Бұл жерде Сіз өз банкіңіздің солардың ішінде екеніне алдын ала көз жеткізе аласыз.

Бұл қанша тұрады?

Орташа алғанда комиссиясы аударым сомасының шамамен 1%-ын құрайды.

Бұл бүкіл әлем бойынша жұмыс істей ме?

Көптеген банктер бізге серіктес болып үлгерді және олар күн сайын көбеюде. Сіздің банкіңіз солардың санатында екені сөзсіз.

Басқа сұрақтарыңыз болса?

Сұрақ-жауап тарауынан қосымша туралы ең маңызды ақпараттың барлығын таба аласыз. Тағы сұрақтарыңыз болса, бізбен байланыса аласыз.

Кез келген төлем картасынан Visa картасына ақша аударудың оңай тәсілі

Қолма-қол ақшаны Visa картасына аударудың оңай тәсілі