Visa халықаралық құпиялық туралы ескертпесі

¹ Visa компаниясының еншілес компаниялары — Visa U.S.A. Inc. немесе оның негізгі компаниясы Visa Inc. арқылы тікелей немесе жанама түрде басқарылатын компаниялар, мысалы, Visa International Service Association, Visa Worldwide Pte. Limited, Visa Canada Corporation, Visa International Servicios de Pago España, S.R.L., Visa Europe Limited, Visa do Brasil Empreendimentos Ltda, CardinalCommerce Corporation, CyberSource Corporation және Verifi, Inc.

Біздің қарым-қатынасымызға және өзара әрекеттестігімізге байланысты біз жинайтын жеке басқа қатысты ақпараттың санаттары мынадай болуы мүмкін:

  • Байланыс ақпараты: оған сіздің аты-жөніңіз, пайдаланушы атыңыз, пошта мекенжайыңыз, электрондық пошта мекенжайыңыз, телефон нөміріңіз, мобильдік телефон нөміріңіз және әлеуметтік желідегі профиліңіздің аттары және басқа да жеке басыңызды анықтайтын ақпарат кіреді.
  • Транзакция және қаржылық ақпаратқа мыналар кіреді:
    • Картаңызға, оның ішінде 16 цифрлы төлем карталарының нөмірі (ол жеке шот нөмірі немесе «PAN» (кіруге арналған жеке нөмір) деп те аталады); төлем шотының анықтамасы немесе «PAR» токені деп аталатын қаржылық емес идентификатор; жарамдылық мерзімі, қызмет көрсету коды, PIN (жеке сәйкестендіру нөмірі) кодының верификациялық дерегі және CVV; және
    • Транзакцияларыңыз туралы ақпарат, оның ішінде транзакция жасалған күн, уақыт, орын және сома және сатушы туралы ақпарат кіреді. Оған кейде элемент деңгейіндегі деректер, сонымен қатар шот ұсыну және жөнелту туралы ақпарат кіруі мүмкін.
  • Қарым-қатынас туралы ақпарат: сіздің сауда жасау және төлеу параметрлеріңіз, сонымен қатар сізге жекелендірілген контент ұсынуға қажетті басқа да ақпарат кіреді, мысалы:
    • Жас диапазоны және отбасылық жағдайы сияқты демографиялық ақпарат;
    • Белгілі бір тауарларды сатып алуға қызығушылық таныту ықтималдығы немесе өміріңізде белгілі бір іс-шаралардың болып жатуы және басқа да көрсеткіштер; және
    • Әлеуметтік желі профильдеріндегі деректер және қызығушылығыңыз туралы ақпарат.
  • Өзара әрекеттестік туралы ақпарат: оған Visa компаниясымен өзара әрекеттестігіңіз туралы ақпарат кіреді, мысалы:
    • Бонустық бағдарлама шоты туралы ақпарат сияқты промо-акцияларға немесе бағдарламаларға қатысқанда жиналатын ақпарат;
    • Карта пайдалары бағдарламасы туралы ақпарат, оның ішінде квалификация дерегі және соған ұқсас жазбалар;
    • Бізге (біздің клиенттерге қызмет көрсету орталығына) хабарласқан кезде жиналатын ақпарат;
    • Кірушінің журналдары;
    • Visa компаниясы демеушілік жасаған іс-шараларға қатысқан кезде жиналатын ақпарат, мысалы, сіздің және іс-шараларға жиналған кез келген әріптесіңіздің саяхатына қатысты ақпарат; және
    • Клиент аутентификациясы үшін жиналатын деректер сияқты сіздің бізге беретін басқа ақпаратыңыз (мысалы, құпиясөздер немесе шот қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар).
