-
Алматы метросында жолақыны Visa арқылы тез әрі жанаспай төлеңіз
Visa Алматы метрополитенінде жанаспай төлеу турникеттерінің санын көбейтуде
Қазір жолаушылар турникеттердің басым бөлігінде Apple Pay, Google Pay және басқа да цифрлы әмияндар арқылы жол ақысын төлей алады. Бұл әлдеқайда тез, ыңғайлы әрі қауіпсіз, өйткені енді қолма‑қол ақша немесе пластикалық карталарды пайдаланудың қажеті жоқ.
Метроға өту үшін турникеттегі терминалға смартфон, смарт‑сағат немесе басқа құрылғыны жақындату жеткілікті — төлем небәрі бірнеше секунд алады. Заманауи турникеттер жақын өрісті байланыс (Near Field Communication, NFC) модулі бар смартфондардан, сағаттардан және басқа құрылғылардан төлемді қабылдайды.
Жоба Visa Acceptance Platform (VAP) негізінде CyberSource (CYBS) шешімдерін пайдалана отырып іске асырылды, Visa платформасы Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс пен Африка өңірі елдерінің ішінде метрополитенде алғаш рет енгізілуде. Технологияның негізінде төлемдерді көлік жүйелерінде масштабтауды, ақауларға төзімділікті және жоғары қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ететін Visa Acceptance Platform платформасы жатыр. Қолданылатын токенизация технологиясы банк картасының деректерін бірегей цифрлы токенмен алмастырады, бұл төлем сәтінде картаның нақты деректері берілмейді дегенді білдіреді. Әрбір транзакция пайдаланушы құрылғысының биометриясы немесе коды арқылы расталады, бұл қоғамдық көліктегі цифрлы төлемдердің қауіпсіздік деңгейі мен оларға деген сенімділікті қосымша арттырады.