Демеу — Visa-ның пәлсапасы! Біз ерекше байланыс онатып, бүкіл әлемдегі адамдарды біріктіретін іс-шараларды қолдаймыз.

Демеу кезінде Visa ерекше шабыт беретін іс-шараларды — Олимпиада және Параолимпиада ойындарынан музыка байқаулары мен сән және заманауи өнер саласындағы іс-шараларға дейін қолдау көрсетеді. 

Диджитал-суретшілерге арналған байқау серіктесі

Visa жас дарындардың даму мен әртүрлі өнер түрлерін танытудағы талпынысын қолдайды. Біз үлкен әрі табысты еңбек жолындағы алғашқы қадам жасауға мүмкіндік бере отырып, жаңа есімдерді танытуға көмектесеміз.

Сондай мүмкіндіктердің бірі — Пикник by Partners-тың қолдауымен өтетін диджитал-суретшілерге арналған байқау

«Целинный» заманауи өнер орталығымен бірлескен жоба — Re-Practice білім бағдарламасы

Visa мен «Целинныйдың» заманауи өнер саласындағы жас дарындарды іздеуге, ашуға және қолдауға арналған алғашқы бірлескен жобасы. Білім бағдарламасының басты назарында өнер мен жаңа технологияның эксперименталды нысандары. Сондай-ақ ынтымақтастық аясында орталықпен бірге әртүрлі білім және заманауи өнердің: видео мен дыбыс инсталляциясы, анимация, туындату өнері бағытындағы жаңа нысандарын негізге алатын көрме жобалары өткізіледі. 

OYU Fest музыка фестивалінің бас серіктесі

OYU Fest — қазақстандық әртістер, дәстүрлі стильдегі ойын-сауық, жергілікті бизнесті қолдау және қала мен қала тұрғындарының мәдениетіне қосылған орасан үлес. Осындай ауқымды, маңызды құрамдас бөлігі бар оқиғаларға қатысқанымызға және музыка әлемінде үлкен жол бастаған қазақстандық жас әртістерді қолдауға және ілгерілетуге көмектескенімізге қуаныштымыз.

Киім топтамасын бастауға және Visa Fashion Week Almaty VIII байқауына қатысуға грант

Visa жас сәнгерлерге жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың өз дарынын бүкіл елімізге паш етуіне арналған платформа жасайды. «Next designer award. Empowered by Visa» байқауы — жас сәнгерлерге тамаша мүмкіндік, мұнда барлық жан өз киім топтамасын бастауға және келесі Visa Fashion Week Almaty байқауына қатысуға грант алу үшін сайыса алады, ең бастысы -  жоба кураторларынан бағалы білім мен тәжрибе алып, өз fashion-жолын дамытуға тағы бір серпін иеленеді. 

Теннистен «Astana Open» ATP 250 халықаралық турнирінің серіктесі

Visa үшін спорт жай ғана физикалық жүктеме мен тәртіптен әлдеқайда артық. Ол өмір салты және бүкіл әлемдегі орасан комьюнити! Астанада 2023 жылғы 26 қыркүйек пен 3 қазан аралығында теннистен өтетін халықаралық турнирдің серіктесі болғанымызға қуаныштымыз және оны мақтан етеміз.

Турнир аумағында Visa алаңы болады, кез келген жан сол жерде естелікке 360 форматында фотоға түсіп, олимпиадалық брендті символикалық сыйлық: шопперлер, құмыралар мен қолшатырлар ұтысына қатыса алады!


Visa and Worldwide Olympic and Paralympic partner logo.

Mikaela Shiffrin, Team Visa - ©Getty Images - All rights reserved

Mikaela Shiffrin, Team Visa — ©Getty Images — Барлық құқықтары қорғалған

Visa Logo and FIFA Women's World Cup 2023 logo with byline "Worldwide Partner of thee FIFA Women's World Cup 2023".

Visa and NFL logo.