Интернет-дүкенді дамыту тәсілдері
Интерфейсті теңшеңіз: өнімдерді қисынды категорияларға бөліңіз, жоғары сапалы фотосуреттерді, нақты сипаттамаларды, жаңартылған бағаларды / акцияларды пайдаланыңыз.
Жеңілдетіңіз: клиенттеріңізді артық батырмалармен және ашып отыратын парақшалармен қинамаңыз. Негізінде клиенттің 4-6 рет шерту арқылы затты сатып алу мүмкіндігі болуы тиіс.
Бірізділік сақтаңыз: брендинг (логотиптің, түстердің, дауыс үнінің) жүйелілігін сақтаңыз. Интернет-дүкеніңіз клиенттеріңіз үшін сіздің бизнесіңізбен өзара әрекеттесетін жалғыз жер болуы мүмкін.
Жеткізілім мен дистрибуция маңызды: жұмысты іске асырмас бұрын жеткізу мен дистрибуция процестерінің реттелгеніне көз жеткізіп алыңыз.
Жеткізілімді сынап көріңіз: егер сіз мердігер-дистрибьютермен жұмыс істеп, келесі күні жеткізіп беруді ұсынатын болсаңыз, онда жеткізуді күні бұрын сынап алғаныңыз абзал.
Процестерді автоматтандырыңыз: тапсырыстарды растау, шот-фактуралар мен түбіртектерді, жеткізілім туралы хабарламаларды алу және кері байланыс хабарламаларын растау үшін поштада автоматтандырылған жауапты ретке келтіріп қойыңыз.
Қырағы болыңыз: жаңа қауіп-қатерлердің алдын алу үшін қауіпсіздік теңшелімдері мен есептерді тұрақты тексеріп отырыңыз.
Тексеруді жоспарлаңыз: өнімнің өзекті, бағалардың дұрыс, ал сілтемелердің әлі де белсенді екенін тексеру үшін кесте құрыңыз (апта сайын немесе ай сайын). Оған қоса, төлемдердің белсенділігі мен жазылымдардың қауіпсіздігін тексеруді ұмытпаңыз.
Талдау жасаңыз, сосын теңшеңіз: сайтыңыздың аналитикасы мен есеп-қисабына талдау жасау үшін уақыт табыңыз. Белгілі бір парақшада батырма іске қосылмаған болса, сатып алудан бас тарту көрсеткіші жоғары екенін анықтауыңыз мүмкін. Кез келген сайт үнемі ретке келтіріліп, жетілдірілуі тиіс.
Өзіңіз туралы ақпарат таратыңыз: алдағы сатылымдарға жоспарлаған немесе шегерім беретін акциялар туралы ақпаратты клиенттерге жіберіңіз, бұл адамдарды тартуға көмектеседі.