  • Биометриялық идентификаторлар: оған бетті тану деректері, саусақ іздері, пернелерді басу уақыты, айналдыру позициясы және әрекет деректері немесе басқа физикалық үлгілер, мысалы, Visa-мен немесе оның клиенттерімен биометриялық аутентификацияны қолдана бастаған уақытыңыз сияқты деректер кіреді.
  • Бизнес клиент деректері: оған компанияңыздағы лауазымыңыз туралы ақпарат, өнімдерді немесе қызметтерді пайдалану авторизациясы және тапсырыстарды орналастыру рұқсатыңыз; клиент/жеткізуші квалификациясы туралы мәлімет және қарым-қатынасқа байланысты бізбен бөлісілетін басқа деректер кіреді.
  • Болжалды және туынды ақпарат: біздің қарым-қатынасымызды және транзакциялық ақпаратты талдау арқылы болжамдар жасаймыз және дерек элементтерін аламыз. Мысалы, маркетинг, қауіпсіздік немесе алаяқтық мақсатта адамның не нәрсеге қызығатынын, атрибуттарды және/немесе ұпайларды жасаймыз.
  • Онлайн және техникалық ақпарат: оған біздің веб-сайттармен, қолданбалармен немесе жарнамалармен жасаған өзара әрекеттестігіңіз туралы ақпарат, оның ішінде IP мекенжайы, құрылғы идентификаторлары, параметрлер, сипаттамалар, жарнама идентификаторы, браузерді пайдалану тарихы, веб-сервер журналдары, сервер журналының жазбалары, әрекеттер журналының жазбалары, пернелерді басу уақыты және cookie файлдары мен соған ұқсас технологияларды пайдалану арқылы жиналған басқа ақпарат кіреді.
  • Аудио және визуалды ақпарат: бізбен жасайтын әрекеттестік туралы аудио, электрондық, визуалдық немесе соған ұқсас ақпарат, оның ішінде фотосуреттер, видеосуреттер, CCTV жазбалары, колл-центр жазбалары, қоңырауды бақылау жазбалары және дауыстық хаттар кіреді.
  • Мемлекеттік мекеме беретін идентификациялық нөмірлер: оған әлеуметтік жеке код, жүргізуші куәлігінің нөмірі, төлқұжат нөмірі және басқа да мемлекет тарапынан берілген идентификаторлар кіреді. Олар талаптарға сәйкес болу үшін немесе қарым-қатынас сипатына керек болуы мүмкін.
  • Геолокация туралы ақпарат: оған нақты орналасқан жеріңіз туралы ақпарат кіреді. Егер сіз ондай ақпаратты жинауға рұқсат етсеңіз, ол ақпаратты мобильдік құрылғыңыздан автоматты түрде аламыз.
  • Кәсіби және жұмыс туралы ақпарат: оған қызметкерлерге немесе болашақ қызметкерлерге арналған кәсіби немесе жұмысқа қатысты ақпарат, оның ішінде білімі мен жұмыс тәжірибесі сияқты үміткер және резюме деректері; қабілеттер және квалификациялар сияқты аталған қызметке лайықтылығы туралы ақпарат; кәсіби қызығушылықтары және мақсаттары; жұмыс істеуге құқық беретін құжаттама сияқты қызметкердің біліктілігі туралы жиналған ақпарат; және анықтамалар.
  • Талаптарға сәйкестік туралы деректер: қолданыстағы заң талаптарына сәйкестігін көрсету үшін сақталатын жазбалар; маркетингілік бағдарламаларға келісетіні және келіспейтіні сияқты клиент параметрлеріне қатысты жазбалар және дерек субъектісінің құқықтарына қатысты жазбалар.

Осы санаттардағы кейбір жеке басқа қатысты ақпарат кейбір юрисдикцияларда құпия жеке ақпарат ретінде есептелуі мүмкін.

