Visa диджитал-суретшілерге арналған «City art by Visa» байқауын жариялайды

Visa көп жылдан бері жас дарындарды қолдап, олардың жетілуіне, танылуына және өз мақсаттарына жетіп, дарынын ашуына көмектесіп келеді. Өзіңді танытудың осындай мүмкіндіктерінің бірі  — Visa диджитал-суретшілерге арнап өткізетін байқау.

Жеңімпаздардың жұмысын Астана қаласының тұрғындары өз қаласындағы бибордтардан, сондай-ақ тамызда Астанада өтетін келесі Пикник by Partners-тен көре алады.

Қатысу жолы:

  • «Қазақстан қаласына/қалаларына деген махаббат» тақырыбын 2D немесе 3D-де PDF, TIFF, JPEG-те 9:16 форматта бейнелеңіз.
  • Қатысу өтінішін 2023 жылғы 23 шілдеге дейін келесі электронды поштаға жіберіңіз: [email protected]. Өтініште жасыңызды, тұратын қалаңызды, кері байланыс үшін байланыс деректеріңізді PDF форматта немесе хат мәтінінде жіберіңіз, жұмысыңызды және ойыңызды жеткізетін сүйемел хатты (150 сөзге дейін)  қоса жолдаңыз.

2023 жылғы 24 - 31 шілдеде модерация және финал қатысушыларын іріктеу болады. 1 тамызда финалға қатысатын 10 үміткерді іріктейміз, олардың жұмысын Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары Instagram желісіндегі @visakz_official парағымыздан көреді.