Visa демеушіліктері — әлемді байланыстыратын оқиғалармен байланыс

Спорттан бастап ойын-сауыққа, сәнге дейінгі біздің демеушілігіміз бен серіктестігіміз дүние жүзіндегі адамдарды біріктіру мүмкіндігіне ие және бізді алға жылжытуға, сондай-ақ күткеннен асып түсуге катализатор болып табылады. Олимпиада және Паралимпиада ойындарынан бастап, Visa Cash App RB және Oracle Red Bull Racing, NFL турнирлеріне дейін бәріміз барлық жерде шабыт беретін және байланыстыратын осы маңызды оқиғаларды қолдаймыз.


«Elevate Your Sound. Empowered by Visa» жас диджейлерге арналған байқау

Біз Visa-да мәдениеттің дамуын қолдауға және жас таланттарға табысқа жету және іске асыру жолында алғашқы қадамдарын жасауға көмектесуге қуаныштымыз. Осындай мүмкіндіктердің бірі-Visa және Elevation -тaн жас қазақ диджейлеріне арналған "Еlevate Your Sound. Empowered by Visa».

Киім топтамасын бастауға және Visa Fashion Week Almaty VIII байқауына қатысуға грант

Visa жас сәнгерлерге жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың өз дарынын бүкіл елімізге паш етуіне арналған платформа жасайды. «Next designer award. Empowered by Visa» байқауы — жас сәнгерлерге тамаша мүмкіндік, мұнда барлық жан өз киім топтамасын бастауға және келесі Visa Fashion Week Almaty байқауына қатысуға грант алу үшін сайыса алады, ең бастысы -  жоба кураторларынан бағалы білім мен тәжрибе алып, өз fashion-жолын дамытуға тағы бір серпін иеленеді. 


Visa, Olympics, Paralympics worldwide partner triposite logo

2032 жылға дейінгі Олимпиадалық және Паралимпиада ойындарының дүниежүзілік серіктесі

Біздің Олимпиада және Паралимпиада ойындарына деген міндеттемеміз демеушіліктен де басымды. Біз 1986 жылдан бері олимпиадалық қозғалыстың серіктесіміз және 2003 жылы Халықаралық паралимпиада комитетінің тұңғыш глобалдық серіктесі атандық. Біз спортшылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге және спорт арқылы инклюзивті әлем құруға тырысамыз.


Oracle Red Bull Racing and Visa Cash App RB team 2024 logos

Екі Red Bull Формула-1 командасының алғашқы ғаламдық серіктесі

Visa Cash App RB және Oracle Red Bull Racing Формула-1 командаларының алғашқы ғаламдық серіктесі ретінде Visa халықаралық жарыстың жылдам әлемінде табысқа жету үшін Red Bull Racing командасымен серіктес болғанын мақтан тұтады. Сондай-ақ Visa және Cash App әйелдерге арналған F1 академиясының жүргізушілер сериясында Visa Cash App RB чемпионы болу үшін Red Bull Racing командасына қосылып, Visa компаниясының демеушілік платформаларымыз арқылы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту және ілгерілету жөніндегі міндеттемесін арттырады.

The Visa Cash App Red Bull and Oracle Red Bull Racing Formula One teams car liveries

Red Bull Content Pool — ©Getty Images және Visa Cash App RB — Digital Lighthouse — Барлық құқығы қорғалған