Біздің қарым-қатынасымызға және сізбен өзара әрекеттестігімізге байланысты сіз туралы жеке ақпаратты түрлі дереккөзден жинауымыз мүмкін. Ондай дереккөздер:

  • Visa компаниясының төлем өнімін қолданғанда немесе Visa картаңызды басқан кездегідей солардың атынан әрекет етсеңіз, сіздің қаржылық институтыңыз, төлем картаңызды шығарушы мекеме, сатушылар, алушылар және басқа серіктестер;
  • Сіз, Visa немесе бірлескен промосеріктестің карта сілтемесі ұсынатын бағдарламаларына, Visa төлеу үшін басу технологиясына тіркелгенде немесе бізге сауалнама жауаптарын берген кезде;
  • Біздің платформалармен, веб-сайттармен және қолданбалармен немесе басқа автоматты технологиялармен (мысалы, колл-центрге келіп түскен қоңырауларды жазғанда және ғимараттарымызда CCTV камераларын қолданғанда) жұмыс істеген кезде сіздің компьютеріңіз немесе құрылғыларыңыз; және
  • Басқа үшінші тараптар, оның ішінде дерек агрегаторлары, әлеуметтік желі компаниялары және басқа жалпыға ортақ дереккөздер. Одан бөлек, ішкі зерттеулер мен фондық режимде орындалатын скринингтерді жүргізуге көмектесетін анықтамалардан және үшінші тараптардан кәсіби және жұмысқа туралы ақпарат жиналуы мүмкін. Бизнес клиент туралы дерек сіздің жұмыс берушіңізден, сауда көрсетілімі және конференция ұйымдастырушыларынан және кәсіби қызмет көрсетуші компаниялардан алынады.

Жинау және бөлісу мақсаты
Жеке басқа қатысты ақпараттың санаттары
Өңдеудің заңды негізі
(Қолданыстағы заң бойынша қажет болған жерлерде)
Visa электрондық төлемдер желілерін (оның ішінде авторизациядан өту, есеп айырысу және транзакциялар және токендеу), төлем транзакцияларын қосу және аутентификация, дауды шешу, алаяқтықтың алдын алу және қауіпсіздік сияқты соған ұқсас мақсаттарда пайдалану
  • Байланыс ақпараты
  • Транзакция және қаржылық ақпарат
  • Қарым-қатынас туралы ақпарат
  • Өзара әрекеттестік туралы ақпарат
  • Биометриялық идентификаторлар
  • Бизнес клиент деректері
  • Болжалды және туынды ақпарат
  • Онлайн және техникалық ақпарат
  • Аудио және визуалды ақпарат
  • Мемлекеттік мекеме беретін идентификациялық нөмірлер
  • Геолокация туралы ақпарат
  • Талаптарға сәйкестік туралы деректер
  • Сізбен келісімшарт міндеттемелерін орындау үшін немесе сіз бен корпоративтік клиент арасындағы немесе сіз бен қаржы мекемесі немесе Visa төлем қызметтерін ұсынатын немесе деректер процессоры ретінде әрекет ететін кезде картаны шығарған басқа ұйым арасындағы келісімшарт міндеттемелерін орындау қажет болған жағдайда
  • Дүниежүзінде бізге қолданылатын заң және нормативтік актілер талаптарын орындау
  • Өзіміздің заңды мүдделеріміз немесе басқалардың заңды мүдделері үшін, мысалы, сізді, өзімізді немесе басқаларды қауіптерден (қауіпсіздік мәселесі немесе алаяқтық) қорғау; сапаны бақылау, талаптарға сәйкестік, шоғырландырылған есеп беру және клиенттерге қызмет көрсету сияқты компанияны басқару; бірігу немесе қосылу сияқты корпоративтік транзакцияларды басқару; және жалпы біздің бизнесті немесе клиенттермен қарым-қатынасымызды түсіну және жақсарту

Сізге өнімдер, қызметтер, бағдарламалар, ұсыныстар және Visa компаниясынан сұраған ақпаратты ұсыну, сонымен қатар клиенттің лайықты екенін анықтау және клиентке қызмет көрсету сияқты операциялар
  • Байланыс ақпараты
  • Транзакция және қаржылық ақпарат
  • Қарым-қатынас туралы ақпарат
  • Өзара әрекеттестік туралы ақпарат
  • Биометриялық идентификаторлар
  • Бизнес клиент деректері
  • Болжалды және туынды ақпарат
  • Онлайн және техникалық ақпарат
  • Аудио және визуалды ақпарат
  • Мемлекеттік мекеме беретін идентификациялық нөмірлер
  • Геолокация туралы ақпарат
  • Талаптарға сәйкестік туралы деректер
  • Сізбен жасасқан келісімшарт талаптарын орындау үшін
  • Дүниежүзінде бізге қолданылатын заң және нормативтік актілер талаптарын орындау
  • Жоғарыда көрсетілгендей өзіміздің заңды мүдделеріміз және басқалардың заңды мүдделері үшін

Клиенттерімізге қызмет көрсету. Мысалы, карта эмитентінің немесе сатушының адал клиенттеріне арналған ұсыныстарына тіркелсеңіз, біз Картаның транзакциялық деректерін өңдеп, сіздің сыйақыларыңызды есептейміз және клиенттен мақсатты ұсыныстар береміз
  • Байланыс ақпараты
  • Транзакция және қаржылық ақпарат
  • Қарым-қатынас туралы ақпарат
  • Өзара әрекеттестік туралы ақпарат
  • Биометриялық идентификаторлар
  • Бизнес клиент деректері
  • Болжалды және туынды ақпарат
  • Онлайн және техникалық ақпарат
  • Аудио және визуалды ақпарат
  • Мемлекеттік мекеме беретін идентификациялық нөмірлер
  • Геолокация туралы ақпарат
  • Талаптарға сәйкестік туралы деректер
  • Сізбен жасасқан келісімшарт талаптарын орындау үшін
  • Дүниежүзінде бізге қолданылатын заң және нормативтік актілер талаптарын орындау
  • Жоғарыда көрсетілгендей өзіміздің заңды мүдделеріміз және басқалардың заңды мүдделері үшін

Visa Checkout немесе Visa-мен төлеу үшін басу қызметін, оның ішінде шешімге тіркелу үшін, құрылғыңыздағы есептік жазбаға кіріп тұру үшін (егер осы опцияны таңдаған болсаңыз), шешімді пайдаланып көру үшін, басқа электрондық әмияндарды біріктіру үшін (егер осы опцияны таңдаған болсаңыз) және осы шешімді пайдалануыңызға қатысты бағдарламаларға қатысу үшін пайдалану
  • Байланыс ақпараты
  • Транзакция және қаржылық ақпарат
  • Қарым-қатынас туралы ақпарат
  • Өзара әрекеттестік туралы ақпарат
  • Биометриялық идентификаторлар
  • Бизнес клиент деректері
  • Болжалды және туынды ақпарат
  • Онлайн және техникалық ақпарат
  • Аудио және визуалды ақпарат
  • Мемлекеттік мекеме беретін идентификациялық нөмірлер
  • Геолокация туралы ақпарат
  • Талаптарға сәйкестік туралы деректер
  • Сізбен жасасқан келісімшарт талаптарын орындау үшін
  • Дүниежүзінде бізге қолданылатын заң және нормативтік актілер талаптарын орындау
  • Жоғарыда көрсетілгендей өзіміздің заңды мүдделеріміз және басқалардың заңды мүдделері үшін

Сауалнамаларды, адал клиенттерге арналған бағдарламаларды, лотереяларды, байқаулар мен іс-шараларды басқару
  • Байланыс ақпараты
  • Транзакция және қаржылық ақпарат
  • Қарым-қатынас туралы ақпарат
  • Өзара әрекеттестік туралы ақпарат
  • Биометриялық идентификаторлар
  • Бизнес клиент деректері
  • Болжалды және туынды ақпарат
  • Онлайн және техникалық ақпарат
  • Аудио және визуалды ақпарат
  • Мемлекеттік мекеме беретін идентификациялық нөмірлер
  • Геолокация туралы ақпарат
  • Талаптарға сәйкестік туралы деректер
  • Сізбен жасасқан келісімшарт талаптарын орындау үшін
  • Жоғарыда көрсетілгендей өзіміздің заңды мүдделеріміз және басқалардың заңды мүдделері үшін

Сіздің таңдауыңызға сүйене отырып, маркетингілік қарым-қатынас жасау, жеке ұсыныстар мен сізді қызықтыратын жарнамалар ұсыну
  • Байланыс ақпараты
  • Транзакция және қаржылық ақпарат
  • Қарым-қатынас туралы ақпарат
  • Өзара әрекеттестік туралы ақпарат
  • Биометриялық идентификаторлар
  • Бизнес клиент деректері
  • Болжалды және туынды ақпарат
  • Онлайн және техникалық ақпарат
  • Аудио және визуалды ақпарат
  • Геолокация туралы ақпарат
  • Талаптарға сәйкестік туралы деректер
  • Сізге қатысы бар жаңалықтар мен ұсыныстарды жіберу сияқты өз мүдделеріміз немесе басқалардың заңды мүдделері үшін

Сізбен және/немесе сіздің компанияңызбен іскерлік қарым-қатынасты орнату, дамыту немесе сақтап қалу
  • Байланыс ақпараты
  • Транзакция және қаржылық ақпарат
  • Қарым-қатынас туралы ақпарат
  • Өзара әрекеттестік туралы ақпарат
  • Биометриялық идентификаторлар
  • Бизнес клиент деректері
  • Болжалды және туынды ақпарат
  • Онлайн және техникалық ақпарат
  • Аудио және визуалды ақпарат
  • Мемлекеттік мекеме беретін идентификациялық нөмірлер
  • Геолокация туралы ақпарат
  • Талаптарға сәйкестік туралы деректер
  • Сізбен жасасқан келісімшарт талаптарын орындау үшін
  • Жоғарыда көрсетілгендей өзіміздің заңды мүдделеріміз және басқалардың заңды мүдделері үшін

Бізбен жұмысқа қатысты немесе келісімшартқа байланысты қарым-қатынасыңызды жеңілдету немесе реттелмелі кадрлар бөлімі мақсаттары, тәуекелдерді басқару және талаптарға сай болу сияқты позициялар үшін сізді бағалау
  • Байланыс ақпараты
  • Қарым-қатынас туралы ақпарат
  • Өзара әрекеттестік туралы ақпарат
  • Биометриялық идентификаторлар
  • Онлайн және техникалық ақпарат
  • Аудио және визуалды ақпарат
  • Мемлекеттік мекеме беретін идентификациялық нөмірлер
  • Кәсіби және жұмыс туралы ақпарат
  • Талаптарға сәйкестік туралы деректер
  • Сізбен жасасқан келісімшарт талаптарын орындау үшін
  • Дүниежүзінде бізге қолданылатын заң және нормативтік актілер талаптарын орындау
  • Жоғарыда көрсетілгендей өзіміздің заңды мүдделеріміз және басқалардың заңды мүдделері үшін

Бизнесті дұрыс жүргізу үшін және экономикалық трендтерді түсіну үшін сіз және басқалар біздің өнімдерді қалай қолданатындарыңызды түсіну, аналитика жасау және үлгілеу
  • Транзакция және қаржылық ақпарат, Қарым-қатынас туралы ақпарат, Өзара әрекеттестік туралы ақпарат, Онлайн және техникалық ақпарат және Геолокация туралы ақпарат сияқты кейбір ақпаратты осы әрекеттер үшін қолдануға болғанымен, соңғы нәтиже Жеке басқа қатысты ақпаратты құрамайды.
  • Жоғарыда көрсетілгендей өзіміздің заңды мүдделеріміз және басқалардың заңды мүдделері үшін

Өнімді жетілдіруге және клиенттерге консультациялық қызметтер ұсынуға мүмкіндік беретін Жеке басқа қатысты ақпарат қосылмаған, анонимді немесе біріктірілген деректер жинақтарын жасау
  • Транзакция және қаржылық ақпарат, Қарым-қатынас туралы ақпарат, Өзара әрекеттестік туралы ақпарат және Онлайн және техникалық ақпарат сияқты кейбір ақпаратты осы дерекқорларды жасау үшін қолдануға болғанымен, соңғы нәтиже Жеке басқа қатысты ақпаратты құрамайды.
  • Жоғарыда көрсетілгендей өзіміздің заңды мүдделеріміз және басқалардың заңды мүдделері үшін

Біздің күнделікті бизнес қажеттіліктерімізге қолдау көрсету, мысалы, шотты басқару, сапаны басқару, веб-сайтты басқару, бизнес қызметтің үздіксіздігі мен апаттар салдарларын жою, қауіпсіздік және алаяқтықтың алдын алу, корпоративтік басқару, есеп беру және заң талаптарына сәйкестік, аналитика және зерттеу, келісімшарттарды басшылыққа алу және басқа келісімшарттарды басқару және сұралған өнімдер мен қызметтерді ұсыну*
  • Байланыс ақпараты
  • Транзакция және қаржылық ақпарат
  • Қарым-қатынас туралы ақпарат
  • Өзара әрекеттестік туралы ақпарат
  • Бизнес клиент деректері
  • Болжалды және туынды ақпарат
  • Онлайн және техникалық ақпарат
  • Аудио және визуалды ақпарат
  • Мемлекеттік мекеме беретін идентификациялық нөмірлер
  • Геолокация туралы ақпарат
  • Кәсіби және жұмыс туралы ақпарат
  • Талаптарға сәйкестік туралы ақпарат
  • Сізбен жасасқан келісімшарт талаптарын орындау үшін
  • Дүниежүзінде бізге қолданылатын заң және нормативтік актілер талаптарын орындау
  • Жоғарыда көрсетілгендей өзіміздің заңды мүдделеріміз және басқалардың заңды мүдделері үшін
Мүмкін болса, сіздің келісіміңізбен жеке басқа қатысты ақпаратты да өңдейміз. Мысалы, сіздің келісіміңізге сенім артып, заң бойынша талап етілген жағдайда, сізге жарнамалық хабарландырулар жіберуіміз мүмкін.

«Күнделікті бизнес мақсаттарға» мынадай бизнес мақсаттар және жеке ақпарат қолданылуы мүмкін соған ұқсас мақсаттар кіреді:

Жеке басыңызға қатысты ақпаратты мына заңды тұлғаларға жарияланады:

  • Біздің еншілес компаниялар;
  • Бізге қызмет көрсету мақсатында жұмыс істейтін қызмет провайдерлері;
  • Төлемдер жасау үшін, алаяқтық әрекеттер мен қауіптерді басқару үшін, өнімдер мен қызметтерді ұсыну және әзірлеу үшін және Күнделікті бизнес мақсаттарымызға қолдау көрсету үшін қаржы мекемелері, сатушылар, төлем жүйелері және тиісті құпиялықты сақтауы қажет және пайдалану бойынша шектеулері бар басқа үшінші тараптар;  
  • Біздің онлайн жарнамалық бағдарламаларымызға cookie файлдары және соған ұқсас құралдар арқылы деректер жинап, бізге көмектесетін жарнамаға қатысты үшінші тарап серіктестері;
  • Мемлекеттік агенттіктер;
  • Агенттіктерді жұмысқа тарту және сілтемелеріңіз (Кәсіби және жұмыс туралы ақпарат үшін); және
  • Сіздің компанияңыз және оның еншілес компаниялары (Бизнес клиент деректері үшін).

Сонымен қатар заң бойынша талап етілгенде (мысалы, құқық қорғау органдары, реттеуші органдар немесе соттар талап еткенде) немесе біз бизнес активтерді сатқанда немесе тасымалдағанда, келісімшарттағы талаптардың орындалуын қадағалағанда, мүлкімізді немесе құқықтарымызды, басқа адамдардың қауіпсіздігі мен мүлкін қорғағанда немесе тексерулер, талаптарға сәйкестік талаптары және корпоративтік басқа тарапынан талап етілгенде жеке басқа қатысты ақпаратты жариялауымызға тура келеді.